Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Сұраулы сөйлем

Сұраулы сөйлем

Майнур Рахымберлина

Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға мағынасына қарай сөйлемдердің хабарлы, сұраулы, лепті болып бөлінетіні туралы білім беру; Сұраулы сөйлемнің жасалу жолдарын түсіндіру.

Дамытушылық: Ой қозғау стратегиясын пайдалана отырып, оқушыларды сұрақ қою арқылы жан-жақты ойлауға үйретіп, сауатты жазуға дағдыландыру. Тіл байлығын, сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды әдептілікке баулу, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, алған білімдерін пайдалана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ауызша, жазбаша, сұрақ-жауап, тексеру, әңгімелесу, ойын, көрнекілік.

Сабақтың көрнекіліктері: Оқулық, суреттер, ойын элементтері, сызбалар, интерактивті тақта, суреттер,

Сабақтың өтілу барысы:

  • Ұйымдастыру бөлімі.
  • Психологиялық даярлық.
  • Үй тапсырмасын тексеру.
  • Үй тапсырмасын бекіту.

“Мен бастаймын, сен жалғастыр” ойыны

  • Жаңа сабақты түсіндіру.
  • Оқулықпен жұмыс.
  • Сергіту сәті.
  • Бейнесөз шешу
  • Жаңа сабақты бекіту.
  • Оқушыларды бағалау .
  • Үйге тапсырма.
  • Ұйымдастыру бөлімі.

— Оқушылармен сәлемдесу

— Назарын сабаққа аудару

  • Психологиялық даярлық

Күн көзіндей күлімдеп,

Көңілді болып жүрейік.

Қазіргі болар сабаққа

Жүректен ақ жол тілейік!

  • Үй тапсырмасын тексеру.

— 179-жаттығу 2-3оқушыға құрап  келген әңгімелерін оқыту;

— Оқушылардың жазба жұмыстарын тексеру;

  • Үй тапсырмасын бекіту.

“Мен бастаймын, сен жалғастыр” ойыны

  1. Сөйлем аяқталған …………… (ойды білдіреді).
  2. Сөйлем сөзден ………… (құралады).
  3. Сөйлемдегі сөздер ……… (бөлек жазылады). 1
  4. Сөйлемнің бірінші ……… (сөзі бас әріппен басталып жазылады).
  5. Сөйлемнің соңына ………(нүкте қойылады).
  6. Хабарлы сөйлемнен кейін ……… (нүкте қойылады).
  7. Сұраулы сөйлемнен кейін ……… (сұрақ белгісі қойылады).

Толықтырып айтқызу

  • Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлемнен соң нүкте (.), не сұрау белгісі (?), не леп белгісі (!) қойылады.
  • Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (.) қойылады
  • Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.

Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады

  • Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады

ІІІ. Жаңа   сабақ:

  • Жаңа сабақты түсіндіру.
  1. кіріспе әңгіме
  2. Балалар тақтадағы жазуға қарайықшы, не жазылып  тұр?
  3. Кім  оқиды? (сұрақ – жауап  әлемі)
  4. Тағы  қандай  әдемдер  болады  деп  ойлайсындар? ( ертегілер әлемі, хайуанаттар  әлемі, құстар  әлемі, кітаптар  әлемі, балалар  әлемі, сиқырлар  әлемі  …)
  5.  Бүгінгі  сабақта осы  сұрақ – жауап әлеміне саяхат  жасаймыз.
  6. Балалар  тақтаның  алдынан  тағы нені  байқап отырсындар? (шарлар)
  7. Балалар  қарандар мына  шарлардың  ішінен  тағы нені байқауға  болады?
  8. Бұл не  екен?
  9. Оқушыларға  шардың ішіндегі  қағаздарды  алғызып, сөйлемді оқытып, сұрақтарға  жауап алу
  10. 1-шарда Сенің  атын  кім ? Нешінші  сыныпта  оқисың?
  11. 2- шарда Сабақтарын  нешеде  басталады?
  12. 3- шарда Сабақтан  бос уақытында не істейсің?
  13. Оқыған  сөйлемдерін қандай сөйлемдер деп ойлайсындар?  (сұраулы  сөйлем)
  14. сұрақты не үшін  қоямыз?
  1. Күн жадын жазу.
  2. Көркем жазу. ( Жж әрпін дәптерлеріңе әдемі жазу).

Жаңа сабақты түсіндіру. Тақтаға сурет арқылы көрсетілген мысалға сөйлем  құратып, хабарлы сөйлемді сұраулы  сөйлемге  айналдырып айту.

  • Оқулықпен жұмыс.

180-жаттығу өлеңді  мәнерлетіп  оқыту

Сұраулық  мағына  беріп  тұрған  сөздерді  тап ( неге)

Тақтамен  жұмыс

181-жаттығу. Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырып жаз.

Толқын кітап алды. Ол көп оқиды. Әжем ауылдан келді.

Толқын кітап  алды ма?   Ол көп  оқиды  ма?   Әжем  ауылдан  келді ме?

Бұл сөйлемдерде сұраулы мағына білдіріп тұрған сөз қайсы?

182-жаттығу. Бейнесөзді шеш.

Кітапхана

Ережемен  таныстыру

Сұраулы сөйлем жасайтын ма, ме, па, пе, ба, бе бөлек жазылады.

Апаң үйге келді ме? Асан сурет салды ма?

183-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздерді салыстыр.

1.Сабақтан кешікпе. 2. Айдос ауылдан келіп пе? 3. Ешқашан өтірік айтушы болма. 4. Қар қалың жауды ма?

Қарамен жазылған сөздердің жазылуына назар аудар.

Көшіріп  жазу  диктанты ретінде орындату

  • Сергіту сәті.
  • Жаңа сабақты бекіту

Жақшаны ашып, дұрысын жаз

Қалаға кеткендер келіп (пе)

Айтқанды түсіндің (бе)

Күн суытты (ма)

Үйге қарай жүгір (ме)

Сабаққа кешігіп кел (ме)

  • Оқушыларды бағалау.
  • Үйге тапсырма.

184-жаттығу, 68-бет

— Сабақ аяқталды!

— Сау болыңыздар!

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *