Басы » Блог » Ұшқыр ойлы жұлдыздар

Ұшқыр ойлы жұлдыздар

гулнШ. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі

 Зарыкхан Гульнар

Тақырыбы : « Ұшқыр ойлы жұлдыздар »

Сабақтың мақсаты :

  1. Пәндер бойынша өткізілген тақырыптардан алған білімдерін тексеру . Оқушылардың білімдерінің деңгейін анықтау . Білімге , ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру.
  2. Оқушылардың тіл байлық, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қиялын жүйелеу, ойлау жылдамдығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
  3. Оқушыларды ана тілін сүйетін, болашаққа үлесін қоса алатын білімді, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :интеллектуалды дамытпалы ойын сабақ

Сабақтың типі: Өтілген материалды меңгерту

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, баяндау, ізденушілік, салыстыру, әңгімелесу, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың барысы:

Сайыстың бағдарламасы

І кезең «Таныстыру». Бұл кезеңде әр топ басшылары топтарын таныстырады.

ІІ кезең «Ұшқыр ой» әр топқа 10 сұрақтар беріледі.

ІІІ кезең «Тапқыр болсаң, талас жоқ» табиғатты  дәлелдеу немесе анықтау.

Музыкалық үзіліс

ІV кезең «Тіл бәйгесі»

V кезең «Білімді мықта» математика пәнінен сұрақтар, есептер шығару.

VІ «Қортынды бөлім» (Әділ қазылар алқасы ұпай сандарын санап, қорытынды шығарады. Жеңген топ марапатталады)

VІІ «Бағалау»

Кіріспе

Мұғалім сөзі: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен ата-аналар және сайысқа қатысушы сайыскерлер. «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деп Ш. Уалиханов, «Ғылым мен майданның қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талаптану, тану, өмір мектепбінен өту арқылы» ғана оның ірі қайраткер дәрежесіне дейін көтеріледі деп Қаныш Сатбаев айтып кеткендей еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен дүниетану, ана тілі, математика пәндерінен 1-4 сынып оқушыларының арасында «Ұшқыр ойлы жұлдыздар» сайысын өткізгелі отырмыз.

Бәйге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәлім, тәрбие табар ма.

Сонымен қатар сіздердің білім деңгейлеріңізді тексеріп, әділ бағасын беретін әділ – қазылар ақасын таныстырайық:

1 – айналым  «Таныстыру» /Әр топ өздерін таныстырады/

  1. Айналым «Ұшқыр Ой» әр топқа 10 сұрақ

Мұғалім: Мәңгі бақи есте қалар

Қызықты бір жиын болсын

Білімдірек шәкірт озар

Сұрақтары қиын болсын

1 – топ  

  1. Ел сөзінің көпше түрі (елдер)
  2. 8:0  неге тең             ( 0 )
  3. «Алпамыс батыр» шығарманың қй түрі?(батырлар жыры)
  4. Қашықтықты қалай есептейміз?(жылдамдықты уақытқа көбейтеміз)
  5. «Ғажайып бақ» шығарманың қай түрі?(ертегі)
  6. Қабанбайдың азан шақыртып қойған аты?(Ерасыл)
  7. Ілік септігінің жалғаулары?
  8. 1ц де неше кг бар? (100 кг)
  9. Өзенде  үй салатын қандай аң? (андатр)
  10. Көктемнің келгенін қай құс арқылы білеміз? (ұзақ)                                                                                                                                    2 –топ
  11. Суда туып, құрғақта өмір сүреді? (БАҚА)
  12. Өрмекшіде неше аяқ бар? (8)
  13. Жылдамдықты қалай табамыз? (қашықтықты жылдамдыққа бөлеміз)
  14. 100см де неше м бар? (1м)
  15. Көксерек әңгімесінің басты кейіпкері (құрмаш)
  16. Лирика дегеніміз не? (көркем әдебиет жанрының бірі) адамның көңіл күйін, сезімін, ішкі сырын сөзбен бейнелеу)
  17. Шегіртке несімен шырылдайды? ( аяғы мен қанатын үйкелеу арқылы)
  18. Қай жануар өз үйін өзімен алып жүреді? (тасбақа)
  19. Сөз таптары нешеу? (8)

3 –топ  

  1. Дүние жүзінде ең кішкене жылқы? (пони)
  2. Ең үлкен хайуан (кит)
  3. Дүние жүзіндегі халықтың саны ең көп мемлекетті ата (Қытай)
  4. Бастауыштың қимылын білдіретін сөйлем мүшесі (баяндауыш)
  5. Кітап-білім…(бұлағы)
  6. 20 литрлік бір шелек 5 литрлік шелекпен қанша рет толтырылады?(4)
  7. Уақытты қалай табамыз?(қаш-ты жылд. Бөлеміз)
  8. Барыс септігінің жалғаулары
  9. 900:3 (300)
  10. Туған жер өлеңінің авторы «Қасым Аманжолов»

3.Айналым «Тапқыр болсаң талас жоқ» Кез-келген бір үлестірмелі сұрақты аласын оған себебі немесе өйткені деген сөздерді қосып дәлелдеу.

  1. Мен аққуға ұқсағым келеді. Өйткені ол әдемі, сұлу құс. Аққуды атпайды.
  2. Мен гүлге ұқсап, жайнап тұрғым келеді, себебі гүл әдемі, адамға қуаныш сыйлайды.
  3. Мен табиғатта бұлбұл сияқты әнші болғым келеді.
  4. Мен күн сияқты адамдарға жарық, жылу бергім келеді.
  5. Мен табиғатта бүркіт құсқа ұқсағым келеді. Себебі ол сияқты батыл болғым келеді.
  6. Табиғатта мен ағашқа ұқсағым келеді. Себебі адамдарға көлеңке береді.
  7. Табиғатта мен қарлығашқа ұқсағым келеді. Себебі ол адаммен дос.
  8. Тоқылдаққа ұқсағым келеді – себебі ол орман емшісі.
  9. Сауысқанға ұқсағым келеді. Себебі ол сақ.
  10. Айға ұқсағым келеді. Себебі айдай сұлу болсам.
  11. Аққуға ұқсағым келеді себебі ол – адал.
  12. Көбелекке ұқсағым келеді, себебі көбелектей әдемі болсам.

13.Тауға ұқсағым келеді, себебі таудай биік болсам.

  1. Суға ұқсағым келеді, себебі судай мөлдір таза болсам.
  2. Шөпке ұқсағым келеді, себебі шөптей жасыл боп жайнап жүрсем.
  3. Табиғатта мен ауаға ұқсағым келеді, себебі табиғаттың бәрі ауамен демалады.

ІV кезең «Тіл бәйгесі»

Ә. Мақалды аяқта

1.Жұмыла көтерген жүк жеңіл

2.Ағаш тамырымен, адам досымен мықты

3.Туған жер –тұғырың туған ел – қыдырың

4.Жүзден біреу шешен, мыңнан біреу көсем

  1. Егіннің жайын еккен білер

Арбаның жайын жеккен білер

6.Түйенің үлкені

Көпірде таяқ жейді.

Топ басшыларына тапсырма Сырлы сөз Мақалды аяқта

1) Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.
2) Бес бармақ жиналса, жұдырық болады.
3) Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жетеді.
4) Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
5) Жүз сомын болғанша, жүз досын болсын.
1) Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.
2) Бес бармақ жиналса, жұдырық болады.
3) Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жетеді.
4) Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
5) Жүз сомын болғанша, жүз досын болсын.

— Ал ендеше, балалар, табиғат туралы жұмбақтар білесіңдер ме?
Жұмбақтар шешу.
Құрғақ жерде сақтайсың,
Онсыз тамақ татпайсың. (тұз)
Жұрттың бәрі соны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді. (күн)
Бір нәрсе бетінде жоқ, ой менен қыр,
Өзіңнің кіндігінен айналып жүр.
Өзіне назар салып қарасаңыз,
Келбеті жер жүзінің көрініп тұр. (глобус)
«Айт» десе, жүгірмес,
Су тисе, сілкінбес. (шөп)
Жазда жатсаң — көлеңкесіне алады
Қыста жақсаң — жаның рахат табады. (ағаш)
       5-Айналым    «Білімді мықта»

1-топ

1.Ұзындық бірліктерін ата
2. Екі нүкте арасын қосқанда не пайда болады?/ кесінді/
3. 9 =81
4. Қосу амалдарының компоненттерін ата?
5. а= 2 см, в=4 см / тік төртбұрыш S=? /8см/
6. 350-150 дің айырмасы нешеге тең? /200/
7. 1м-де неше см бар /100/
8. Х+30=60 /х тің мәні нешеге тең= 30
9. Қуат 1 күнде кітаптың 5 бетін оқыды. Осы қарқынмен 3 күнде неше бетін оқиды.
10. 64 қай санның квадраты 8

2-топ
1. Жеңіс қай күн / 9 мамыр/
2. 1ғасырда неше жыл /100ж/
3. Ең үздік баға

1. Уақыт бірліктерін ата/ мин, са,ғат, секунд апта, тәулік/
4. Мыңда неше нөл бар?/3/
5. 10 =100
6. Азайтудың компонеттерін ата
7. а=6см, в=3см/тік төртбұрыш S= ? см /18 см/
8. 750-350дің айырмасы =400
9. 1т неше кг бар? /1000 кг/
10. Х+40=80 /х тәі мәні нешегі теің/40/

3-топ
1. Алмас 1 сағ 4 км жол жүрді осы қарқынмен жүрсе 3 сағатта неше км жол жүреді. /12 км/*
2. 49 қай санның квадраты  7
3. Тәуелсіздік мерекесін қай күні тойлаймыз /16 желтоқсан/
4. 1 жылда неше ай бар /12 ай/
5. Ең нашар баға
6. Туған күнің қай күн?
7. Аш қарында 3 жұмыртқа жеу мүмкін бе? /жоқ/
8. 5 сыныпта жасың нешеде болады?
9. 5 пен 3 –тің көбейтіндісі нешеге тең?
10. Көбейтудің компоненттерін ата.
 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *