Басы » Блог » «Еркіндік бастауы – ерлікте »

«Еркіндік бастауы – ерлікте »

Есір Айшуақұлы атындағы орта мектеп

Сисенбаева Сара

Тақырыбы:«Еркіндік  бастауы – ерлікте »

Мақсаты :  Оқушыларға 1986 жылғы желтоқсан оқиғасында жазықсыз қыршын  кеткен құрбандарды қашанда құрметпен еске алу керек екендігін баяндау, оқушыларды қазақ еліне деген сүйіспеншілігін арттыру ,туған жерін, отанын сүюге шақыру ,қалыптасып қалған әкімшілік –әміршілдік тоталитарлық режимге қарсы бас көтерген қазақ жастарының ерлігіне құрмет ету. Оқушылардың дербес жұмыс істеуін,сөйлеу қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізуге ,тарихи фактілерді саралап олардың себеп –салдарын анықтауға ,тарихи оқиғаларды есіне сақтауға дағдыландыру.

Түрі :Сыныптан тыс ашық тәрбие сағаты

Әдісі :Өлең,сахналық көрініс көрсету

Көрнекілігі:Шарлар,желтоқсан құрбандарына арналған кітаптар,плакаттар

Жүргізуші:Құрметті ұстаздар, оқушылар. Сіздерді еліміздің ең атаулы мерекесі -16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық ,отбастарыңызға амандық тілейміз! 2 «Ә» сыныбының дайындаған «Еркіндік бастауы -ерлікте» атты мерекелік кешіне қош келдіңіздер!

Балалар хормен »Тәуелсіздік күні құтты болсын !

Сан тарихтың  парақтарын ақтарды ,

Тәуелсіздік туы көкте желбіреп.

Барлық қазақ азатпыз деп мақтанды ,

Жас жүрегім жалындайды елім деп .

Келер күнге мен де қанат сермедім

Тербеледі бейбіт өмір есігі.

Қайрат,Ләззат,Сабира,Ербол сынды ерлердің

Ел есінде сақталады есімі .

1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі – XX ғасырдағы айтулы   оқиға.Ол халық жүрегінде мәңгі сақталады .

1.Оқушы  Бұрқатып өткен бұл халық мұңы ,

Бір дәуір сынды жыл болды ұлы

Желтоқсан таңы жадырап қайта

Ғасырдың  бүгін нұрланды күні .

2.Оқушы  Желтоқсан таңы дірілдеп ызғар

Жүректе жылы үміт пен ізгі ар

Ақ құстай бейбіт орманы самғап

Алаңға шықты жігіттер ,қыздар.

Желтоқсан басталуы – ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір елесі.

16 желтоқсан !Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын ,әрі қаралы, қасіретті күн еді.

3.оқушы Дауылға желтоқсанның желі айналды,

Ашу мінді Алатау кәрі,айбарлы,

Күтпеген іс ақыры не болды, деп

Күллі әлем Алматыға қарай қалды.

4.оқушы  Кез емес жаугершілік «аттан» атты,

Алаңның исеруі емес салтанатты,

Қытымыр қыстың басы сол бір айда

Желтоқсан әлемі әлемді жалт қаратты.

  Көрініс (Сахнаға екі студент шығады бірі жігіт,бірі қыз.Қолдарында конспект дәптерлері бар. )

Жүргізуші: 1986 жылы 16 желтоқсан.Қайрат Рысқұлбеков өз курстасы  Жанармен  кездеседі.

Жанар:Қайрат,сен естідің бе? Кеше Қонаев ағамыз орнынан алыныпты дейді.

Қайрат:-Қойшы,рас айтасың ба?Кімнен естідің?

Жанар:-Кеше куратор ағайдан естідім.Бүгін Брежнев алаңына көп адам жиналысып жатыр дейді.

Қайрат:-Неге?Неліктен?

Жанар:-Қонаевтың орнына Ресейден бір орыс келіпті дейді.Халық наразылық білдіріп жатқан көрінеді.Куратор ағай ол жаққа бармаңдар деп ескертті.

Қайрат:- Қой ,біздің мұнда тығылып қалғанымыз дұрыс болмас. Жүр кеттік!Тез барайық.

Жүргізуші:Сол бір суығы ерте түскен қыс кездерінде,тоқырау тажалының ызғарында аяусыз тапталған ар-намыстың ышқынған дауысы құлағымызда әлі де шыңылдап тұрғандай.

5.оқушы Желтоқсан Алматыда ақ қарада

Алма бақтар ақ қырауға батқанда,

Күңірене күн күркіреп тау жақтан,

Жайдың оты жалаң қақты шатқалда.

6.оқушы Аппақ қала,аппақ ғалам

О,тоба!

Найзағайлар қар жалап тұр жотады.

Бұлтты иітіп боздайды боз шынарлар

Бұйдаланған ұқсас жетім ботаға,

8.оқушы Кім көріпті озаман да,бұ заман ,

Найзағайды көк аязға құлаған

Кеуделерді  үрей – бөрі ұлыды.

Болсайшы аман ,мына ғалам ,дін аман!

Алаңда жастар бейбіт, жайбарақат.Қолдарында «Қазақ ежелден еркіндік аңсаған » деген транспоранттары бар.«Қазақстан жаса» деген дауыстар естіледі.Әскери адамдар баса-көктеп ,алаңдағы жастарды ұрып –соға бастайды.Шеруді қуғындау басталады.Демонстрацияшыққан жастарға “ұлтшыл’’, “бұзақылар”,   “ішкіштер ”, “нашақорлар ” деген жала жабылады.

Демонстрацияны басу үшін 70 мың солдат апарылады.Олар қазақ жастарын ұрып-соғып,қорлап аюандық жолмен азаптады,бірнеше адамға ату жазасын кесіп,қаншамасын темір торға тықты.

Көрініс.Темір тордың ішінде ҚАЙРАТ өлең жазып отыр.

Қайнама қазақ қамы үшін ,

Қарусыз шықтық алаңға.

Алыстан әскер алдырып ,

Қырып салды-ау табанда

Сөйлесем дауысым  жетпейді,

Кез болдық мынау заманға

Шовинизм еді ғой,

Басты себеп жанжалға.

Осы кезде камераға кезекші келеді.Сот залына алып келеді.

Сот: — Қазақ  Кеңес Совет Республикасының жоғарғы соты үкім етеді.Қылмыскер Қайрат Рысқұлбеков Совицкийдің өліміне байланысты және 9  автомашинаны өртеп,152 автомашинаны зақымдап,326 милиционер мен196 әскерді жаралап,ауруханаға түсуіне қатысты деп тауып,ату жазасына үкім шығарды.

Қайрат Рысқұлбеков: —Жоқ ,бұл әділдік емес!

Апасы: — Бұл үкім дұрыс емес .Менің балам ақ , ол қылмыскер емес.

Хатшы: — Тынышталыңдар. Орындарыңызға отырыңыздар.

Сот : — Қайрат Рысқұлбеков, ақтық сөзің бар ма ?

Қайрат:Бар.

Күнәдан таза басым бар

Қазақ деген атым бар

21-де жасым бар

Қасқалдақтай қаным бар

Бозторғайдай жаным бар

Алам десең  алыңдар

ҚАЙРАТ деген атым бар

Қазақ деген затым бар

Ерке тоқты қырбандық

Атам десең  атыңдар

Мен не етермін, не етермін

Мен келмеске кетермін

Көрмеген қош бол таңдарым ,

Көре алмай мен өтермін

Хош аман бол артымда ,

Ағайын –туыс , азамат ,

Артымда  қалған ата –анам ,

Ел жұртым саған аманат!

Қайраттың  анасы :Шырақтарым кешіріңдер ! Ол әлі жас қой ! Кешіріңдер, балаларым ! Сендердіңде балаларың бар шығар ? Мен — анамын ,ақ жаулығымды сыйлаңдаршы ? Оның атынан кешірім сұраймын .Кешіріңдер!

Қайрат :     Көтер ана ,көтер ана басыңды .

Өтті ,кетті жауынды күн жасыңды

Қазақпыз ғой мың өліп , мың тірілген ,

Мына иттерге көрсетпе көз жасыңды !

Кешір ана , жан едің ғой тамаша ,

Арым үшін түстім, рас араша

Қалай ғана дәтім шыдап тұра  алам

Ұл –қызыңды қанішерлер таласа ,

Арым үшін түстім , рас, араша

Араша!

« Қара бауыр қасқалдақ » әні орындалады.

Кеңес Совет Республикасы одан жоғары  кеңесі Президизмінің шешімінен 1988 жылдың 28 сәуірдегі жарлығымен  ҚАЙРАТ РҰСҚҰЛБЕКОВке кешірім жасалып,

20 жыл бас бостандығынан айырумен ауыстырды . Алайда бұл хабар Қайратты қуанта алған  жоқ .Мынау Қайраттың анасына жазған соңғы хаты ! ( қайраттың хаты сахна сыртынан оқылады).

« Міне өздеріңіз естігендей ату жазасын 20 жылға ауыстырды .Бұл әрине біреуге қуаныш біреуге азап .Өз басым бұл үшін қуанғам жоқ , өйткені , асыл анашым, түсініңізші! Мен сорлы бұл тас зынданда жазықсыздан жазықсыз еш отырғым келмейді . 11 ай ішінде жүйке тамырым жұқарды . Әбден шаршадым . »

1988 жылы  21 – мамырда Семей қаласындағы түрменің 21-камерасында Қайрат 21 жасында «өз – өзін  өлтірді» деген атпен құпия түрде қаза тапты.

Хор. « Желтоқсан желі »

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын –қыстау кезеңдерді бастан кешірді . Мыңдаған жылдық тарихы бар , Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады .

16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып ,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды .

« Қара жорға »  биі

3  Қатар шапқан қос тұлпар ,

Ай астында қазақ үй .

Қалықтаған жас сұңқар ,

            Шарықтаған  таза үй

Бұл таңбасы елімнің

Елдігімнің белгісі .

  1. Тәуелсіздік күні үшін

Өмірлерін қиды шын .

Атап айтсақ оларды

Қайрат , Ләззат , Сәбира

Деген ару азамат

Шықты ортаға айқайлап

«Оян қазақ » тіріл деп!

«Адай»биі

  1. Көгінде күн нұрын төккен ,

Жерінде гүл жұпар сепкен .

Неткен сұлу ,неткен көркем ,

Осы менің туған өлкем .

  1. Шұғылалы таңымыз ,

Қазақ жері бағымыз .

Қойнауынан мөп – мөлдір ,

Сусындайды жанымыз.  

ХОР.  « Жасыл жайлау »

Міне, біз бүгін Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні мерекесін атап өттік.Мереке баршамызға тағы да құтты болсын .Біздің бүлдіршіндеріміз елін ,жерін қорғайтын  зерек те , білімді балалар болып өссін . Тәуелсіздігіміз , еркіндігіміз  мәңгі болсын !

Көріп , тамашалағандарыңызға рахмет!

[bws_related_posts]

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *