Басы » Баяндамалар » ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТІҢ БІР ТҮРІ ІСКЕРЛІК ОЙЫН

ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТІҢ БІР ТҮРІ ІСКЕРЛІК ОЙЫН

Атырау қаласы, Махамбет ауданы

Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық

колледжінің өндірістік оқыту шебері

Мукашева Гульжиян Гизатовна

 ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТІҢ БІР ТҮРІ ІСКЕРЛІК ОЙЫН.

 Интербелсенді әдістеме- өзара әрекеттесу, әрекет арқылы үйрену, яғни үйрету. Көптеген белсенді оқыту әдістерінің ішінде өндірістік оқытуда қолдануға ыңғайлысы біздің ойымызша, іскерлік ойындар. Іскерлік ойын-шешілетін ситуацияның, есептің немесе мәселенің дамуы барысының реттілігіне сәйкес кеңейтілген қозғалыстағы дамуы міндеттілігі сақталған, шынайы жағдайға модельдеу арқылы жақындатылған мамандық қызыметіне үйрету тәсілі. Іскерлік ойындар студенттерді болашақ мамандығына жақын нақты жағдайдың моделіне кіргізеді. Интербелсенді әдістерді қолдану білім алушы мен білім берушінің арақатынасын мықтай түседі. Ол үшін мұғалім ізденімпаз, талапшыл, тапқыр болуы керек. Мұғалім бағыттаушы, ал студент орындаушы болуы қажет. Дегенмен білім алушының өзі де ықылас пен ынта танытуы керек.  Ұстаз қаншалықты керемет болса да, оқуға ынтасы мен қызығушылығы жоқ студентті үйрете алмайды.

«Қандайлық жақсы және кәсіби болса-дағы бірде бір оқытушы, егер студенттің өзі кәсіби, жоғары білікті маман болғысы келмесе, оны ештеңеге үйрете алмайды»-делінген Елбасы Н.Ә. Назарбаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқыған «Инновациялар мен оқу- білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» атты лекциясында осы мәселені дәлелдеп берген.(Н.Назарбаев Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына. Егемен Қазақстан 2006 жыл мамыр)

Жаңа оқыту технологиясы, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үрдістерді: яғни, жадының алуан түрлерін- есту, көру, қимыл және тағы басқа ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша тілінде) дамытуға бағытталуы Интерактивті оқудың басты мақсаты-білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап таба білуге үйрету. Еліміз дамудың демократиялық жолын таңдап алған қазіргі заманда жастарды өз бетінше шешім таба білуге үйрету заңды құбылыс. Бұл күнделікті аудиториядағы жұмыстарға да қатысты: бала сабақ кезінде мейлінше белсенділік танытуы тиіс. Осындай, білім алушылардың белсенділігін артыруға мүмкіндік жасайтын әдістемелік амалды интерактивті деп атайды.

Интерактивті әдіс кезінде:

— сабақ үстінде білімалушылар мен мұғалімдер арасында тығыз қарым-қатынас орнайды;

— ондай қарым-қатынас білімалушылар әлдебір мәселені талқылап, соның шешімін табуға тырысқан кезде қалыптасады;

Онда білім алушылардың жауабынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды болады. Себебі интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі сол-білімалушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету. Интерактивті әдістеме өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды. Интерактивті әдістің ерекшелігі — бала өзгелермен араласу барысында ашыла түседі, көбірек оқып, тәжірибе жинай білуі керек. Тәжірибе интелектуалдық тәуелсіздіктің негізі болып табылады және барлық өркениетті азаматтың қажетті құралы десекте болады. Интерактивті әдістеме білім алушылардың мынадай мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді:

  • олар мол мағлұмат алып, өздері айтқан пікірге логикалық түсініктеме беруге жол ашады;
  • өз пікірлерін терең ойланып, айта алатын болады;
  • мәселені талқылаған кезде бұған дейін алған, тәжірибеде жинақтаған білім қорын пайдалана алады;
  • бір-бірінен жаңа мағұлматтар ала отырып, білімін толықтыра алады;
  • шындыққа көз жетуі үшін дәлел іздеп, ойын анықтап көрсете алады.

Интерактивті әдісте таным қабілеттерінің мынадай түрлері қолданылады:

1) фактілерді еске алу;

2) ойлану;

3) алған білімін жаңа жағдайға пайдалану;

4) талдап, синтездеп үйрену (бір ортақ шешімге жету үшін, барлық идеяларды біріктіру);

5) баға беру (сапасын анықтау).

Бұл әдіс осылай жастарды жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына жол ашады. Бұл ретте ең алдымен оқытудың формалары мен түрлерін, әдістерін түрлендіріп, жаңартып отыру, білім беру ісін технологияландыру (озық техникаларды, мысалы: ғаламторды, интерактивті тақтаны электронды оқулықтарды т.б. пайдалану) керек. Ең бастысы білім алушыларды оқу әрекетінің субьектісі ретінде дамуын қамтамасыз ету керек. Олардың оқу әрекеттерін ынталандыруда барлығының көзқарастарына көңіл бөлу керек, пікірлеріне шынайы қызығушылық танытып, келісуі оларды белгілі бір шешім қабылдауға мәжбүрлемеу, пікірлерін сынауға, жоққа шығаруға, кемсітуге жол бермеу керек. Интерактивті әдіс кезінде мыналар ескерілуі керек:

—     тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы керек;

—     тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау керек;

—     оған өзіндік даралығын көрсетуге мүмкіндік жасау керек;

—     педагогикалық қолдау көрсету.

Бұл мақсатқа жетудің тиімді жолының бірі-сабақта оқытудың интерактивті әдісін           қолдану болып табылады.

Интерактивті оқыту-бұл ең алдымен студент пен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып табылады.

Интерактивті оқыту-бұл танымдық әрекеттің арнайы ұйымдастыру формасы.Ол толық    айқындалған және мақсатын алдын ала болжауға болатын оқыту түрі. Сабақтағы     интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке,қатысушылардың әрқайсысына

қажет міндетті бірлесіп шешуге алып келетін-ұйымдастыру және қарым-қатынас    жасауды, дамытуды ұсынады.

Оқытудың интерактивті әдістерінің артықшылығы:

  • тұлғаның қызығушылығын туғызады;
  • әрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;
  • әрбір тұлғаның сезіміне назар аударады;
  • оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;
  • тұлғаға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;
  • тұлғаның пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;
  • мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.

Интербелсенді (интерактивті) оқыту кезінде студенттің істі ұйымдастыра білу қабілеті де көрінеді. Интербелсенді әдістермен сабақ өткізу кезінде мұғалім тек кеңесші, серіктес ролін атқарады. Мұғалім жаңа біліммен бірге студенттерді өз беттерінше ізденуге жетелейді. Мұғалім белсенділігі белсенділікті қамтамасыз ететін оңтайлы жағдай тудыру ғана болып қалады.

Интербелсенді тәсілдерді ойын түрінде ұйымдастырылған сабақтар студенттің зерттеушілік, шығармашылық ізденістерін, қарапайым нәрседен ой тұтатып, қиял әлеміне шомылып, кез-келген нәрсеге өз ұсынысын еркін жеткізе білетін  қабілеттерін дамытып, құзыреттіліктерін қалыптастырады.

Интербелсенді әдістерді қолдану бүгінгі күннің талабы, себебі қазіргі қоғам талабына сай, тұлғаның ой-өрісін дамыту, біліктері мен шеберліктерін қалыптастыру, оны өз тәжірибесінде, жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, ой дербестігін кеңейту, заман сұранысына сай ізденімпаз, шығармашыл тұлғасын қалыптастыру қажет. Жалпы, жаңарған оқыту құрылымы мен ұйымдастырылуы студенттердің қызығушылығы мен қабілеттеріне, рухани дамуына, олардың өмірлік жоспарларының жүзеге асырылуына бағытталған, көп вариантты және икемді болуы қажет.

Интербелсенді тәсілдерді ойын түрінде қолданудың сапалық нәтижелері:

  • берілген ақпаратты қарастыра отырып, ондағы көрсетілмеген жақтарын анықтау;
  • үйренген білімді дереу қолдана білу;
  • әр тұтас бөлшектердің ішкі құрылысын білу үшін бөліктерге бөліп, оны қайтадан тұтасқа айналдыру қабілеттерді арттыру;
  • шығармашылық қабілеттері шыңдалып, өмірмен байланысын күшейту;
  • нақты ақпаратты жүйелеу;
  • ынта қызығушылықтары, танымдық іс-әрекеттері, ойлау белсенділіктерін, тапқырлықтарын арттыру;
  • студенттің дербестігі, өз-өзіне сенімі, өзін ұстай білу, өз ойын өзгенің ойымен салыстыру, толықтыру дағдылары, құзыреттіліктерін қалыптастыру;
  • алған білімін өмірде пайдалануға дағдыландыру;
  • шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Кез-келген практикалық сабақтарды ұйымдастыру барысында келесі

ұстанымдарды ескерген жөн:

Жүйелілік ұстанымы— жоспарлау субьектілерінің оқыту үрдісін өзара байланысты және өзара әрекеттес компоненттер жиынтығынан құралған күрделі жүйе ретінде қарастыруын білдіреді. Олар: оқытушылар мен студенттердің жеке және ұжымдық мүдделері, қажеттіліктері, қызығушылықтары, бірлескен әрекеттерінің мазмұны, ұйымдастыру формалары мен амалдары, оқу –тәрбие процесінің жай-күйі, талдау,бағалау өлшемдері мен көрсеткіштері.

Нақтылық ұстанымы— студенттер ұжымда жүргізілген, немесе үлгі бойынша ғана тапсырмаларды айнытпай көшіріп алудан аулақ болуды көздейді. Жоспарлау бойынша оқытушы топтың өзіндік ерекшелігін, қызығушылығын, қажеттілігін, даму деңгейін есепке алуы тиіс. Өйткені оқу-танымдық іс-әрекет формалары мен әдістерін дұрыс таңдау нақтылы бір топтағы педагогикалық жағдайдағы өзіндік ерекшелігін саналы түсінуіне тікелей байланысты болады.

Оңтайлылық ұстанымы-оқу үрдісіндегі оқу-танымдық іс-әрекетті белсендіру үш маңызды жағдаймен байланысты: біріншіден, оқытушы студенттердің оқу-танымдық белсенділігін арттырудың ең оңтайлы әдістерін табуы тиіс; екіншіден:, осы бірлескен әрекет нәтижесі оқыту мен тәрбие үрдісін құрудың ең оңтайлы  модель болуы керек; үшіншіден, оқытушы студенттер тобының жағдайына сәйкес оқу-танымдық іс-әрекетті белсендірудің перспективалық бағдарына сай нұсқасын таңдауы тиіс.

Даралық ұстанымы— әр студенттің жеке басының дамуы-басты міндеттердің бірі екенін, сонымен қатар ұжымдық іс-әрекетте студенттердің даралық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін есепке алуды білдіреді.

Ғылымилық ұстанымы— оқытушының жоспалауында студент дамуы мен оқытудың мәні, заңдылықтары, танымдық процестері туралы ғылыми білімге, қазіргі педагогикалық тұжырымдарға, Отандық және шетелдік ғалымдардың технологияларына сүйенуін талап етеді.

Үздіксіздік ұстанымы-оқытушы жоспалай отырып, студенттердің қызығушылықтары мен қажеттіліктері, талап-тілектері мен құндылық бағдарға сәйкес жұмыс мазмұнын үнемі жаңартып, жетілдіріп студент жеке тұлғасының қалыптасуына оңды өзгерістер енгізе отырып, ізгілікті қарым-қатынас жасауын қарастырады.

Интерактивті әдіс әр адамды білім алудың барлық кезеңдерінде белсенді жағдайға қояды, білім алу үрдісін мәнді етеді. Қорыта айтқанда, әр технологияны қолдану арқылы белгілі бір жетістіктерге жете аламыз.  Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру, инновациялық үрдістік тиімді қолдану қазіргі заман талабы.

Әдебиеттер тізімі

  1. Назарбаев Н. «Инновациялар мен оқу білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» – Егемен Қазақстан  2006 ж. 27 мамыр
  2. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарына қолдану. А. Әлімов  Алматы-2009ж.
[bws_related_posts]

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *