Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » «Тіл әдебиеті, білгірі» байқауы

«Тіл әдебиеті, білгірі» байқауы

Есір Айшуақұлы атындағы орта мектеп

Өткізген: Тұңғатарова Асылтас

Тақырыбы: «Тіл  әдебиеті, білгірі» байқауы

                                 (қазақ  тілі  мен  әдебиетінен  білім

                            тексеруге  арналған  зияткерлік танымдық

                             түріндегі  сабақ)               

Мақсаты:

  1. Білімділігі:

   Қазақ  тілі мен  әдебиетінен  өтілген

материалдарды  меңгергенін  тексере

отырып, білім-білік дағдыларын  қалыптастыру.

  1. Дамытушылығы:

   Оқулық  және  қосымша  материалдар

деректерін тиімді  пайдаланып, ғылыми

танымдық  әрекеттерін жетілдіру.

  1. Тәрбиелілігі:

   Еліміздің  салтдәстүр, әдетғұрыптарын

сақтауға, аңғарымпаздыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі: портрет, гүлдер, шарлар.

Сабақтың барысы:

                                               Мұғалім сөзі

І. Таныстыру

ІІ. «Қаншалықты білемін

ІІІ. «Киелі  сандар  сыры»

ІV. «Әдебиет әлемінде»

  1. «Әдеп салтың қазақтық қалпың»
  2. «Жанымның жалын жырлары»

 

І. Таныстыру. (әр  топ  өзін  таныстырады)

ІІ. «Қаншалықты білемін». (қазақ  тілі  пәні  бойынша  сұрақтар)

«Білгірлер»  тобына:

  1. Қазіргі кезде  дүние  жүзінде  шамамен  неше  тіл  бар?
  2. Әдеби тілдің  неше  формасы  бар?
  3. Мәтін дегеніміз не?
  4. Лексика нені зерттейді?
  5. «Тіл» сөзінің тура, ауыспалы  мағынасын  айтыңыз?
  6. «Азу» сөзінің омонимін тап.
  7. «Жүзіктің көзінен  өткендей» тұрақты  сөз  тіркесінің  мағынасы.
  8. Табу дегеніміз не?
  9. Көнерген сөздер  мағынасына  қарай  нешеге  бөлінеді?
  • Фонетика нені зерттейді?
  1. Қазақ тіліне  тән дыбыстарды  белгілейтін  тоғыз  әріп  бар, атаңыз.
  2. Жуан дауыстыларды атаңыз.
  3. Жақтың ашылуына қарай дауысты дыбыстар  нешеге  бөлінеді?
  4. Үнді дауыссыздарды атаңыз.
  5. Диалект сөздер, мысалы

.

«Жүйріктер» тобына:

  1. Қазақ тілінде «әдеби» сөзі, қай  сөздің  негізінде  жасалып  қалыптасқан?
  2. Ауызша, жазбаша тіл  дегеніміз  не?
  3. Біріккен сөздер  дегеніміз не?
  4. Қайталама қос  сөздер, мысал  келтір.
  5. Зат есім  дегеніміз  не?, мағынасына  қарай  нешеге  бөлінеді?
  6. Ақшыл, жасыл, тұптұщы сөздері сын  есімнің  қай  түріне жатады?
  7. Сан есім  мағынасы  қарай нешеге  бөлінеді?
  8. Есім сөздерінің  орнына  жүретін  сөз  табы.
  9. Өздік есімдігі  дегеніміз  не?
  10. Етістікті мағынасына  қарай  ата.
  11. Өздік етістің  жұрнақтары.
  12. Ортақ етістің  жұрнақтары.
  13. Тұйық етістік  дегеніміз  не?
  14. Үстеу дегеніміз  не?
  15. Үстеудің құрамдық  түрлері.

 

 

ІІІ. «Киелі  сандар  сыры»

       Үш, бес, жеті

 

ІV. «Әдебиет  әлемінде»

« Білгірлер»  тобына:

  1. «Әдебиет» сөзі қандай  мағынаны  білдіреді?
  2. Ауыз әдебиеті  дегеніміз  не?
  3. Ауыз әдебиетінің  түрлері.
  4. Мақалмәтел дегеніміз  не?
  5. «Наурыз» сөзі қандай  ұғымды  білдіреді?
  6. Жерұйықты іздеген  кім?
  7. Құранда неше  сүре бар?
  8. «Уаһи» сөзінің мағынасы.
  9. Ыбырай Алтынсарин туралы  не  білеміз?
  • «Абай жолы» романының авторы
  1. «Кейіптеу» дегеніміз не?
  2. «Өлең сөздің даңғылы» атанған кім?
  3. «Азайды соңғы кезде  байғұс бөкен,

Мүйізін  пайда  қылып, шетке  сатып», кімнің  шығармасы?

  1. Ілияс Жансүгіровтің туған  жылы.
  2. Портрет дегеніміз не?, мысал келтір.

 

«Жүйріктер» тобына:

  1. «Фольклор» сөзінің  мағынасы
  2. Батырлар жырының  басты  тақырыбы.
  3. «Әсірелеу» дегеніміз не?
  4. Сүйінбай өлеңдерінің  негізгі діңі
  5. Абайдың қарасөздері бізді ……..
  6. «Қырық мысал» кімнің шығармасы?
  7. «Қазақ тілі», «Мен кім?», «Мен  жастарға  сенемін» кімнің  шығармасы
  8. Сәкеннің азан  шақырып  қойған аты, шығармасын жатқа  айт.
  9. Б. Майлиннің «Түйебай» әңгімесіндегі  жердің  аты.
  • «Шүрегей» сөзінің мағынасы.
  1. «Мен 25 жыл әскерде болдым. Біле  білген кісіге  бұлүлкен университет. Осы 25  жылдың  ішінде  мен  талай  қолбасшымен  кездестім, сабақ  алдым, талай  генералдың  қол  астында  қызмет  істедім, тәрбие  көрдім.», кімнің  сөзі
  2. М. Мақатевтың өміріне тоқтал, бір өлеңін  жатқа  айтыңыз.
  3. 1967 ж Францияның Канн қаласында Балаларға арналған  фильмдер  фестивалінде  жүлдеге  ие  болған ……
  4. Ілияс Жансүгіровтің шығармаларын атаңыз.
  5. «Шұрқырастық та қалдық. Өзі  жаяу, жалаң  аяқ, ерні  кезерген, тілінген, үстінде  шоқпытшоқпыт  қима  шапанының  жұрнағы  бар.

Елді, балаларды  сұрады. Менің  жаныма  келіп  құнанымды  мақтады. Әлденеге  қызығып, телміріп  қарады. Көз  қарасында «Сен  бақыттысың  ғой» деген  сөз  бар  еді.», кімнің  шығармасы?

 

 

  1. «Әдепсалтың қазақтық қалпың».

 

  1. Тоқымқағар, бесікке салу, шілдехана, қынаменде, шарғы.

 

  1. «Жанымның жалын жырлары»

 

VII. Марапаттау.

 

Қорытынды  сөзі

ХХ  ғасырдың  30-жылдар  ойранында  жазықсыз  қуғын-сүргінге  ұшыраған  қазақтың  үш  бәйтерегі — Сәкен Сейфуллин, Ілияс  Жансүгіров, Бейімбет  Майлин  өмірлері  қысқа, тағдырлары  ауыр  болғанымен шығармашылық  ғұмырбаяндары ғибратты  да мәнді  болып  табылады – деп біз  де жастарымызға  үміт  арта  отырып, «Тіл әдебиеті, білгірі» атты  зияткерлік  сайысымызды  аяқтаймыз

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *