Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Сәбит Мұқанов (1900-1973) «Саятшы Ораз» әңгімесі

Сәбит Мұқанов (1900-1973) «Саятшы Ораз» әңгімесі

автоЕсір Айшуақұлы атындағы орта мектеп

Өткізген: Тұңғатарова Асылтас

Сабақтың тақырыбы:      Сәбит Мұқанов (1900-1973)«Саятшы Ораз» әңгімесі

Сабақтың мақсаты:Білімділігі:Сәбит өмірімен таныса отырып, әңгіме мазмұнын меңгерту.

  1. Дамытушылығы:

Кейіпкер әрекетімен саятшылық өнер екенін  таныту, сөздік қорын молайту, ой қорытуға дағдыландыру.

  1. Тәрбиелілігі:

Сәбит шығармаларынан үлгі алып өнерді сүюге,ізгілік және адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, оқушылардың таным, білім көкжиегін кеңейту.

Сабақтың әдісі:                              Блум жүйесі,сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу,топпен жұмыс, толықтыру т.б.

Сабақтың көрнекілігі:                   ақын портреті,слайд, интерактивті   тақта,саятшының суреті,А-3 форматты қағаз, маркерлер т.б.

Пәнаралық байланыс:                    геометрия, биология, этнография, қазақ тілі

Күтілетін нәтиже:                       Сәбит Мұқановтың өмірі,шығармашылығы туралы мәлімет алады,тақырыпты талдауға үйренеді,өз ойларын еркін айта алады, саятшылықтың үлкен өнер екенін біледі.

Сабақтың барысы:                        

                                                           І Ұйымдастыру      

а) амандасу, сыынып тазалығын қадағалау, оқушыларды түгендеп, назарларын сабаққа аудару

ә) оқушыларды геометриялық фигуралармен үш топқа бөлу,(үшбұрыш,төртбұрыш,дөңгелек)топ басшысын тағайындау,бағалау парақшасын тарату

б) сабақтың мақсатын айту

 

І. Білу

Қызығушылықты ояту

1-топқа:        Сәбит кім, қай жылдары өмір сүрді?

2-топқа:        Сәбиттің шығармалары

3-топқа:        Сәбит туралы пікірлер

«Саятшы Ораз» («Өмір  мектебі» өмірбаяндық трилогиясынан үзінді)

Оқиға Мұқанның баласының атынын баяндалады.

(әр топқа мазмұнын бөліп айттыру,кейіпкерлерін жазу)

Ораз — саятшы, негізгі кейіпкер

Мұқан – Ораздың көршісі

Зәуре – Мұқанның қызы

Сүлеймен – Зәуренің күйеуі

Бағила,Ұлтуған – Мұқанның балалары

Мағаз,Жанкүміс – Ораздың балалары

 

ІІ. Түсіну.(топтық жұмыс)

            Әңгімеге жоспар құру

  1. Жаңа қоныс
  2. Саятшы Ораз
  3. Ораздың мергендігі
  4. Ораздың құс баптау шеберлігі
  5. Оразға үйір болған балалар
  6. Ораздың адамгершілігі

 

«Екі жақты түсіндірме күнделігі»

Трилогия –мазмұны бір-бірімен байланысты,негізгі кейіпкерлері ортақ бір автордың үш кітаптан тұратын шығармасы.

Саятшы — құсбегі, құс баптаушы

Сауға беру – ақысыз беру,садақа беру (ауланған аңнан берілетін сый)

Шілік – сулы жерде өсетін бұта

Ителгі – сары шұбар қанаты ұзын кішкене қыран құс

Қаршыға – шағын денелі имек тұмсықты қыран құс

Тұйғын – қаз, үйрек аулап қоректенетін жыртқыш құс

Күзен – терісі бағалы жыртқыш аң

Кісе – күміспен, жезбен әшекейлеп істеген, шақпақ салатын қалтасы бар қайыс белбеу

Тұрымтай – кішірек келген жыртқыш құс

Кендір – арқан жіп

Шиті – оқпаны ұзын, екі аяқты білтелі мылтық

Итақай – иттің күшігі

ІІІ.Қолдану

Көркемдегіш құралдар

Портрет – шығармада кейіпкердің түр- тұлғасын суреттеу

            Орта бойлы, кең жауырынды,төстек кеуделі, мұрнының екі жақ сайынан басқа бетін түгел жапқан, ұзындығы кіндігіне түсетін қалың ақ сақалды, кішірек келген дөөңестеу мұрынды, ойнақылау келген дөңгелек қара көзді, желкілдеген ұзын ақ қасты, кең маңдайлы, әжімсіз қызыл-күрең кескінді, ықшам сыртқы киімдерін шалбарланып алатын, кең шалбарыының балағын ішіне сала, қонышын тізеден асыра етік киетін, беліне қазақша кісе буынатын, кісесінің төңірегінде мылтықтың оғын, дәрісін, тазалайтын саймандарын салатын салпыншақтары көп, кішігірім тебінгідей оқшантайлы, сол жақ бүйірінде қынды ұзын кездігі салбырап жүретін, арқасынан асынған шиті мылтығы түспейтін адам…

Пейзаж –табиғаттың көркем суреті

            Біз көшіп барған ауыл қыстауының ұзын тұрқы батыстан шығысқа қарай созылған биік дөңнің қырқа жотасында. Жотаның ұзындығы төрт-бес шақырымдай, қапталының кеңдігі екі-үш шақырымдай. Осы жотаның батыс пен шығыс жағын және екі жақ қапталдығын жаба өскен қалың ну ағаш. Ағаштары түп түгел қайың мен терек. Ауыл қалың ағашты қырқа жонның арасында тұрады. Төбеден жауған қар болмаса, қысты күні қалың ағаштан бұл ауылға боран беттей алмайды. Қырқа жонның нақ биігінде сай бар, көктем кезінде бұл сайда аттың бауырлығынан келерлік су жатады да, төңіректей қалың ағаш өскен ауыл осы сайда дөңгелене орналасқан.

Кейіпкерлерге мінездеме .

            Сүлеймен – орта дәулетті, сараң адам

            Ораз – жалғыз оқты шитімен ататын мерген, қыс бүркіт, жаз қаршыға мен тұйғын салумен айналысқан құсбегі, өзінің олжасын елмен бөлісе білетін қайырымды жан.

Теңеу :           жұлдыздай, тебінгідей, шақырымдай

Синоним:      саятшы, құсбегі, үлкен,зор, ну, қалың

Идиома :       Иттің ұлы итақай – кімкөрінген

Мақал-мәтел:«Ең ауыр ақы- көрші ақысы»

ІV. Талдау.

1-топқа

            Концептуалды кесте

А) Кейіпкер: Ораз

Өмірге қызығушылығы:өте жоғары, кедейшілікке мойымай, аң аулап күн көреді, елге көмектесті

Адамгершілік қасиеті:әрдайым жайдары, мол олжасын елге сауғаға береді, мейірімді, қайырымы мол

Кейіпкерге берілетін баға:өте жақсы

Ә) Математикалық өрнектеу. «Елтін» сөзі

2-топқа:

  1. Саятшылық дегеніміз не?
  2. Аңшылық туралы қандай шығармаларды білесің?

 

3-топқа:

  1. Әңгімеде кездесетін құстарға сипаттама бер.
  2. Мақал-мәтел айтыңыз (аңшылық,құс)
  3. Жинақтау. (топтық жұмыс)

«Топтастыру» стратегиясы бойынша әңгіменің тәрбиелік мәнін ашу.

 

                                       Ізгілік                     Адалдық

Қамқорлық     «Саятшы Ораз» әңгімесінен                                  Жанашырлық

Қарапайымдылық    қандай тәрбие аламыз?               Ақылдылық

                          Адамгершілік                     Кішіпейілділік  

 

VІ. Бағалау. «Өзін-өзі бағалау парағы» бойынша бағаланады.

Тест

  1. Сәбит қай жылы өмірге келді?

а) 1973ж                               ә) 1900ж                    б) 1938ж

 

  1. Сәбит Мұқанов неше жастан бастап өлең жаза бастады?

а) он жеті                                        ә) он сегіз                               б)он тоғыз

  1. 1917ж алғашқы өлеңі

            а) «Көңілім»                          ә) «Адасқандар»                   б) «Сұлушаш»

  1. Сәбит Мұқановтың көлемді еңбегін белгіле

            а) «Өмір мектебі»               ә) «Көксерек»                       б) «Саятшы Ораз»

  1. «Саятшы Ораз» әңгімесіндегі басты кейіпкер немен шұғылданады?

а) балық аулаумен                ә) тері илеумен                     б) құсбегілікпен

  1. Ораз өзі аулаған аң терілерін не қылады?

            а)сатып пайда қылады       ә) сауғаға береді                   б) тұрмысқа пайдаланады

VІІ. Үйге тапсырма: мазмұны, аңшылық тақырыбына шығарма жазу

VІІІ.  Рефлексия.     «Екі жұлдыз, бір тілек»

(стикер арқылы кері байланыс орнату,бүгінгі сабақтан қандай ақпарат алдың?)

Жеткен нәтижем:

  • 7-сынып оқушылары үлкен белсенділік көрсетті
  • Мәтіндегі сөз сырына үңілді
  • Қазақ тіл , биология, геометрия, этнография, математика пәндерімен пәнаралық

            байланыс жүзеге асты

  • Ауызша, жазбаша тіл дамытылды
  • Сынып оқушыларының сабаққа қызығушылығы, белсенділігі артты
  • Сынып оқушылары түгел сұралды, бағаланды

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *