Бекітілді:
27. 02. 2016жыл | Өткізген: Оқу – тәрбие ісі орынбасары, І Ілгері деңгей, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М. Нұрымова | ||||
Коучингтің тақырыбы | PISA халықаралық зерттеулеріне дайындық | ||||
Коучингтің мақсаты | PISA халықаралық зерттеуі туралы түсінік алады, тапсырмасын орындап көреді. Бағалау түрлерімен, кері байланыс жасау түрлерімен, «Кірпіш», «Кемпірқосақ» әдістерімен, сергіту сәттерінің түрлерімен, топқа бөліну түрлерімен танысады. | ||||
Күтілетін нәтиже
|
— Мұғалімдер PISA халықаралық зерттеуі туралы түсінік ала отырып, табысты жұмыс істейді;
— Мұғалімдердің нәтижелі іс – әрекеті негізінде оқушыны емес, оқушының жұмысын бағалауды үйренеді; — Оқушыларды PISA тапсырмаларын орындай білуге үйрету үшін тәжірибе жинайды; — Оқушылармен жұмыс жасауда білім сапасын арттыру үшін әр түрлі әдіс — тәсілдер үйренеді. |
||||
Коучингтің ықпалы | Жаңа әдіс – тәсілдерді сабақта қолдануға жұмыстанады, PISA х.з. бойынша өздері тапсырмалар іздеуге, жасауға, оларды өз сабақтарында қолданады. | ||||
Оқыту әдістері | «Кірпіш», «Кемпірқосақ», «Аялдама», «Мерекелік тілек» әдістері | Диалог
Жұптық Топтық жұмыс |
|||
Дерек көздері, ресурстар | МАН ІІІдеңгей, Пилоттық жүйе критерийлері, АКТ бейнежазбасы,
Флипчарт, маркерлер, А4 қағаздары |
||||
Тапсырмалар | 1 – берілген мәтіндерді жеке оқиды, диалог арқылы бір – біріне түсіндіреді, топтасып постер қорғайды. Мұғалімнің бағалауы.
2 – «Печенье» және «Абайдың әңгімесі» шығармаларын PISA талаптарына сай тану үлгісі. Әр топ бір – бірін бағалайды. 3 – «Кемпірқосақ» әдісімен сұрақтарға жауап жазады, рефлексия жасайды. |
||||
Уақыт | Коучтың іс — әрекеті | Мұғалімдердің іс — әрекеті | |||
Ұйымдастыру | 6 мин
|
Сәлемдесу. Көтеріңкі көңіл — күй орнату үшін және танысу үшін «Мерекелік тілек» сергітуін өткізе отырып, топқа түрлі – түсті гүлдермен бөлу. Топқа бөлу. 1-топ – Жасыл гүлдер.
2-топ – Қызыл гүлдер. 3-топ – Көк гүлдер. 4-топ – Сары гүлдер. |
Бір – біріне бетпе – бет қарап тұрып, киім кию үлгісіне ұсыныс айтады, сосын 8 наурыз мерекесімен құттықтап, тілек айтады.
Гүл алып, түсіне қарай өз тобына барып отырады. |
||
10 мин
|
Видеожазба
-Бұл бейнежазбаны не үшін көрдік деп ойлайсыздар? Нені түсіндік? Коучингтің тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. PISA х.з.туралы түсінік беру. |
Пікір айтады.
Сұрақтарға жауап береді. Ой толғайды.
|
|||
Мағынаны тану | 20мин | 1 – тапсырма. Әр топқа тақырыпты тарату.
1-топ-Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және PISA халықаралық зерттеулеріне дайындық. 2-топ- PISA халықаралық зерттеуі тапсырмаларының ерекшеліктері. 3-топ— Оқу сауаттылығы. 4-топ-Функционалдық сауаттылықты дамытудағы әдебиет пәнінің рөлі. |
«Кірпіш» әдісімен постер қорғайды.
|
||
1 мин | Смайлинк беру арқылы бағалайды. | Жинайды | |||
8 мин | Сергіту сәті. Тұрғындар – ауысады.
Үйшік — еш ауыспайды. Жер сілкінді – ауысады. Осы 3 сөзі қайталап, команда береді. Топқа бөлу. Сандарды санау арқылы топқа бөлу. 1,2,3,4. Қай санды айтса, сол сандар ауысады. |
Тұрғындар 1-ші тұрады, үйшік 2-інші, Жер сілкінді 3-інші. Ауысқандар артына барып тұрады.
Топқа бөлінеді, отырады. |
|||
20мин | 2 – тапсырма. 1,2-топқа «Печенье» әңгімесі.
3,4-топқа «Абайдың әңгімесін» береді. Топтарға «Аялдама» әдісімен сұрақтарға жауап бергезеді. |
Оқиды. Топта талқылайды. Ойланады. Сұрақтарға жауап береді. Жауаптарын оқиды. | |||
4 мин | Топтарға бірін – біріне бағалатады. | Топтар бір – бірін бағалайды, комментарий береді. | |||
Қорытындылау | 10мин | Коучингке кері байланыс жасау.
«Кемпірқосақ» әдісімен сұрақтарға жауап жазғызады.. 1.Мен бүгінгі сабақта не үйрендім? 2.Мен үшін не маңызды болды және несімен маңызды болды? 3.Не қызықты болды? Несімен қызықты болды? 4.Мені сабақта не таң қалдырды? 5.Маған не қиын болды? Ол қиындықты қалай шешемін? |
Түрлі – түсті қағаздан кемпірқосақ қияды. Әр түсіне 1 сұрақ жазып, жауап жазады. | ||
Тапсырмалар:
- Оқу сауаттылығы
PISA зерттеуінде оқушылардың жазбаша мәтіндерді ұғына оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдануы, білімдері мен дағдыларын қоғамның белсенді өміріне араласуы үшін дамытуы. Оқу сауаттылығын тексеру оқу техникасы немесе мәтіннің мазмұнын нақты түсінуін бағалау емес, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған.
Мысалы: 1. Түстен кейін Болат пен Қайрат Стамбулдан Сакарияға дейінгі пойыздар жөнінде білмекші болды. Оларға қай нөмір бойынша телефон соғу керек еді? 2. Болат сөмкеден заттарын шығарып болған соң Қайратпен тамақтануға бару үшін оған телефон соқты. Қайрат 328-ші нөмірде орналасты. Болат қандай нөмірді теру керек? [3]
Қазіргі мектептерде оқушылардың бойындағы функционалдық сауаттылық пен өмірге қажетті құзырлылықтар жиынтығын дамытуға басты назар аударыла бастады. Сондықтан әрбір ұстаз жаңа кезең талаптарына сай болу үшін педагогикалық үрдістің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға ынталы, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын, өзгермелі өмірге оқушыны да, өзін де даярлай білетін шығармашыл тұлға болуы тиіс.
«Сауатты оқу – бұл мақсатқа қол жеткізу, білім мен әлеуетті дамыту, қоғамға қатысу үшін жазбаша мәтінді түсіну, пайдалану, көрсету және жұмыс жасау». (PISA, 2009).
Оқу сауаттылығының 3 құрамдауышы бар,олар: жағдай, мәтін, аспект.
1-құрамдауыш, Жағдай:
Жағдайдың санаттары: жеке пайдаланым үшін оқу, көпшілік пайдалану үшін оқу (қоғамдық), жұмыс жасау үшін оқу және оқыту үшін оқу.
2-құрамдауыш, Мәтін:
Мәтін формасы: тұтас және жадағай. Мәтін типі: сипаттама, мазмұндау, мазмұндама, аргументациялау, нұсқау, келісім.
3-құрамдауыш, Аспект:
Аспектілер – бұл оқырман мәтінде, мәтін айналасында және мәтін арасында аталған тәсілдерді келісу үшін пайдаланатын психологиялық стратегиялар, тәсілдер және тапсырмалар. Оқу сауаттылығы тапсырмаларын әзірлеумен айналысатын бес аспект:
- ақпарат іздеу, қол жеткізу және алу;
- кеңінен түсінуді қалыптастыру;
- интерпретациялауды дамыту;
- мәтін мазмұнын көрсету және бағалау;
- мәтін нысанын көрсету және бағалау.[4-5]
2012 жылы РІSА халықаралық зерттеуіне Батыс Қазақстан облысы бойынша 8 білім беру ұйымы қатысқан, оның ішінде 3 қалалық мектеп, 4 ауылдық мектеп, 1 колледж. Барлық қатысушылар саны 218, оның 128-і оқыту тілі қазақша, 90-ы орыс тілінде білім беретін мектептер.
- PISA халықаралық зерттеуі тапсырмаларының ерекшеліктері
PISA Халықаралық тест тапсырмалары 15 жасар оқушының мектепте меңгерген курстарының мазмұнын академиялық білімін өлшемейді. Халықаралық емтихан жабдығының бірегейлігі, ол оқушылардың білімін анықтайды, есейген өмірде өзін жеке тұлға ретінде қабылдап, мектепті сәтті аяқтауына мүмкіндік туғызады. PISA зерттеуі оқушылардың білім мен дағды деңгейін анықтап, академиялық білімдерін әртүрлі өмірлік жағдайларда қолдануға (өмірлік дағдылар) үйретеді [5-7].
PISA зерттеуінің мақсаты – мектептің білім беру тиімділігін 15 жастағы оқушылардың математикалық сауаттылығы, оқу сауаттылығы және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы бойынша оқу жетістіктерін бағалау арқылы анықтау, яғни бұл бағдарлама оқушылардың оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу машықтарын, нақты бір оқу пәндерімен тікелей байланысты емес мәселелерді шеше білу құзіреттіліктерін бағалауға бағытталған. Бұл әрбір қатысушы елге білім беру жүйесінің стратегиялық мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. PISA зерттеуі 2000 жылы басталып, үш жылдық кезеңмен (2000, 2003, 2006, 2009, 2012, 2015)
өткізіледі.
PISA жобасындағы оқушылардың функционалды сауаттылығын бағалау артықшылығы үш бағытта жүреді: оқу құзіреттілігі, математикалық және ғылыми жаратылыстану сауаттылықтары.
2015 жылы зерттеудегі басымды бағыт — «ғылыми жаратылыстану сауаттылық» бағыты болады. Тапсырма үлгілері мәтін, кесте, диаграмма, графика, карта, жарнамалық буклет және әртүрлі нұсқаулықтардан тұрады.
Оқу сауаттылығы – жазба мәтіндерді түсінуіне, өз мақсатына жету үшін оның мазмұның қолдануына, қоғам өміріне белсенді қатысу үшін білімі мен мүмкіншіліктерін дамытуға адами қабілеті .
Математикалық сауаттылығы — өзі тұрып жатқан әлемде математика рөлін анықтау және түсіну, жасампаз, мүдделі және ойшыл азаматқа тән дәйектелген математикалық пікір айту және математиканы қазіргі таңда және болашақта қажеттілікті қанағаттандыру үшін қолдана алуына адами қабілеті.
Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы — нақты жағдайларда ғылыми әдіс көмегімен шешілетін және зерттелінетін проблемаларды анықтау үшін, тәжірибе мен бақылау негізінде қорытындыға қол жеткізу үшін жаратылыстану білімін қолдану қабілеті. Бұл қорытындылар қоршаған ортаны және оған адам ісімен енгізілетін өзгерістерді түсіну үшін, сонымен қоса тиісті шешімдерді қабылдау үшін қажет.
Оқушылардың оқу, математикалық және ғылыми-жаратылыстану сауаттылықтарын тексеру үшін үш бағыт анықталды: мазмұн, іс-әрекет түрлері, жағдаяттар (4-7-кестелер)
4-кесте. Бағыт бойынша мазмұндық бағыттар
Математика | Жаратылыстану | Оқу |
— мөлшер;
— кеңістік және форма; — өзгеріс және қатынас; — белгісіздік.
|
— заттың құрылысы және құрамы;
— атмосфералық өзгерістер; — физикалық және химиялық өзгерістер; — қуат өткізу; — күш және қозғалыс; — физиологиялық өзгерістер; — генетикалық бақылау; — экожүйе; — әлемдегі жер; — географиялық өзгерістер. |
— «бірыңғай» мәтін (прозалық туындылар, мысалы, сипаттама, әңгіме, түсіндірме, дәйектеме);
— «бірыңғай емес» мәтіндер (графиктер, пішіндер, ақпараттық беттер және т.б.). |
5-кесте. РІSА ептілік деңгейлері (құзыреттіліктері)
Математика | Жаратылыстану | Оқу |
— елестету (стандартты қабылдаулар мен әдістер, белгiлi алгоритмдарды қолдану; таныс өрнектермен жұмыс; қарапайым математикалық амалдарды орындау);
— байланыс орнату — пайымдау, ойлау (күрделi мәселелер; ойлау және тұжырымдау; шығармашылық тәсілдер, шешу тәсілдерін өңдеу; жалпылау; дәлелдеу; математикалық икемділіктің кең спектрі). |
-жаратылыстану құбылыстарын сипаттай алуы, түсіндіре білуі және болжай алуы; — құбылыстарға ғылыми түсінік бере білуі; — ғылыми дәлелдерді пайдалануы және тұжырымдауы. |
— ақпаратты табу; — мәтінді талдауы; — мәтін мазмұнына немесе формасына және оны бағалауына рефлексиясы. |
6-кесте. Жағдайяттар типі
Математика | Жаратылыстану | Оқу |
-жеке өмір;
— оқу және кәсіби қызмет; — қоғамдық.
|
— өмірдегі жаратылыстану;
— денсаулық; — жер және қоршаған — орта; — жаратылыстану және техника |
— жеке мақсатта оқу (мысалы, жеке хат);
— қоғамдық мақсатты көздей отырып оқу (мысалы, ресми құжаттар); — кәсіби қызметте оқу (мысалы, есептер); — білім алу мақсатында оқу (мысалы, оқулықтар). |
- Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және PISA халықаралық зерттеулеріне дайындық
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында және мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 – 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарында белгіленгендей, функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары жалпы білім беретін мектептерде зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азамат қалыптастыру, оның әлемде болып жатқан өзгерістер мен процестерге
әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады .
Тапсырмалар:
Печенье
Бір қыз бала орталық вокзалда пойыздың келуін күтіп отырды. Уақытты қысқарту үшін ол кітап сатып алуды ұйғарды. Содан соң ол күту залынан тыныш қана отырып, кітап оқитын орын тауып алды.
Қораптағы печенье газет оқып отырған ер адам мен екеуінің ортасында тұрды. Ол бір печенье алған кезде ер адам да біреуін алды. Ер адамның бұл әрекетіне ол қатты таңырқады, бірақ ештеңе айтпастан кітап оқуын жалғастыра берді. Өзі іштей: «Сене алар емеспін! Мен батылдау адам болсам, міндетті түрде қарсы бірдеңе айтқан болар едім» деп ойлады.
Ол әлсін-әлсін қораптан бір печенье алған сайын ер адам да соны қайталады. Осы іс-әрекет бір ғана печенье қалғанша жалғасты. Қыз бала ер адам қандай әрекет жасар екен деп қарап отырды. Ер адам болса соңғы печеньені алды да, ортасынан тең бөліп, бір жартысын қызға берді.
Қатты ашуланған қыз кітабын сөмкесіне тоғытты да, бұл жерден кеткенше асықты. Ашуын басу үшін ол залдың басқа бір жеріне барып отырды. Ашуы тарқағаннан кейін ол кітап алу мақсатымен сөмкесіне қолын салды. Сонда ғана ол сөмкесінде қорабы ашылмаған өз печеньесін көрді.
Сұрақ 1.
Әңгіменің басында қыз бала не істеді?
А) Ол вокзалда пойыз күтіп отырды
В) Ол вокзалды тастап шығып кеткісі келді
С) Ол вокзалда ер адаммен сөйлесті
Д) Вокзалдан газет сатып алды
Сұрақ 2
Әңгіменің ортасында қыз: «Сене алар емеспін!» деп ойлады. Қыз бала неге сене алмайды?
Сұрақ 3
Көз алдыңызға елестетіңізші, әңгімеде сөз болған қыз бен ер адам әңгіме аяқталғаннан кейін бірнеше минуттан кейін кездескен болса, қыз бала ер адамға не айтар еді?
[bws_related_posts]