Қызылорда облысы,Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті
Ы.Алтынсарин атындағы №204 мектептің
ІІ санатты тарих пәнінің мұғалімі
Калыбекова Нургуль Жаксылыковна
Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру және оның нәтижелері
Жалпы мақсаты:1.Оқушыларға ауыл шаруашылығын ұжымдастыру барысы, ашаршылық туралы түсінік беру.
- Ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға талдау жасау арқылы оқушының ойлау қабілетін дамыту.
- Аштық,індет туралы айта отырып,оқушыларды әрқашанда өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауға, саяси саналылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:1.Оқушылар ауыл шаруашылығын ұжымдастыру барысы, ашаршылық туралы түсінік қалыптастырады.
- Ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға талдау жасау арқылы оқушының ойлау қабілеті дамиды
- Аштық,індет туралы айта отырып,оқушыларды әрқашанда өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауға, саяси саналылыққа үйренеді.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Көрнекілігі:электронды оқулық, карта, таратпа қағаздар
Әдісі-тәсілдер: Диалогтік тәсіл, топтық жұмыс,миға шабуыл,тұжырым картасы
Уақыт | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
3 минут | Амандасу.
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу,назарларын сабаққа аудару,топқа «қағаз қиындыларын алу » арқылы топқа бөлу |
Оқушылар «қағаз қиындыларын алу» арқылы топқа бөлінеді.Сабаққа дайындық,
назарларын сабаққа аудару
І топ. Тарихшылар ІІтоп. Демографтар ІІІ топ. Әлеуметтанушылар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
5 минут | «Миға шабуыл»
Мұғалім Сталин,Голощекин портреттеріне сипаттама береді. 1 Атақты революционер, көп жылдар бойы КСРО-ны басқарған, қуғын-сүргінді осы адамның атымен байланыстырады,»Коба» лақап аты болған, 1953 жылы қайтыс болған қайраткер. (Сталин) 2.1925-1933 жылдары Қазақстан өлкесін басқарған, Кіші Қазан идеясының авторы. (Голощекин) Ролдік ойын арқылы жаңа сабақтың тақырыбын табу.
|
Оқушылар кім туралы айтылғандығын табады
Ұжымдастыруға дейінгі қазақ ауылы бейнесін сомда — Уа кімсің? — Шаруамыз — Қайдан келесіз? — Ауылдан келеміз — Ауылың қандай? — Ұжымдастыру жүргелі жатыр — Сонда не болады? — Ауылшаруашылық артелдері, коммуналар құрылуда. — Малдың жағдайы қандай? — Мал бар. 40,5 млн.-ға жетті. — Ия, жақсы екенсіңдер.
|
Бармақ
пен бағалау |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 минут | Ой шақыру
Жаңа сабақтың мақсатын айқындап алу үшін оқушыларға бейне жазба көрсетіледі |
Жаңа сабақтың тақырыбымен танысады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
14 минут | Топтарға тапсырмалар бөлініп беріледі
1топ « Ұжымдастыруға дейінгі ауылшаруашылығының дамуы» 2топ «Шаруаларды жаппай ұжымдастыру және отырықшыландыру 3 топ «Асыра сілтеушіліктер мен зорлық -зомбылықтар. Ұжымдастыру қорытындылары. |
Топтық жұмыс
Топта топбасшы сайлап, өздеріне берілген тапсырманы постер қорғау арқылы орындайды.. |
«Сэндвич әдісі» арқылы бағалау | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 минут | Сергіту сәті | «Танец бурундука» би қозғалысын қайталау | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
3 минут | Картамен жұмыс
|
1.Шаруалар толқуларының аудандары.
Қостанай округі- Батпаққара.Торғай өлкесіСырдария округі-Созақ Ақтөбе округі-Ырғыз Қарқаралы округі-Абыралы,Шыңғыстау,ШұбартауАлматы-Қытай 2.Көшу жерлеріМаңғыстау,Ойыл-Түркіменстан,Қарақалпақстан Иран,АуғаныстанАлматы-Қытайға |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
5минут |
Берілген кестені жеке толтыру арқылы тақырыпты жинақтайды |
Ұжымдастырудың зардаптарының дұрыс жауабын белгілеңіз: дұрыс жауаптарына «+» белгісімен, дұрыс емес жауаптарына «-» белгісімен белгілеңіз
|
Өзін-өзі бағалау |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
5 минут | Тест жұмысын орындау
|
1.Ғ.Мүсірепов,М.Ғатауллин,М.Дәулетқалиев,Е.Алтынбеков,К.Қуанышев (Бесеудің хаты): ашық хатты жазды
а) Сталинге в) Голощекинге с) Кагановичке д) Молотовқа е) Ленинге. 2. 1931-1933жылдары республиканың 6,2млн халқының аштықтан қырылғандары: а) 2,2млн в) 2,5млн с) 2,1млн д) 1,2млн е) 1,5млн. 3. 1931-33 жылдары аштықтан қырылғандардың ішінде,қазақтан басқа халықтың шығыны: а) 0,5млн в) 0,4млн с) 0,6 млн д) 0,7млн е) 0,8млн. 4. Ұжымдастыру басталардан бұрын республикада: а) 40,5 млн мал басы в) 45 млн мал басы с) 28 млн мал басы д)4,5 млн мал басы е)35,5 млн мал болды 5. Ұжымдастыру басталардан бұрын республикада 40,5 млн мал болса, 1933 жылы не бары: а) 40,5 млн в) 5 млн с) 40,5 млн і д) 4,5 млні е) 25 млн мал қалған еді. 6. 1931-32 жылдары Шұбартау ауданында мемлекетке етке өткізілген малдың мөлшері: а) 84% в) 83% с) 81% д) 82% е) 80%. 7. Егер 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтың 2% ұжымдастырылған болса, 1931 жылы: а) 60% в) 65% с) 75% д) 90% е) 80% ұжымдастырылды. 8. 1930-32 жылдары аштықтан, түрлі індеттерден қырылған халықтың мөлшері: а) 50% в) 45% с) 40% д) 30% е) 35%. 9. 1938 жылы Қиыр Шығыстан Қазақстанға көшіріліп әкелінді: а) Корейлер в) Жапондар с) Шешендер д) Дүнгендер е) Татарлар. 10. 1938 жылы Қиыр Шығыстан Қазақстанға көшірілді: а) 100 мыңнан астам в) 200 мыңнан астам с) 300 мыңнан астам д) 400 мыңнан астам е) 150 мыңнан астам адам Жауабы:1 в 2с 3в 4а 5д 6е 7в 8с 9а 10а
|
Бірін-бірі бағалау | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1минут | Ұжымдастырудан кейінгі қазақ ауылы бейнесін сомдау
|
-Уа кімсің? — Шаруамыз
— Қайдан келесіз? — Ауылдан келеміз — Қайда барасың? — Қалаға барамын -Неге? — Жағдай жоқ — Не болды? — Барлығын алды.Аштық — Кім алды? — Кеңес өкіметі алды — Мал қайда? -Жоқ — Қанша қалды? — 4,5 млн. — Нең қалды? — Ештеме — Енді не істейсің? -Қолдан келер дәрмен жоқ
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 минут | Үйге тапсырма
Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру – Қазақ шаруаларының трагедиясы. |
Қосымша материалдарды қарап, ғаламтордан мәліметтер жинау арқылы эссе жазып келеді.
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 минут | Бағалау | Бағдаршамның көздерін көрсету арқылы сабақты қаншалықты түсінгендіктерін білдіру | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 минут | Рефлексия
Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар? |
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазады | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||