Басы » Эссе » Ұстаз өмірінің бір күні

Ұстаз өмірінің бір күні

Ақмола обылысы

Атбасар ауданы, Сергеевка ауылы

Сергеевка орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Докей ТуяТақырыбы:  Ұстаз өмірінің бір күні

Менің ойымша ,кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды.Себебі ,ұстаздық өнер –тағылымы терең өнер.Ал ұстаз болу кез-келген адамға беріле бермейді.Ұстаз болу үшін төзімді,дарынды,ізгілікті ізденіс,күнделікті заман талабына сай еңбекқорлық,жаңашылдық,ізденіс үстінде жүруі керек.Жас ұрпақ тәрбиесіндегі ұстаздар ұстанатын бұлжымас қағиданың бірі,білімділікпен қоса,өзіндік ой-пікірі бар шәкірттер легін қалыптастыру.

Балаға білім ғана беру,санасына күнделікті ақпарат құю, бүгінгі заманда тым аздық етеді.Мәселенің үлкені –сол сіңірген ақпараттарды балалардың өздері қалай түсініп, қаншалықты дәрежеде қортатынында .Оны білу үшін оқушының өз көзқарасын батыл,жасқанбай жеткізуіне қалыпты жағдай туғызу керек. Мұндайда рух беріп,демеп алға жетелейтін сұрақтар қойып отырған да артық болмайды. Шәкірт сонда ғана еркін ашылып ,өзінің ой-ұсыныстарын ортаға салудан іркілмейтінін тәжірибеден жақсы білеміз.Мұндағы басты мақсат-халқымыздың ежелден келе жатқан батылдыққа баулу өнегесі негізінде ,еркін ойлы ,жалтағы жоқ ,дербес пікірі бар азаматтар тәрбиелеп шығару.Өйткені, мемлекетіміздің ертеңгі тағдыры –осы бүгінгі жас ұрпақтың еншісінде.

Өзім жетекшілік ететін сыныбымда ана  тілі,ағылшын тілі,орыс тілі үйретіледі.Мен ана тілін терең оқыту арқылы баланы шығармащылыққа баулуды мақсат тұттым.Бұл мақсат орындалу үшін бағдарламадан тыс шәкірттерге қосымша тапсырмалар беріп отыруға тура келді.

1.Дәлірек айтсам ,бірінші сыныптың алғашқы күнінен бастап ,тілді жаттықтыру үшін   ,балалар деңгейіне сай өлең-тақпақты,ата-аналар көмегімен жаттауды жолға қойдым.

2.Суреттер бойынша сұрақ-жауап арқылы әңгімелету ,өз отбасы туралы әңгіме айту. Мектеп,сынып ,жыл мезгілдері туралы әңгіме құрау ,оған сурет салу сияқты жұмыстан соң, осы тақырыпқа арналған дайын мәтіндерді оқып беріп ,суретін көрсетіп,ақындар жазған өлеңдерді мәнерлеп оқып отырдым. Бұл балалардың сезімін оятып ,сурет салуға ,мәнерлеп өлең –тақпақ оқуға жетелейді.

3.Тағы бір әдіс-сөз үйрету.Кіші жастағы балалар сөздің мағынасын түгел біле бермейді .

Сондықтан сөз –ол заттың ,құбылыстың аты екенін түсіндіріп ,көрнекілік арқылы көрсете отырып  таныстырдым.Сөз үйретудің тағы бір тиімді әдісі –оларды топтап ,жеке бөліп ,белгілі бір жүйемен үйрету.

Мысалы ,астықтың,көкөністің,аңдардың,құстардың,малдардың   аттарын ,туыстыққа қатысты ,мамандыққа қатысты сөздердің аттарын көрнекілікті қолдана отырып үйрету.

4.Баланы жинақы ,дұрыс сөйлеп,өз ойын аз сөзбен анық айтып түсіндіруге дағдыландыру.

Ол үшін оқушыны алғашқы кездерде мұғалімнің сұрағына  немесе өз ойын айтқанда жеңіл , жалаң сөйлемдермен жауап беруге төселдіру. Сурет бойынша сөйлегенде  тұрлаулы мүшелерді пайдаланып сөйлеуге  қалыптастыру.Мысалы:Досан –оқушы. Қоңырау соғылды. Мен оқыдым.

Осылай дамыта оқыту барысында алдыңғы сабақтарда үйренген сөздік қорын пайдаланып, өз ойларын ,яғни сөйлемді де толықтырып айтуға төселеді .

 

Тілді тереңдетіп оқытудың тағы да бір әдісі –шетел тілдерін оқытудың әдісін қолдану.

Ол әңгімені,өлең –тақпақты,тіпті жеке сөзді үш тілде күйтабақта тыңдату, айту,мәнерлеп оқып беру.Тағы да ұстаздар ,өздеріміз қолданып жүргендей ,сөздің мағынасын түсіндіру.Оларды біз бастауыш сыныпта мәндес сөздер ,қарсы мағыналас сөздер , ұқсас сөздер деп үйретіп жүрміз.Міне ,осы әдісті барлық сабақтарда тиімді пайдаланса ,сөз үйренуге  тигізер көмегі мол.

Сонымен тілді тереңдетіп оқыту арқылы шығармашылыққа үйрету деген мақсатымызды жүзеге асыру үшін ,мына әдістерді қолдану тиімді.Әрине ,бұл менің жеке қолданысымдағы әдісім.

1.Бірінші сыныптан бастап тақпақ, жұмбақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш жаттату. Бұл баланын еске ұстау қабілетін дамытады жане асыл сөзді ардақтап, ана тілін қадірлеуге баулиды.

  1. Сөз үйрету-заттың суретін көрсете отырып атауын үйрету –лингвистикалық әдіс.

3.Жинақы дұрыс сөйлеуге ,сұраққа нақты жауап беруге дағдыландыру.

4.Баланың  сөздік қорын түрлі жолдармен молайту.

5.Баланың есту қабілеті арқылы сөздік қорды молайту. Оған мысалы, туыстыққа қатысты ,малға,  қатысты өздеріне таныс емес сөздер.Аға, жеңге ,жезде,жиен, құлын,тай,дөнен,құнан сияқты.

Жоғарыдағы айтып өткен мақсат орындалу үшін мұғалімге ізденіс керек. Әр оқушының сөздік қорын ,сөйлеу деңгейін ,ойлау қабілетін зерттеуді қажет етеді.Керегінде баланың ата-анасы ,отбасының тыныс-тіршілігімен де хабардар болу артық емес.Сондықтан да менің сынып есігім ата-аналар үшін ашық.

Қай сабаққа қатысып,баласының білімін байқаймын десе  де ерікті.Бұл ата-анаға баласының білім деңгейін басқа оқушымен салыстыруына үлкен көмек береді және үйде баласына қандай көмек көрсетуін анықтап береді.Әрине ,бұл маған да өте үлкен көмек.Әрі қарай ата-ана баласының үй тапсырмасын орындауына ,сабаққа қатысуына басқадан кем  қалмауына ат салысады.Сөз байлығы жеткілікті бала әңгіме, шығарма,мазмұндаманы еркін жазатындығы белгілі болады.

Ұстаз үнемі ізденіс үстінде болуы керек.Өмір бір орнында тұрмайды,үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу ,оқыту үшін, үнемі ізденіп ,білімін ,біліктілігін арттырып отыру керек.

Білген сайын келеді біле бергім,

Біле беру емеспе тілегі елдің!

Белден ассаң ,алдыңнан бел көрінсе,

Қызыққаннан келмей  ме, жүре бергің!

Сондықтан да келеді біле бергім…

Ұстаз бала алдында өзінің жүріс тұрысымен,киім киісімен ,сөйлеу шеберлігімен, дауыс ырғағымен яғни барлық жағынан үлгі болуы қажет. Қазіргі жас жеткіншектер жағынан  үлгі болуы қажет.Жас мамандарға айтарым ешқашан уақытпен санаспай еңбек етіңіздер,түбінде сіздерден жақсы маман шығады.Себебі сіздердің алдарыңызда  өміріміздің аса бағалы иелері, болашағымыз еліміздің ертеңі ,жас өркендеріміз отыр дегім келеді.Жаңа заманға сай жігерлі де намысты ұлдарымызды ,инабатты, ибалы да қыздарымызды білім нәрімен сусындатып қана қоймай қазақы болмысымызбен тәрбиелеуге атсалысайық.

Шын ұстаз-ұстаз болуды балалық щағынан армандайды. Қиындығы мен қызығы бірге жүретін осынау мамандықтың шынайы иесі болу үшін көп қиындықтардан өтеді. Қиын дейтінім әр сабағыңа жете дайындалып, балаларға білім беріп қана қоймай, тәлім-тәрбие беру, өмірге икемдеу адалдыққа булу, адамгершілік қасиеттерді бойына дарыту оңай шаруа емес.

Балаларға ұрысып жекіп сөйлегеннен  көрі, олармен сырласа отырып жан дүниесін ұғынуға болады. Шәкірттің бағдарламаға сай оқып, түрлі шығармашылықпен айналысуына шәкірт пен ұстаз, ұстаз бен ата-ана арасындағы қарым-қатынас, дұрыс ахуал, психологиялық үйлесім деп білемін. Қысқасы бастауыш сынып мұғалімі- баланың екінші анасы. Шәкіртіңді анасындай аймалап, бірақ орынды талап қойып, жүрек жылуын бәріне бірдей шаша білудің қорытындысы- бағбанның жақсы ағаштан жиған сапалы жемісі іспеттес деп –ойлаймын.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *