Ақмола облысы
Целиноград ауданы
Максимовка ауылы
№9 орта мектебі
Алпысхан А.А: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі (орыс сыныбында)
Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары».
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Ахмет Байтұрсынұлының тілші, әдебиетші, көркем сөз шебері, ақын және аудармашы екенін таныту, «Өгіз бен бақа» мысалының мазмұнын меңгерте отырып, идеясын ашу.
- Дамытушылық: Оқушылардың өз ойын ашық айтуға, көркемдеп еркін сөйлеуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, ізденімпаздыққа баулу .
- Тәрбиелік: Оқушылар, білімділікке, мәдениеттілікке, адамгершілікке баули отыра, жаман істерден аулақ болуға аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Композициялық сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, талдау, салыстыру, ойтолғау, рөлге бөліп оқу, мәнерлеп оқу.
Сабақтың көрнекілігі: Ақынның портреті, суреттер, сызбалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа әзірлеу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Оқушылар «Өгіз бен бақа» өлеңінің түсінігін айтады, салған суреттерін сөйлетеді, жаттап келген мақал – мәтелдерін айтады.
Оқушыларға өтілген тақырып бойынша сұрақтар қою.
- Аллегория дегеніміз не? мысалдармен дәлелде.
- Мысал дегеніміз не? мысал келтір.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
«Егіннің бастары»
- Өлеңді өзім мәнерлеп оқығаннан кейін, оқушыларға рөлге бөліп оқыттырамын.
- Мысалдың композициялық құрылымына талдау жасау.
1) Егінші баласымен егін еккен жерге баруы.
2) Баланың қайран қалуы.
3) Бидайдың өзгешелігі.
4) Баланың әкесінен сұрауы.
5) Әкесінің баласына айтқан ақылы.
ІV. Оқушыларға бүгнгі тақырып бойынша сұрақтар қою арқылы қорытындылаймын.
- Ал, балалар, бұл мысалдың мазмұнын, болған оқиғасын қайсың әңгімелеп бересіңдер?
- Сонымен бұл мысалда кейіпкерлер кімдер? Олар арқылы ақын нені, кімдерді сөз етпек болған?
- Балалар, Ахмет Байтұрсынұлына хат жазамыз.
- Оқушыларды бағалау.
VІ. Үйге тапсырма: Сурет салу. Өз түсінгендерін айту.
[bws_related_posts]