Басы » Cыныптан тыс » Трактор үлгісін құрастыру

Трактор үлгісін құрастыру

тракБатыс Қазақстан облысы

Орал қаласы

Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығы

Қосымша білім беру педагогы

Уксукбаева Гүлнар Сапарғалиқызы

 

Сабақтың тақырыбы: Трактор үлгісін құрастыру

 

 МақсатыТрактор техникасына қызығушылығын арттыру,оқушыларды макет үлгісі бойынша қатты қағаздан жасалынатын  (трактор үлгісін  жасап уйрету, бұрыш бөлшектерін бекіту тәсілдерін үйрету)


Білімділігі:
Трактор түрлерін түрлерін таныстыра отырып, олардың пайдасы туралы түсінік қалыптастыру, әртүрлі салаға қажетті трактор түрлерін ажыратуға үйрету

Дамытушылығы: Оқушыларды трактор үлгісін жасау барысында қызығушылығын ояту, оқушыларды еңбекке машықтандыру арқылы іске икемділігін,іскерлік пен шеберлік дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың қағазды бүктеу, қию туралы дүнетанымын дамыту

Тәрбиелігі: Үйірме жұмысын  жүргізу арқылы тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету. Қол еңбегін  бағалауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: сарамандық
Сабақты әдісі – тәсілдері:
 түсіндіру,сұрақ-жауап,сарамандық  жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: 
дайын жасалған трактор үлгісі, трактор суреттері.
Керекті құрал-саймандар: 
жасалған трактор үлгісі ,қатты қағаз, қарындаш,сызғыш, қайшы, желім т.б

 

 Сабақтың  барысы:

  1. Ұйымдастыру  кезеңі.

а) Оқушылармен амандасу,сабақ барысына зейіндерін аудару

 ә) Оқушыларды  сабаққа  даярлау

б) Назарларын  сабаққа  аудару.

  1. Сабақтың  мақсат-міндетімен  таныстыру.

III.Жаңа сабақ (сарамандық).

Балалар сіздер ауыл шаруашылық техникасында қолданылатын тракторларды білесіздерме?

Қандай трактор түрлерін білесіздер?

Трактор не үшін қолданылады?

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Трактор үлгісін құрастыру» Белорусь МТЗ 52

Жалпы трактор туралы  түсінік

ТРАКТОР (жаңа лат traktorлат traho – тасымалдаймын, тартамын, сүйретемін) – тіркемелі, аспалы не өздігінен қозғалмайтын (стационар) құралдармен бір агрегатқа біріктіріліп, ауыл шаруашылығы, жол құрылысы, жер қазу, көліктік, т.б. жұмыстарды атқаруға арналған өздігінен қозғалатын машина. Ауыл шаруашылық тракторы жер жырту, өңдеу, тұқым себу, егін жинау, т.б. жұмыстарды атқарады. Қуатты ауыл шаруашылық тракторлары тың және тыңайған жерлерді игеру үшін пайдаланылады. Өнеркәсіптік тракторлар ауыл шаруашылық тракторларына қарағанда ірі әрі қуатты етіп жасалады. Ол әр түрлі аспалы (бульдозер күрегі, қар тазалағыш, экскаватор шөміші, т.б.) және тіркемелі (скрепер, грейдер, т.б.) машиналармен бір агрегатқа біріктіріліп, жер қазу, жол құрылысы жұмыстарды орындайды.

Қозғалтқышының түріне қарай трактор ‘‘доңғалақты’’ не ‘‘шынжыр табанды’’ болады. Шынжыр табанды тракторлардың негізгі артықшылықтары – жоғарғы тарту күші, жер қыртысымен жақсы ұстасуы және кез келген жермен жүруі. Қазақстандағы алғашқы тракторлар 1968 жылдан Павлодар трактор зауытында шығарыла бастады.

Бұрын ертеректе  Россия әр түрлі ойыншықтарды шығарған.  Бірінші  ойыншық тракторлар  шыққан кезде, ер балалар  тракторшы болуды  қиялдаған. Трактордың қалыптарын ағаштан  жасаған.  Ал қазіргі  балалар трактордың түрлі материалдан жасалған ойыншықтарымен ойнайды.  ХХ  ғасырдың  20-30 жылдарында трактор күшті әсер қалдырды  адамдарға.Олар жаңа туылған нәрестелеріне аттарын қойды.Әсересе қыздарға Тракторина деп ат қойған.
 Жұмбақ жасыру сәтін өткізу.

Қара азбан дем алыс жоқ бақырады,
Қолы көп сансыз саусақ батырады.
Тісімен қара жерді быт-шыт қылып,
Жер үстін борандатып шарқ ұрады.
/Трактор/.

Денесі ирек-ирек жалғыз тісті,
Бір өзі бітіреді  сонша істі.
Тісіне қанша салмақ салса-дағы,
Созылғыш, әрі сынбас, әрі күшті.
/Трактор/.Кеудесі толған күш,
Табаны толған тіс.
/Трактор/.

Сабан той бастап,
Салды бір әнді.
Сабанды тастап,
Сыпырды дәнді.
/Комбайн/

 IV.Қауіпсіздік ережесін еске түсіріп,қайталау.

Балалар біз үйірме жұмыстарында қандай  техника қауіпсіздік ережелерін сақтаумыз керек деп ойлайсыңдар. (оқушыларға өз ойларын айтқызу).

-Қайшыны қолданған кезде қауіпсіздік ережесін сақта.

-Ұшын көзіңе жақындатпа.

-\қайшыларды көрсетілген жерде, тағайындаған жағдайда сақта

-\қайшыларды өткір жақтарымен ұстама

-\Жүріп келе жатып қайшымен қима

-Жұмыс барысында жолдасыңды алаңдатпа

-Желіммен жұмыс жасағанда ұқыпты желімде,жұмыс аяқталған соң қылқаламның ұшын тазалап қой

-Әрдайым жұмыс орнын таза ұста, өзіңе қажетті құралдарды ғана пайдалан

/ Сергіту сәті

Аппақ болып таң атып, /құшағын кең ашады/

Түтін тікке ұшады /қолдарын толқындата жоғары көтереді/

Қарлығаштар қанатын /қанатын жаяды/

Самғап биік ұшады /құсша қанат ұшады


V.Сарамандық жұмыс:

Біз бүгінгі сабақта қағаздан трактор үлгісін құрастыруды үйренеміз. Трактор үлгісін жасауда бірінші шаблондарын қиып аламыз,екінші желіммен жапсырамыз.Алдын ала берілген өлшеммен қатты қағаздан трактор  үлгісін тарату. Жұмысты «Белорусь МТЗ 52» трактор макетін көрсетуден бастаймын. Ал балалар біз сіздермен қазір «Белорусь МТЗ 52»   үлгісін құрастырамыз.

Сынып оқушыларына тапсырмаларын түсіндіру. Екі-екіден топқа бөліп,Бір оқушы қиыу амалымен, Бір оқушы үлгіні желімдеу  амалымен отыра жұмыс жасау.

 

Сарамандық жұмыс барысында оқушыларды сергіту мақсатында ойын түрінде сергіту сәтін өткізу.

2)Орнымыздан тұрайық
Қарлығаш болып ұшайық.
Бір отырып,бір тұрып
Жақсы сергіп қалайық

Оқушылар жұмысын әрі жалғастырып жұмысты аяқтау керек.

 

  1. Сабақты қорытындылау: оқушыларға сұрақтар қоя отыра,жұмыстың нәтижесін белгілеу

Мәселен:

1.Бүгінгі сабақта қандай үлгіні жасадық?

2.Трактор не үшін керек?

  1. Оның тарихы туралы не білдіңдер?
  2. Трактор қандай шаруашылықта қолдаңылады?

5.Жасалған үлгінің аты қандай?

 

  1. Жасалған жұмыстардың көрмесі.

 

VII. Бағалау: Оқушылардың жасаған үлгілерінің сапасын тексеру және кемшіліктерімен  жетістіктерін айта отыра бағалау жүргізіледі. Жұмыс орнын жинастыру. Сабақ соңында еңбек құралдарын жинап мұғалімге тапсырады.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *