Жамбыл облысы
Тараз қаласы
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледж
Құрманова Балжан Бақытжанқызы
Сабақтың тақырыбы: Adobe Photoshop программасының интерфейсі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Білімгерлерге Adobe Photoshop программасы туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру. Терезенің негізгі элементтері мен меню қатарының командалары туралы жалпы мағлұмат бере отырып пәнге деген танымдық қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Білімгерлердің логикалық және фантазиялық ойлау қабілеттерін әр түрлі стратегияларды қолдану арқылы дамыту.
Тәрбиелік: Білімгерлердің ғылыми көзқарастарын тәрбиелеу, өздігінен және топпен жұмыс істеуге дағдыландыру, өзара көмек беруге тез ойлауға, өз пікірін айта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: лекция
Сабақтың әдісі: Сұрау, түсіндіру, сұрақ – жауап, «Кемпірқосақ» стратегиясы, «Хат жазу», «Тақырыпқа келу», «Мәтінді меңгеру», «Миға шабуыл», «Бес саусақ» әдістері.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, слайд, кері байланыс, плакат, үлестрме қағаздар, маркер, түрлі –түсті стикерлер, бағалау парақтары.
Негізгі ұғымдар: Adobe Photoshop программасының интерфейсі, терезе элементтері, құралдар үстелі, палитра, қабат, мәзір жолы.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, дизайн
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Гурский Ю., Васльев А. «Трюки и эффекты Photoshop CS» СПб.: Птер, -2004 г.
- Тимофеев С.М. «Основы Photoshop CS3. Просто как дважды два». М.: Эксмо -2008г.
- «Adobe Photoshop» оқу –әдістемелік құралы. – Астана: «NewSol.kz» ЖШС, 2012ж.
- Интернет желісі.
Сабақтың барысы:
№ | Сабақ кезеңдері | Уақыт, мин |
І | Ұйымдастыру кезеңі | 5 |
ІІ | Үй тапсырмасын сұрау | |
«Хат жазу» стратегиясы. | 10 | |
ІІІ | Жаңа сабақ | |
«Тақырыпқа келу» стратегиясы | 10 | |
«Мәтінді меңгеру» стратегиясы | 25 | |
Сергіту сәті | 5 | |
IV | Сабақты бекіту | |
«Миға шабуыл» стратегиясы. | 15 | |
V | Сабақты қорытындылау | |
«Бес саусақ» стратегиясы | 5 | |
VI | Бағалау | 3 |
VII | Үйге тапсырма | 2 |
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу, білімгерлерді түгелдеу, дәптерлерінің толық болуын тексеру.
- Сабаққа жұмылдыру. Топқа бөлу «Кемпірқосақ» стратегиясы бойынша білімгерлер үш топқа бөлінеді. Ол үшін түрлі түсті қима қағаздардың артына топтардың атауын енгіземіз, білімгерлер бірдей топ атауы бойынша топтасады.
І –топ «Дизайнер»
ІІ –топ «Программист»
ІІІ –топ «Информатик»
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Хат жазу» стратегиясы.
Әр топқа сұрақтары сыртында жазылған екі конверттен беріледі. Сұраққа жауап жазып сол конвертке әрбір топ мүшесі салады. Жауапты жазып болған соң топтар өз-өздерін бағалау мақсатында конверттерін ауыстырады. Білімгерлерді стикермен бағалап отырамын
І –топ «Дизайнер»
- Компьютерлік графика дегеніміз не?
(Компьютерлік графиканы кең мағынада алсақ ол монитор бетінде кескінделген көріністің барлығы деуге болады)
- JPEG файл форматы туралы түсінік бер.
(Бұл форматта алғаш рет суреттің сапасын кемітіп, сығу принципі жүзеге асты. Ол суреттегі адамның көзіне көрінбейтін бөліктерді өшіріп тастауға негізделеді).
ІІ –топ «Программист»
- Шешуші қабілет дегеніміз не?
(Нүктелерден құрылатын расторлық бейнелер үшін айрықша маңызды түсінік бірлік ұзындыққа келетін нүктелердің саның анықтайтын шешуші қабілет болып табылады. Бұдан мыналарды ажырата білуіміз керек.1. Түп нұсқалық бейнелердің шешуші қабілетін. 2. Экрандағы бейнелердің шкшуші қабілетін. 3. Баспаға жіберілетін бейнелердің шешуші қабілетін.
Түп нұсқалық бейнелердің шешуші қабілеті нүктелер арқылы дюйммен өлшенеді, яғни кескіннің шешуші қабілетін анықтайды. 1дюймда=2,54 см бар).
- RGB моделін түсіндір.
(Бұл кең тараған және көп қолданылатын моделдердің бір түрі. RGB жарықты шағылдыратын қондырғыларда қолданады. Мысалы, монтор, прожектор, теледидар. RGB моделіннің негізін үш базалық түстер салады: қызыл (Red), жасыл (Green), көк(Blue). Бұлардың әрқайсысы жекеленіп түрленудің нәтижесінде 0-ден 255 – түске дейін өзгере алады. Үшеуі қосылып 16 милион түске дейін түрлене алады.)
ІІІ –топ «Информатик»
- Растрлық кескіндер дегеніміз не?
(Расторлық бейнелер дегеніміз –түрлі түсті нүктелердің жиынтығы. Расторлық кескіндеудің негізгі элементі нүкте деп есептелінеді. Егер кескін экран бетінде бейнеленсе онда бұл нүкте пиксель деп аталады.олардың саны бейнелердің өлшемі және шешуші қабілеті мен анықталады).
- PSD файл форматы туралы түсінік бер.
(Adobe Photoshop программасының өзінің форматы).
III. Жаңа сабақ
- «Тақырыпқа келу» стратегиясы (фильм көрсетіледі).
Фильм бойынша жалпақ сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбына келеміз. (Adobe Photoshop программасының интерфейсі)
Жалпақ сұрақтар
- Бұл фильмнен не көрдіңіздер? (І -топ)
- Қай программа туралы әнгіме болып жатыр? (ІІ -топ)
- Бұл фильмде нақты не туралы айтылып жатыр? (ІІІ -топ)
- «Мәтінді меңгеру» стратегиясы (постер қорғау). Берілген таратпа мәтінмен білімгерлер жұмыс істеп постер қорғайды
Жіңішке сұрақтар
- Adobe Photoshop программасына жалпы сипаттама
- Adobe Photoshop программасының артықшылығы мен кемшілігі
- Adobe Photoshop программасының терезе элементтері
Таратпа мәтін №1
Adobe Photoshop программасының интерфейсі
Adobe Photoshop нүктелі графика. Өйткені әрбір нүкте пиксель деп
аталатын нүктелер жиынтығынан тұрады. Adobe Photoshop — суреттерді, мәтіндерді өзгертуге, түрлендіруге, сақтауға арналған ең танымалы графикалық бағдарлама болып табылады. Adobe Photoshop графикалық бағдарламасы түстер палитрасымен жұмыс істеуге, суреттерді еңгізуге және шығаруға, контурларын ерекшелеуге, түс тандауға, сурет фильтрін тандауға, өлшемі мен кеңейтілімін өзгертуге, суреттерді түстендіруге және басып шығаруға мүмкіндік береді
Photoshop графиктік программасы бұл растрлық көріністермен жұмыс істеуге арналған мамандырылған программа. Бұл программа басқа растрлық көріністермен жұмыс істейтін программаларға қарағанда мүмкіншілігі өте жоғары.
Photoshop программасының негізгі артықшылығы:
- графикалық көріністермен жұмыс кезіндегі жоғарғы сапа;
- жұмыс кезіндегі ыңғайлылық пен жайлылық;
- көріністермен жұмыс кезіндегі жоғарғы функционалдық мүмкіншіліктер ойлаған операцияны жасауға көмектеседі;
- негізгі сценарийларды қолданғандағы растрлық көріністерді жасаудағы кең автоматты мүмкіндіктер;
- әртүрлі көркем эффектілерді жасаудағы көп таңдаулы фильтрлік командалардың көмегі;
- түсті көрініспен жұмыс кезіндегі механизм;
- кез келген қолданушы жұмыс істеп отырған программаның жетіспеушілігін білу міндетті. Бұл практика кезінде кездескен кезде уақытты үнемдеуге көмектеседі және қай кезде бұл программаны қолдануға болады, қай кезде қолдануға болмайтынына көмектеседі.
Photoshop программасының кемшілігі: - көп түсті сызық және орбиталық қисық салуда;
- симметриялы орналасқан көп көрінспен бір уақытта жұмыс істегенде;
- диалогтық терезесінен шықпай, әртүрлі фильтрлердің ісін көруге
- қолданған түзету қалыңдығындағы (слой) көріністі түзету командасын ауыстырғанда;
- Сorel photo-paint файлдық форматы бар құжатпен жұмыс кезінде;
- қолданушының еркімен программаның интерфейс элементтерін түзегенде;
- мозайкалы суретті құру кезіндегі көріністі көбейткенде.
- Adobe Photoshop бағдарламасын іске қосу үшін мына команданы орындаймыз:
Пуск→ Программы→ Adobe Photoshop
Adobe Photoshop-ты алғаш жүктегенде фотошоптың негізгі терезінде жүктелген графикалық файл көрінеді. Негізгі терезе келесі элементтен тұрады:
- Тақырып жолы.
- Мәзір жолы: Файл, Редактерование, Изабражение, Слой, Выделение, Фильтр, Просмотр, Окно, Справка.
Изабражение (Image) – тікелей бейнелермен жұмыс істеуге арналған.
Слой (Layer) – қабаттар мен жұмыс істеуді ұйымдастыру.
Выделение (Select) – ерекшелеу және онымен жұмыс жасау.
Фильтр (Filter)–функцияның әр-түрлі қызмет атқаратын қосымша модельдерінің жиынтығы
Окно (Window) – палитраларды қосу және ажырату.
- Құралдар үстелі: Жұмыс істеу барысында ең жиі қолданылатын барлық негізгі құралдар орналасқан элемент. Көпдеген инструменттердің батырмасында қосымша элементтерді шығаратын тілшелер орналасқан. Adobe Photoshop бағдарламасында 51 құрал орналасқан, осы құралдар негізгі жұмысты атқарады. Құралдар параметрлерінің тақтасында әрбір таңдалған құралды баптаудың барлық өзгерісі көрсетіледі.
- Таңдалған құралдардың параметрлер үстелі: Инструменттерді өзгертуге болатын параметрлері көрсетіледі.
- Палитралар—спецификалық қызмет атқаруды басқару элементі топтастырылған кішігірім терезе. Бейнелермен жасалатын операциялардың барлығы палитралар көмегімен іске асады. Олардық барлық саны 21. Бірге қолданылатын палитралар «бір шатырдың астында» орналасады. Кез келген палитраны Окно менюіне бару арқылы ашуға болады. Аталған палитра өз тобындағы қалған палитралардың бетіне шығады. Негізгі, көп қолданылатын палитраларға мыналар жатады:
- Түс. Түс палитрасы түстерді араластыру мен таңдау үшін қажет. Алдыңғы және артқы пландардың түстері (негізгі және фондық) таңдалады. Палитраның сол жақ бөлігінде түс тандауға арналған 2 тіктөртбұрыш берілген. Үстінгісі бояу түсімен боялған, ал төменгі фон түсімен боялады.
- Үлгілер. Үлгілер палитрасы — дайын түстерді қолдану қажеттігі туғанда пайдаланылады. Мұнда қажетті түсті палитрадан тандауға немесе жаңа түс шығаруға болады, ол үшін бірнеше түстің қосындысы керек.
- Қабат. Қабат палитрасы қабаттарды қосу, жою, көрсету, жасыру, көшіру, біріктіру, байланыстыру және қабаттардың орналасу ретін ауыстыруға болады. Әр қабаттың өзінің түс араластыру режимі және мөлдірлік деңгейі бар, әр қабатты басқаларын өзгертпей өңдеуге болады. Құрылатын құжат бірінші фон қабатын қабылдайды. Ол ақ, мөлдір, немесе басқа түсті болуы мүмкін қабаттарды құруға, жоюға, біріктіруге, орындардын ауыстыруға болады. Әдетте жаңа бейне құрған кезде оның фоны мөлдір болмайды.
- Тарих. Тарих палитрасы көмегімен бейнені өңдеу барысында орындалған бір немесе бірнеше операцияны қайтарып алуға болады. Қылқаламның әрбір жағылуы бөлек операциялар түрінде көрсетіледі. Егер алдыңғы операцияның үстінен шертсек, сол операция орындалғанға дейінгі күйге қайтып келеді. Ағымдағы күйде соңғы орындалған операциялар сақталып отырады. Бірақ операциялар санын арттыруға да болады.
- Ашылған құжат терезесі.
- Қалып күй қатары.
- Сабақты бекіту
«Миға шабуыл» стратегиясы. Ой қозғау арқылы білімгерлерді фотошоп программасымен таныстыру. Ол үшін білімгерлердің қолына №2 таратпа мәтін беріп, компьютерге отырғызып қолдарына берілген қима қағаздарды біріктіреді. Ол қима қағазда командалар көрсетілген.
Таратпа мәтін №2
- Adobe Photoshop терезесінде жаңа құжат құру үшін Файл→Новый командасын орындап ашылған сұхбат терезеде Имя өрісіне құжаттың аты жазылады да, Ширина, Высота өрістерінде құжат парағының ені мен ұзындығы енгізіледі де ОК батырмасы шертіледі.
- Ал құжатты сақтау үшін Файл→Сохранить командасын орындау керек. Құжатты ашу және сақтау терезелері өте ұқсас, тек файлды ашу барысында файлдың орналасқан орын, атын және форматын көрсету қажет.
- Adobe Photoshop бағдарламасында түстер моделін өзгерту үшін Изображение Режим командасын орындап ашылған тізімнен өзімізге қажетті моделді таңдаймыз.
- Бейненің масштабын өзгерту үшін Меню жолынан Изображение→Размер изображения командасын орындап ашылған сұхбат терезеге бейненің ені мен ұзындығының өлшемдерін беріп ОК батырмасын шерту керек.
- Программада дайын құрылған бейнемен жұмыс жасау үшін, оны ашып алу қажет. Ол үшін Файл→Открыть командасын тандап, шыққан терезеден қажетті графиктік форматты таңдап, Открыть батырмасын басыңыз.
Топтар төмендегі бағыттар бойынша тапсырманы орындайды.
- Adobe Photoshop программасын ашу жолдары
- Adobe Photoshop программасынан шығу жолдары
- Adobe Photoshop терезесінде жаңа құжат құру жолдары
- Құжатты сақтау жолдары
- Түстер моделін өзгерту жолдары
- Бейненің масштабын өзгерту жолдары
- Құжатты ашу жолдары
- Сабақты қорытындылау (кері байланыс).
«Бес саусақ» стратегиясы
- Бағалау.
Білімгерлерді бағалау парағы арқылы қорытынды бағасын шығару.
№ | Аты -жөні | Үй тапсырмасын сұрау | Жаңа сабақ | Сабақты бекіту | Қоры тынды | |
«Хат жазу» ст -сы. | «Тақырыпқа келу» ст-сы | «Мәтінді меңгеру» ст-сы | «Миға шабуыл» ст-сы | |||
1 | Абдіқадір Мәулен | |||||
2 | Алишев Әділет | |||||
3 | Әбілғазы Ұлзана | |||||
4 | Берельбай Руслан | |||||
5 | Жаңабаева Гулжауһар | |||||
6 | Зауатбекова Таңшолпан | |||||
7 | Кенжеғали Алина | |||||
8 | Көпен Берік | |||||
9 | Қапан Әлғиза | |||||
10 | Оразкулова Алтынай | |||||
11 | Сейділда Жанерке | |||||
12 | Сулейменова Динара | |||||
13 | Төребек Қайрат |
VII. Үйге тапсырма
- Жаңа өтілген тақырыпты оқып, толықтырып келу.
- «Adobe Photoshop программасының құралдар үстелі» тақырыбына материалдар жинақтап келу.
Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар.