Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Сәкен Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы» поэмасы

Сәкен Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы» поэмасы

2016-01-13-18-02-05-825-1Жамбыл облысы

Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы

Жаңатас көпсалалы колледжінің оқытушысы

А.Т.Естемесова

Сабақтың тақырыбы:  Сәкен Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы» поэмасы

Сабақтың білімділік мақсаты: шығарманы оқи отырып,екі ақынның ортақ тақырыпты ашудағы көркемдік әдіс-тәсілдерін талдау.

Тәрбиелік мақсаты: эстетикалық сезім тудыру,туған жер табиғатының сұлулығынан нәр алу,адалдыққа баулу.

Дамытушылық мақсаты: қоршаған ортаға жанашырлық көзқарасын қалыптастыра отырып,оқушы қиялын ұштау,сөйлеу мәдениетін дамыту.

Көрнекілігі: үнтаспа, «Айнала көл» тақырыпта сурет,сызба.

Пәнаралық байланыс: биология,география,бейнелеу өнері.

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту.

Сабақтың әдісі :проблемалық әдіс,салыстыру әдісі.

Сабақтың барысы.Ұйымдастыру кезеңі.Берілген тапсырманың орындалуын тексеру.

С.Сейфуллин «Тұлпарым» (Тұтқын)

1.Әр шумақтан ақын көңіл-күйін саралау.

2.Оның арман-тілегі.

3.Өз ойының қалай болғанын қалар еді?

Р/с Ақынның көңіл-күйі           Арман-тілегі            Өз ойым
1.Қамаудағы ақын ойы

Сарыарқаны шарлайды.

2.Тұлпарым жетсе,қамауды

бұзып шығып,желмен жарыса еліме жетсем …

1.Жаңа өмірді орнатуға асық.

2.Жүрегі елім деп соғады.

1.Тезірек қамаудан шығып,  асау жүйрігімен еліне жетсе.

2.Ешуақытта еңсесі түспесе екен.

3.Елін сүйген ер ғана осылай етпек.

Тапсырманың орындалуын бірнеше білімгерді сөйлету арқылы толықтыра түсіп бағалаймын.

Жаңа сабақ:С.Сейфуллиннің «Аққудың айрылуы» поэмасы.

Оқушыларға осымен тақырыптас тағы кімнің қандай шығармасы барлығын анықтау мақсатында «авторлық шегініс» әдісін пайдалана отырып,Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының барлығы,оның тақырыбы – сұлулық пен адалдықтың рәмізіндей,көл еркесі,табиғат көркі аққуға оқ ату екендігі айтылады.

Заманымыздың ғажайып ақындарының бірі,алауратқан таңдардан,қарауытқан таңдардан түйсік алатын,көрінбейтін сиқыр бояулардан,естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын Мұқағали мұрасының таза мөлдір шынайы поэзиясынан «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының тақырыбын,идеясын оқушылар көмегімен аша түсемін,кезінде жаттаған,өздеріне ұнаған шумақтарын еске түсіре отырып,осымен тақырыптас «Аққудың айрылуы» поэмасына қысқаша шолу жасаймын.

Сәкеннің терең де мазмұнды,көркем суреті,терең сезімі ойға толы,сиқырлы ұйқаспен жазылған лирикалық шығармалары оқырманын тез баурап алады.

Ақын шығармаларының бір алуаны ғажайып табиғат суреттері,қайталанбас сұлу көрініс,өйткені табиғат ақынға қанатты шабыт береді.

Сәкен жырларының ерекшелігі – оның шынайы құдіреттілігінде.

М.Мақатаев пен С.Сейфуллиннің шығармаларындағы ортақ тақырыптың екі алып жүректің лүпіліндей,теңдесі жоқ ыстық қанында қайнап,ерекше сұлу сезімінде тербеле пісіп туылған шығарма екендігі айтылып, (сызба) шығарманы оқыта отырып,төмендегіше сұрақ қойылады.

                                                                І топқа

 

                           

1.Рең әсемдігін білдіретін сөз тіркестері

2.Су тазалығын бейнелейтін …

3.Пішін келістілігін …

4.Сезім сиқырлылығын …

5.Әсем қозғалысын …

6.Дыбыс ерекшелігі: келісті үндестік

7.Эпитет,метафора,теңеулерді белгілеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                             

 

 

 

 

 

                                                                  ІІ топқа

 

 

1.Жайсыз қозғалысты

2.Жағымсыз дыбыс,немесе аянышты

үнді …

3.Құс ұшуын …

4.Құсқа адам әрекетін беруді …

5.Күнәсіздік,пәктік белгісін …

6.Қызыл қан айна көлге жылап ақты

7.Эпитет,метафора,теңеулерді белгілеу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Берілген белгілеу ақ парақтар мен сұрақтар оқушылардың өз бетінше ізденуіне бағыттайды.

Оқушы мұғалім ақпаратымен,өз ізденістерімен оқып талдай отырып,пайымдайды.Оған біршама уақыт беріледі.Нәтижесінде оқушылар өз пайымдауы мен тұжырымдарын сұхбаттаса отырып,поэма бойынша талдап шығады. (сызба)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқытушы:

1- сұрақ .Ақындар аққуды неге жоғары бағалайды?

  • Аққудың сұлулық рәмізі,табиғат еркесі мен көл көркі екендігі
  • Бір-бірінен адалдық,тазалық,шынайылық,тәкәппарлық,тектілік қасиеттерді көретіндігін
  • Аққу жарасқан қос жүректі лүпілі,ақ махаббат иесі екендігін
  • Ел арасында «Аққуды атуға болмайды,махаббатты қорлауға болмайды» деген қағида барлығын айтып дәлелдейді.
  • Онда көркем сөзбен аққуды сипаттайық.

Оқушы «Сөз-сурет» әдісін пайдалана отырып,аққудың сыртқы сұлулық қасиетін ішкі жан дүниесімен,сезімталдық мінез-құлқымен,көркем сөздермен көмкеріп портретін жасайды.

2-сұрақ. Оларға қастандық неге адамзат қолымен жасалады?

Білімгер  —  Мұқағалидың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасында қиянат жасаушы – ана.Ана бауыр еті баласы үшін сәуегейдің сөзіне сеніп,отқа түсті.Итермелеуші күш – ана махаббаты.Құс төресі киелі аққу мен бала бір мезетте жан тапсырды.Ананың да көз алдында ақ төсінен қызыл қан ағып дір-дір еткен аққу мен ақ жөргекте екі беті албырап жанары сөніп бара жатқан бала елесі,екі сурет қатар тұрып қалды.жақындауға,мылтығын жерден көтеруге дәті бармады,есалаң күйде …

Білімгер  – Сәкеннің «Аққудың айрылуы» поэмасындағы қиянат жасаушы сұр мерген,итермелеуші күш – қараниеттік.Жасырынып тұрып,жағаға жақындауын күтіп тұрып әдейі атты.Мұндай қараниетті,қаныпезер адамдар сирек болса да кездесіп қалып отырады.Ол қаныпезер мерген кеш те болса,өз ағаттығын сезген сияқты.Екінші аққу жалынып,»Мені де ат!» деп алдына келіп жығылса да,екінші рет атуға дәті бармады,ата алмады, — дей отырып,аққуды атушыны өткір сынға алады.

Білімгерледің ойын қорыта келіп,Нұрғисаның «Аққу» күйін үнтаспадан тыңдатамын.Бүгінгі сабақтан қандай әсер алғандығын байқау мақсатында эстетикалық сезім,талғампаздық,тәкаппарлық сөздерінің астарында не жатқандығын екі шығарманы салыстыра отырып суреттейді.

Үйге тапсырма: Сәкен Сейфуллиннің «Аққудың айрылуы» поэмасы бойынша аққулы айдын көлді бейнелеу. «Жыр сұңқары –Сәкен» атты шығарма жазу

[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *