Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » : Абай «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»

: Абай «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»

Батыс Қазақстан
Қаратөбе
Мұхит атындағы ЖОББМ
Болатова Эльмира Муратовна
А.Құнанбаев «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сөз өнері, ән туралы жазған өлеңдерінің идеялық-көркемдік қасиетін жүйелеп, өз бетімен іздене білуге, өлең композициясындағы түйінді ойлар мен сырлы сөздерге өзіндік пікір қалыптастыра білуге ықпал ету;

Пәнаралық байланыс: Музыка

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру

Үй тапсырмасын сұрау

Оқушылармен амандасу

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Ауыз әдебиетінің түрлері бойынша топқа бөлінеді.

  1. Өлеңді жатқа сұрау.

Өлеңді өлең құрылысына талдау.

«Ой шақыру»

«Ой қозғау» статегиясы

Білу

  • Ән дегеніміз не?
  • Қандай ән білеміз?
  • Абайдың әндері туралы не білеміз?

Түсіну.

Тірек сөздермен жұмыс

Өнер. Ән. Табиғат. Білім-ғылым. Махаббат

«Талаптыға нұр жауар» кезеңі

Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, рухани айбары, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы – мәңгілік мұра. 19 ғ.-дың 90-жылдардың аяғында жазған «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», «Құлақтан кіріп бойды алар» атты өлеңдерін Абай өнердің қоғамдық күшін, адам өміріндегі қызметін тереңдей көрсетуге арнаған.Абайдың сөз, ән өнері туралы көзқарасы

Өлең аттары

Өлең – сөздің патшасы

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін

Эстетикалық көзқарас

Өлеңге анықтама беру, ақын мақсаты, тыңдаушыға, ақынға қояр талабы

Өлеңді жастарға үлгі беру мақсатында жазу;

жастарға қояр талабы; өнерді қор етпеу

туралы пікірі

Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа

Адам өміріндегі әннің орны, әнге,әншіге,тыңдаушыға қояр талабы. Ақын мақсаты

Құлақтан кіріп бойды алар

Жақсы ән, тәтті күйдің адам өміріндегі орны. Ақынның махаббаты. Ақын және өнер

Адамның кейбір кездері

Сөздің, өлеңнің туу сипаттары. Ақын және

халық мұңы, зары. Ақын және замана.

Ақынға қояр талабы

Топпен жұмыс

Қолдану

— Ақынның айтайын деген ойы қандай?

— Адам,қоғам,әдебиет, өнер проблемасын қалай көтерді? (әдебиет пен өнердің қоғам,адам тіршілігіндегі ролі жайлы эстетикалық көзқарас қалыптастырды)

3.Мына салыстырмалы бағандарды пайдалана отырып, өлеңдедегі ақынның эстетикалық көзқарасын, көркемдік тәсілін талда

Өлеңі Әнге қояр талабы Тыңдаушы және әнші Поэтикалық ерекшелігі Ақынның жетістігі, табысы
«Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» «Әннің де естісі бар» «көбінесе ән басы келеді ащы» «Жақсы әнді тыңдасаң ой көзіңмен, Өмір сәуле көрсетер судай тұнық» Ұйықтап жатқан ойды ән оятар Әннің адам өміріндегі маңызын ашып береді.Әншіге, әнге эстетикалық талап қоя біледі.

«Бірге ойлаймыз»

Үйге тапсырма  1. Өз қалаулары бойынша өнерге, әнге байланысты өлең жаттап келу. (Абай шығармашылығынан)

2. Шығарма «Абай — сазгер», «Абай – тұңғыш өнер, әдебиет сыншысы»

Кері байланыс

Қорытынды сөз

Рефлексия

— Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыз? Оқушылардың лебіздерін білдіріп ілулі тұрған суреттерге салады.

Абай ағам болмаса не бедел бар өлеңде?

Шақырмаса жолға сап, мен өлеңге келем бе?

Қиналғанда қияға қанат қақпай аппақ құс,

Басқа біреу қол ұшын келіп маған бере ме?-деп Т.Молдағалиев жырлағандай, Абай-дара,дана ақын. Ол бүгінгі күні өзіміздің досымыздай, ғұлама сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге аршындап адымдап келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекітемін:

Келісемін:

 

Күні:                                   Пәні: қазақ әдебиеті            Сыныбы: 7   Сабақ саны: №

 

Сабақтың тақырыбы:          Абай Құнанбайұлы

                                        «Қараңғы түнде тау қалғып»      

Сабақтың мақсаты:

а)  А.Құнанбайұлының  өмірінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;

Сабақтың түрі:     аралас   сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену  т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері,   дидактикалық материалдар  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Аңға шығудың сыры мен қырын қалай түсіндің?

  1. Өлең мазмұнынан бүркітпен аң аулаудың қандай ерекшеліктерін байқадыңдар?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Абай    Гетеден Лермонтов аударған әйгілі «Қараңғы түнде тау қалғыпты»   қазаққа таныстырады.

Абай әндері:                    «Қараңғы түнде тау қалғып»

«Көзімнің қарасы»

«Сегіз аяқ»

«Айттым сәлем Қаламқас»

Кітаппен жұмыс:  Кітаптан өлеңді мәнерлеп,нақышына келтіре оқып береді.

Дәптермен  жұмыс:          Өлеңді  құрылысына қарай талдайды.

5                 3

Қараңғы түнде// тау қалғып,

Ұйқыға кетер// балбырап.

Даланы жым-жырт,//дел-сал ғып,

Түн басады// салбырап.

1 шумақ,         4 тармақ ,     8 бунақ,  8 буынды.

Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін кімнен аударған?
  2. Ақынды  «Қазақтың бас ақыны» деп кім айтқан?
  3. Ең алғаш шығарған өлеңдерін кімнің атынан жазған?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:            А.Құнанбайұлының «Қараңғы түнде тау қалғып »  өлеңін жаттап   келу.

 

 

 

 

Бекітемін:

Келісемін:

Күні:

Сыныбы:

Пәні:

Сабақ саны: №

Мұғалімі: Э.М.Болатова

Сабақтың тақырыбы: Абай.Жиырма тоғызыншы қарасөзі

Сабақтың мақсаты:

білімділік:Оқушыларға Абайдың қарасөздері туралы мағлұмат беру,мазмұны мен идеясын түсіндіру.

дамытушылық:Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту,сөздік қорын дамыту,әдеби шығарманы талдауға үйрету.

тәрбиелік:Адамгершілікке,имандылыққа,ата-ананы қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:Деңгейлеп-саралап оқыту

Сабақтың көрнекілігі:Ақын суреті,қарасөз оқулығы, тірек-сызба,интер.тақта

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушыларды түгелдеу.

2.Сабаққа әзірлеу

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Абай.Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа өлеңі

ІІІ.Өткен сабақты пысықтау

Ақын

Ойшыл

Сазгер

Аудармашы

Ғұлама

АБАЙ

Гуманист

 

 

 

ІV.Жаңа сабақ

— Балалар,біз бүгін ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың 1890-1898 ж.ж жазған шығармаларымен танысамыз.Олар қарасөз деп аталады.Қарасөздерінде ақынның философиялық көзқарасы айқын көрінеді.Абайдың 46 қарасөзі бар.Қарасөздерінің басты тақырыбы – иман,адамгершілік,ынсап.

  1. Оқулықпен жұмыс.

-Енді осы жиырма тоғызыншы қара сөзден не ұқтық?

Қазір деңгейлік тапсырмалар орындаймыз.

1-деңгей. 1.Абайдың қөра сөзі туралы айт.

  1. Жиырма тоғызыншы қара сөздің тақырыбы мен идеясы.

3.Жиырма тоғызыншы қара сөзде сыналатын жағымсыз қасиеттер.

4.Мақал-мәтел деген не? Олардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

5.Бұған дейін Абайдың қандай қара сөзін оқыдық? Оларда не туралы айтылады?

6.Сезім, эмоция. Шығарманың өзіңе ерекше әсер еткен тұсы.

7.Сөздік жұмыс.Мехнеттану, диуана, періште сөздеріне түсінік бер.

2-деңгей. Кесте толтыру:

Мақал-мәтелдер Абайдың сыны Өз пікірің
«Алтын көрсе, періште жолдан таяды». Періште алтынды не қылсын?
«Ата-анадан мал тәтті,

Алтын үйден жан тәтті».

Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар?
«Атың шықпаса, жер өрте» Жер өртеп шығарған аттың несі мұрат?

3-деңгей.1.«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» (Ақын шығармашылығы туралы)

  1. Мәтінге шығармашылық үлес не ақынға хат (Топтық жұмыс. Әр оқушы бір сөйлемнен жазып, әрі қарай жағалатады.)

VI.Сабақты қорытындылау.

1 .Абай қай жылдары өмір сүрген?(1845-1904ж.ж)

2.Абайды әлемге танытқан кім? (М.Әуезов)

3.Абайды неге сазгер деп атаймыз? (көптеген әндері бар болғандықтан. Мысалы, «Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяқ», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Көзімнің қарасы» т.б)

4.Қандай шығармашылығын оқыдық?

VII. Үйге тапсырма.

1.Абай. Жиырма тоғызыншы қара сөзін жаттау.

2.«Абай-дана, Абай –дара қазақта»( ақын шығармашылығы туралы шығарма жазу.)

VIII. Бағалау.

Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың тақырыптарды қаншалықты меңгергенін тексеру мақсатында пайдаланылады.Бұл оқушылардың сапалы білім алып меңгерген білімін,дағдыларын іс жүзінде пайдалана білуге,жүктемені өздігінен орындап,қорытынды жасауға дағдыландырады.Әр деңгейлі тапсырмаларды іріктеу кезінде оқушылардың білім деңгейі ескеріледі.

Қорытынды

Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Болашақ жастардың қолында,жастар ұстаздардың қолында» деп айтқандай,әрбір ұстаз болашақтың негізін қалаушы.Мемлекетіміздің іргетасының мықты болуыда ұрпақ тәрбиесіне байланысты.

Қазіргі жаһандану дәуірінде интеграциялық үрдістердің қарқынды даму кезінде білім беру жүйесі әлемдік білім кеңістігіне кірмей өз бетінше дербес дами алмайды.Өйткені,өркениет көшіне бет бұрған қыруар істің алтын арқауы болып есептелінетін ғылыми-техникалық және экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы күші – білім.Ол — қоғам дамуының кепілі болып табылады.

Қорыта айтқанда жаңа оқыту технологиясының барлық түрі оқу сапасын арттыруға жеке тұлғаны дамытуға,қазіргі заман талабына сай жұмыс істеуге бағытталған.Ал,сол технологияларды тиімді пайдалану – әр мұғалімнің еншісіндегі нәрсе. 

 [bws_related_posts] 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *