Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
Манашы орта мектебі мемлекеттік мекемесінің
І деңгей қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Зауреш Мырзагалиева Нурыновна
Топтық жұмысты ұйымдастырудағы тиімді жоспар
Деңгейлік бағдарламаның тұжырымдамалық міндеттері- мектеп тәжірибесіне енгізу және оқыту жүйесін жетілдіру,педагогтердің оқыту ақпараттық қызметін жетілдіру,жаңа стратегияларды енгізу,әлемдік білім қорымен,кітапханасымен қамтамасыз ету.
Бағдарлама модульдері мұғалімнің тәжірибелік дағдысына еніп,әбден қалыптасу үшін уақыт,үздіксіз еңбек қажет еді.Сондықтан мұғалімдердің тәжірибе алмасудың қажеттілігін сезініп, шеберлік сыныптарына,семинарларға,бір-бірінің сабағына қатысып,шеберліктерін жетілдіру үстінде ізденіп жұмыстануы-заман талабы.
Қазақстандық жүйе бойынша түрлі семинарлар жүргізу мұғалімдер үшін тиімді болса,шетелдіктер семинардан гөрі «Лессон стади» әдістерін пайдалану тиімді,әрі пайдалы екенін сөз етеді.Біздің де алдағы уақытта ұсынарымыз «Лессон стади» әдістерін тәжірибемізге жиірек енгізе отырып,мұғалімдердің уақытын үнемдеу,тиімді жоспар құруға тарту.
Негізгі әдістемелік инновациялар бүгінгі таңда оқытудың интерактивті әдістерін қолданумен байланысты. «Интерактив»сөзі бізге ағылшын тілінің «interact» деген сөзінен келген. Немесе «inter»- бұл «өзара», « act» — әрекет ету дегенді білдіреді.Ал,интербелсенді оқытудың мәні мынада деп оқу процесі іс жүзінде барлық оқушы таным үрдісіне тартылатындай болып ұйымдастырылуы тиіс.Таным процесінде оқушылардың біріккен іс-әрекеті,жеке дара үлесі оқу материалдарын меңгеруді,білімдерін,идеяларын,іс-әрекет тәсілдерін алмасу жүргізіледі.
Қазіргі кезеңде мұғалімдердің сабақ формасын,әдіс-тәсілдерін өзгертіп,үздік сабақ жоспарлауда нәтижеге бағытталған сабаққа қол жеткізуі- ең өзекті мәселе болып табылады.Осы кезеңдегі кездесетін қиындықтардың бірі-сабақ кезеңдерінің айқындылығы,нақтылығы,логикалық бірізділігі,жеңілден ауырға қарай жүргізілуі.Осындай қиындықтырға кездескендіктен оқыту мен білім берудің теорияларына сүйене келе,сабақ үрдісінде қамтылатын негізгі кезеңдер бағдарламада бірізділікпен жоспарланған. Бұлар: 1.Ұйымдастыру 2.Тұсаукесер 3.Негізгі бөлім 4.Қорытынды
Осы кезеңдерді әрбір мұғалім жүйелілікпен, әдіс-тәсілдерді шеберлілікпен уақытты үнемдеп қолданса топтық сабақтар оқушылардың да қызығушылығын арттырары сөзсіз.
Мысалы: 1.Ұйымдастыру кезеңінің алатын орны ерекше.Себебі,мұғалімнің оқушы зейінін өз пәніне икемдеуі,үзілістен кейінгі оқушының назарын сабақ үрдісіне қайта аудару үлкен күшті қажет етеді.Сондықтан ұйымдастыру кезеңін
А.Сыныппен байланыс,психологиялық ахуалын орнату (тренингтер,әңгімелесу әдісін пайдалана алады)
Б.Өткен сабақты еске түсіру ( оқушының ойлау қабілетін дамытатын,жетістікке жеткендігін көрсететін керібайланыс,сұрақтар ауызша,жазбаша, формативті тест,ойын т.б.)
В. Сыныптың білім деңгейін анықтау (жаңа тақырып бойынша оқушы не біледі?)
2.Тұсаукесер кезеңінде: А.Жаңа сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту(бейнеүзік,слайд,кесте,сурет)
Б. Оқушыларды логикалық ойлауға жетелеу сұрақтары
В.Түсіндірме сұрақтары немесе тапсырма бере отырып жаңа сабақ туралы түсінік алу,тұсаукесер
3.Негізгі бөлім,бұл оқушының нағыз іс-әрекетке толық көшетін мезгілі,яғни, жаңа тақырып бойынша мұғалімнің дайындап әкелген ресурстарымен немесе оқушының өзі жаңаны тануға,шығармашылық ойлар туғызатын,ақпараттармен жұмыс жүргізетін кезең.
А. оқушы түсіну үшін берілген тапсырманың кем дегенде бір-екеуін орындаған тиімді
Б.Оқушыларға бақылау жүргізе отырып тапсырманың мақсатына көз жеткізіп,қорытындылап отыру
В. қиындықты,түсінбеушілікті анықтау мақсатында сұрақтар қойып,негізгі бөлімді бекіту
4.Қорытынды бөлім :
А.Сабақтың басты сәттеріне тоқталу сұрақтары (Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?)
Б.Оқушының түсіну дәрежесін бағалау
В.Қосымша сұрақтарға жауап беру (жағдаяттарды шешу,керібайланыс)
Топтық жұмысты ұйымдастыруда уақытты тиімді пайдаланудың бір ғана жолы-тапсырманы уақытқа сыйымды етіп дайындау, уақыт пен модуль жоспардың ең маңызды бөлігі болып табылады
Жаңа бағдарлама талаптарын орындауда интербелсенді сабақ өткізу,ол үшін түрлі-түсті қағаздар,қарандаштар, фломастерлер және бастысы жақсы құрылымдалған сабақ болса жетіп жатыр.
Сабақ үрдісінің 45 минутында оқушыны жалықтырмай,қызығушылығын оятып жұмыстандырса,кез келген оқушы өзін қызықтырған мәселені зерделеп,зерттеп,дербес оқуға бағыт алары сөзсіз.
Педагогикалық шеберлік –ол мұғалімнің шығармашылығында, адамды оқытып,тәрбиелеп дамыту өнерін үнемі жетілдіруінде көрініс табатын педагогикалық іс-әрекеттің ең жоғары деңгейі.Әр сабақ –мұғалім ізденісінің жемісі.
[bws_related_posts]