Басы » Тарих » Қазақстан тарихынан жетістік критерийлеріне берілген дағдылық тапсырмалар

Қазақстан тарихынан жетістік критерийлеріне берілген дағдылық тапсырмалар

Шымкент. ФМБ НЗМ. Әміртай Э.Т.

8 сынып Қазақстан тарихы пәні ҚБЖ  Оқушының аты-жөні _____________________________________________                           күні _____________

ОБ сілтеме Оқу мақсаты Бағалауға арналған ұсыныс
8. 3А Отарлау және тәуелсіздік үшін күрес

Неліктен ортаазиялық хандықтардың Қазақстанның оңтүстік аймақтарына экспансиясы күшейді?

Бір уақыт кезіңдегі әртүрлі елдедің тарихи оқиғаларын анықтайды

 

«Хиуа, Бұхара және Қоқан хандықтары оңтүстік Қазақстан аумағын жаулап алуда қандай мақсат көздеді?» деген сұрақ қоюыңызға болады.

 

Дағдылар

 

Жетістік критерийлері
Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді
Білу және түсіну

 

Хиуа, Бұқара, Қоқан мемлекеттерінің оңтүстік Қазақстан аумағын жаулаудағы мақсаттарын нақты көрсетеді
 
 
 

1 тапсырма:  ХІХ ғ. 50-60жж. Орынбор мен Омбы тарапынан патша үкіметі әскери күштерінің ілгері жылжуы басталды. Сырдарияның бойында әскери шекара шебі құрылды. Жетісу жеріне казак әскерлері орналасты. Орта Азиядағы  мемлекеттерді- Хиуа, Қоқан және Бұхар хандықтарын  бағындырудың сәті түсті.

        Ресейдің Ұлы жүзді қосып алуына түрткі болған жағдайларды жазып шығыңыз…….

 
 
 

 

2 тапсырма. Ұлы жүз аумағына неғұрлым тереңдей ену арқылы патша үкіметі бірқатар стратегиялық маңызды міндеттерге қол жеткізуді көздеді,  жазып шығыңыз…… 

 

 

 

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 
3 тапсырма. «ИЯ»  немесе «ЖОҚ»  деп жауап беріңіз.

 

оқиғалар Ия / Жоқ
1 Қоқан хандығының қайта –қайта шабуыл жасап, елдің берекесін қашыруы жиілеп 1818 жылы Ұлы жүз қазақтарының өкілдері патша үкіметіне өтініш айтып, өздерін ресейдің қол астына алуды өтінді.  
2 Ұлы жүз қазақтарына азаттық алып беру мақсатымен патшалық Ресей Орталық Азиядағы хандықтарға қарсы, өзінің әскери күшімен көмектесетінін айтты.  
3 Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуды тездету және Орта Азияға жақындай түсу мақсатымен  Ресей империясы әскери бекіністер салуға кірісті.  
4 Ресей мен Қоқан хандығының арасындағы қарым қатынас, кең көлемдегі соғыс ашу мәселесі пісіп жетіліп- ол соғыс Орта Азиядағы мемілекеттердің – Хиуа, Қоқан және Бұхар хандықтарының тәуелсіздігін жоюмен аяқталды.  
5 Қоқандық діни қайраткерлер Ресейге қарсы ғазауат соғысын жариялау қажеттігі туралы идеяны насихаттады.  
6 1864жылы Ресей әскерлері Меркі әскери бекінісін қарсылықсыз басып алады, одан кейін Әулиеата, Шымкент, Түркістан қалаларына шабуыл жасайды.  
7 Патша үкіметінің әскерлері, бүкіл мұсылман қауымының  қасиетті жәдігері Қожа Ахмет Йасауи кесенесін зеңбірекпен он екі рет атып оның он бірі кесененің қабырғасына тиіп тесіп өтті, бұл айуандық істі орыс генералы Черняев өзінің іс-әрекетімен Ресейдің қол астына күшпен кіргізген халықтарының арасына үрей туғызуды және орыс қаруының күшіне «құрмет» білдіруді үйретпек болды.  

 

4 тапсырма . тест.

 

1. Елдің тәуелсіздігін жойып, ұлан – байтақ жерді өзіне қарату қай мемлекеттің мақсаты еді?

А) Ресей

В) Қытай

С) Жоңғария

Д) Қоқан хандығы

2. 1854 ж. салынған Верный бекінісі қазіргі қай қаланың орны?

А) Балхаш

В) Қапшағай

С) Алматы

Д) Жаркент

3. Верный бекінісінің салынуы –

А) Қазақ елінің оңтүстік аудандары мен қырғыз жерінің Ресейге қосылуын тездетті

В) Жұмыссыздықты азайтты

С) Ресейдің беделін арттырды

Д) Қазақ елін Орта Азия хандықтарының езгісінен құтқарды

4. 1859 ж. салынып, Ресейдің Ұлы Жүздегі тірек пункттерінің бірі болған қай бекініс?

А) Верный бекінісі

С) Қастек бекінісі

В) Лепсі бекінісі

Д) Сергиополь бекінісі

5. 1860 ж. қазанда Г. Колпаковскийдің әскері Ұзынағаш шайқасында қоқандықтарды жеңді. Осы шайқастың маңызы қандай?

А) Жетісудың Қоқан озбырлығынан құтылуына зор ықпал етті

В) Ұлттық сананың оянуына әсер етті

С) Қапалдағы Ұлы Жүз резиденциясы Верныйға ауыстырылды

Д) Орыс әскерлері Ұлы Жүз жерінен кетті

6. Жетісу өлкесінің Ресей құрамына кіруіне не әсер етті?

А) Жетісу қазақтарының Ресеймен саяси және сауда байланыстарының дамуы

В) Қоқан үстемдігінің күшеюі

С) Қытай тарапынан қоқан-лоққының күшеюі

Д) Патша өкіметінің үркіту саясаты

7. Ұлы Жүздің қай руы бірінші болып 1817 жылы Ресей бодандығын қабылдады?

А) Жалайыр

В) Үйсін

С) Шапырашты

Д) Албан

8. 1821 ж. Орта Азия хандықтарына қарсы Ұлы Жүздегі қазақ шаруаларының көтерілісін кім басқарды?

А) Есет батыр

В) Жоламан Тіленшіұлы

С) Жанқожа Нұрмұхамедұлы

Д) Тентектөре батыр

9. Хиуа, Қоқан, Бұхар хандықтары Каспий теңізінен Жетісуға дейінгі аралықта қазақ ауылдарына шабуыл жасағанда қай мемлекетке арқа сүйеді?

А) Ресей патшалығына

В) ағылшын үкіметіне

С) Қытайға

Д) қазақ билеушілеріне

10. Орта Азия хандықтарына қарсы бағытталған Тентектөре бастаған көтеріліс қай жылы болды?

А) 1812 жылы

В) 1820 жылы

С) 1816 жылы

Д) 1821 жылы

11. Қапал бекінісі қай жылы салынды?

А) 1845 жылы

В) 1851 жылы

С) 1847 жылы

Д) 1854 жылы

12. Ұлы жүзді басқаратын пристав қай жылы тағайындалды?

А) 1845 жылы 10 ақпан

В) 1847 жылы 11 ақпан

С) 1846 жылы 11қазан

Д) 1848 жылы 10 қаңтар

13. 1865 жылы 5 маусымда патша ІІ Александрдың бұйрығымен не жүзеге асырылды?

А) Қазақ жерін зерттеу сұрақтары дайындалды

В) Қазақ жерін аралау

С) Қазақ феодалдарымен жақын танысу

Д) Қазақтың ағартушы ғалымдарының пікірлерін жинақтау

14. Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы қай қала?

А) Верный

В) Орынбор

С) Ташкент

Д) Омбы

15. ХІХ ғас. 70-80 жж. патша үкіметі орыс шаруаларын Қазақ жеріне жаппай қоныстандыра бастады. Қоныстандырудың басты аймағы қай жер болды?

А) Ақмола облысы

В) Торғай облысы

С) Орал облысы

Д) Жетісу облысы

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *