Біз лицей мұғалімдерін мақтан тұтамыз!
Күні кеше ғана физика, математика, информатика мұғалімдері арасында облыстық олимпиада өтті, соның негізінде республикалық олимпиадаға, халықаралық олимпиадаға, Павлодар облысының намысын қорғау үшін мұғалімдер ішінен бес өкіл тағайындалды, сол тізімге біздің лицей мұғалімдерінің екеуі — физика мұғалімі Исадилова А.Н., математика мұғалімі Жаманов Б.Н. — облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернат мұғалімдері- кіргені үлкен нәтиже еді, олар облыс деңгейінде III орын иегерлері. Ал қазір республика деңгейіндегі олимпиада, халықаралық олимпиада жеңімпаздары. Біз Алмагуль Нуртасовнамен мақтанамыз, оның жеңісі мен нәтижесі лицей ұжымы мен оқушылары үшін үлкен абырой мен мәртебе.
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті физика- математика факультетінің кешегі түлегі Алмагуль Нуртасовнаның екінші үйі лицей деп айтуға болады. Мектептің тарих беттерін парақтағанда, мұғалімнің ерен еңбегін көреміз. Ол өзінің пәнімен қызықтыра біледі, әр оқушыны тұлға ретінде дамытуға ерекше көңіл бөледі, білім мекемесінің әрбір екінші, үшінші оқушысы физика пәнін таңдап, болашағын осы бағытпен байланыстырады. Бұл — мұғалімнің педагогикалық шеберлігі. Осы уақытқа дейін қаншама түлектерге өмірлік жолдама берді деуге болады.
Мұғалім облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі грамоталар мен дипломдар иегері, ал оқушылары облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі жарыстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Алмагуль Нуртасовнаның түлектері Қазақстанның ЖОО мен шетелде оқуларын жалғастырып, қызмет жасап жатыр.
Алмагуль Нуртасовна өзін талантты, кәсіби шебер ұстаз ретінде қаншама рет көрсетіп, дәлелдеп берді: «Жыл мұғалімі», пәндік олимпиадалар, қашықтық олимпиадалар, әдістемелік құралдар, АКТ құралдар жарыстарының қатысушысы, сонымен қатар педагогикалық қызметі барысында бірнеше рет жүлдегер мен номинант атанды: «Демируг» (Жастарды дамыту мен қолдау Еуразия орталығы, Қостанай қ.) I дәрежелі диплом, «Ең үздік интерактивті сабақ» I дәрежелі диплом, Ломоносов атындағы 17- турнирда белсенді қатысушы куәлігінің иегері, Ломоносов атындағы турнирге физика секциясы бойынша I дәрежелі лауреат дайындағаны үшін алғыс хат, ББж ТДИО тарапынан физика есептерін шығару бойынша әдістемелік құралға сертификат. «Инфоурок — 2015» халықаралық қашықтық блиц- турнир жобасын өткізгеніне орай алғыс, «Инфоурок – 2015» жобасы шеңберінде АКТ белсенді қолданғаны үшін «Алтын грамота».
Лицей физика — математика бағытында болғандықтан, физикадан тақырыптарды кеңейту бойынша «11+1» бағдарламасын құрастырды, 9- сыныптарға физикадан дидактикалық материалдар жинағын шығарды. Жаратылыстану кафедрасының мүшесі ретінде ауқымды жұмыстар атқарады, лицейдің ғылыми- әдістемелік кеңесі мен педагогикалық кеңестердің белсенді қатысушысы. Өз педагогикалық тәжірибесімен үнемі бөлісіп отырады, әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық семинарлардың (ББ ж ТДИО тарапынан ) , тамыз конференцияларының белсенді қатысушысы.
Өзінің кәсіби дамуына ерекше көңіл бөледі, педагогика және психологиядағы жаңалықтарды өзінің педагогикалық қызметімен үйлестіріп отырады. Деңгейлік курс кезінде қала мұғалімдеріне бірнеше ашық сабақтар берді. Лицейде қазіргі технологияларға негізделген сабақтар тізбектерін өткізді. Мұғалім мен оқушылардың арақатынасына байланысты сауалнамалар бойынша Алмагуль Нуртасовна жоғары рейтинг көрсетті.
Сынып жетекшілікте ұжымды пайдалы істерге ұйымдастыру, ата-аналармен өзара тығыз байланыс жасау бойынша шебер педагог ретінде өзін танытты. Ұжым арасында беделді, лицейдің қоғамдық өміріндегі іс-шаралардың белсенді қатысушы.
«Ұстаз болу- жүректің батылдығы» дегендей, Алмагуль Нуртасовна өз таңдауын дұрыс жасады, мұны өз жеңісімен дәлелдеді. Мұғалім – күн шуағы, жарқырап сәулесін шашады. Ал біз халықаралық деңгейде жарқырап биіктен көрінген мұғалімдерімізбен мақтанамыз!
Құралай Серікқызы Мұқышева, облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаты директорының орынбасары, Павлодар қаласы
Мы гордимся успехами наших учителей!
Кажется, только вчера прошла областная олимпиада среди учителей математики, физики и информатики и были выдвинуты на республиканскую олимпиаду пять представителей от лица учительства Павлодарской области, среди которых и двое наших учителей Исадилова А.Н – учитель физики и Жаманов Б.Н. — учитель математики, представители областного многопрофильного лицея – интерната для одаренных детей, занявшие ІІІ место на уровне области. А сегодня едут домой с победой на Республике. Мы гордимся Алмагуль Нуртасовной, ее победа, ее результат – это наша победа и стимул для коллектива и учеников лицея.
Для Алмагуль Нуртасовны лицей — ее дом, а дом продолжение работы. Поэтому у нее и у ее учеников такие достижения на всех соревновательных уровнях по предмету. Потому что она умеет увлечь своим предметом, ее уроки не только теория, но и постоянный эксперимент как на уроке, так и в жизни. Алмагуль Нуртасовна уважает мнение ученика, умеет слушать и слышать, она строга, но в тоже время в ней присутствует чувство юмора и ей присущи такие качества как внимательность, чуткость и забота о каждом своем ученике.
18 лет назад, закончив физико – математический факультет Павлодарского государственного университета им. С.М. Торайгырова, Алмагуль Нуртасовна впервые переступила порог школы. Она одна из тех учителей, которая стоит у истоков становления лицея. Она привлекает к себе внимание высокой эрудицией, творчеством и оптимизмом.
Алмагуль Нуртасовна награждена почетными грамотами и дипломами областного, республиканского и международного уровней, ее ученики — победители и призеры предметных олимпиад, конкурсов научных соревнования областного, республиканского и международного уровней. Выпускники Алмагуль Нуртасовны учатся и работают как в Казахстане, так и за рубежом.
Алмагуль Нуртасовна — профессионал своего дела, талантливый педагог, способный зажечь в учениках огонь познания, вовлечь их в водоворот интересной и неповторимой школьной жизни, а также ее ученики – участники Сатпаевских чтений, областного конкурса научных соревнований школьников и многих других конкурсов. Таким образом, расширяется поле деятельности учащихся. Как учитель, Алмагуль Нуртасовна — активный участник различных конкурсов и олимпиад: «Учитель года», предметные олимпиады, дистанционные конкурсы, конкурс методических разработок, ИКТ — конкурсы, на которых за период педагогической деятельности неоднократно была призером и номинантом. Достижения и награды учителя за последние 3 года: диплом 1 степени на педагогической олимпиаде «Демиург» (ЖШС «Евразийский центр поддержки и развития молодежи»), «Самый лучший интерактивный урок -2014», Благодарственное письмо за подготовку лауреата 1 степени в секции по физике на турнире им. Ломоносова, сертификат за методическое пособие по решению задач по физике, Благодарность за проведение Международного дистанционного биц-турнира проекта «Инфоурок», Золотая грамота за активное использование ИТ в рамках проекта «Инфоурок».
Так как лицей естественно – математического направления учитель составила программу на расширение тем по физике, «11 + 1», выпускается сборник дидактических материалов по физике для 9 класса.
Анализ проведенного анкетирования о межличностных отношениях между учителем и учащимися показал достаточно высокий рейтинг Алмагуль Нуртасовны
Работа в школе — непростое дело, но выбор Алмагуль Нуртасовна сделала верный. Мы гордимся Вами, дорогой наш коллега и учитель!
Мукушева Куралай Сериковна, заместитель директора ГУ «Областной многопрофильный лицей-интернат для одаренных детей», г.Павлодар
[bws_related_posts]