Басы » Баяндамалар » Дарынды балалармен ғылыми жоба жұмысын ұйымдастыру

Дарынды балалармен ғылыми жоба жұмысын ұйымдастыру

%d0%ba%d0%be%d0%bc%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d0%b0Батыс Қазақстан облысы

Бөкей Ордасы ауданы

Хан Ордасы ауылы

Жәңгір хан атындағы жалпы

 білім беретін орта мектебінің

 музыка пәнінің мұғалімі

 Алмурзина Рита Жоламановна

       Бөкей Ордасы аудандық

балалар-жасөспірімдер туризмі

және экология орталығының

қосымша білім беру педагогы 

Алмурзина Гульмира Жолдибаевна   

 

«Дарынды балалармен ғылыми жоба

 жұмысын ұйымдастыру»

 «…қазіргі таңда оқушылардың білім деңгейлері мектеп бағдарламасымен шектелмей, оқушы жан -жақты жаңа технологияны  меңгерген, жаңа заман талабына сай адам болуына міндеттелген…»                                                                                                                                                          деп еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаевтың жаңа жолдауында Қазақстан  2050 стратегиясында білім беру саласына аса үлкен назар аударғанын көріп отырмыз.       

Осы орайда мұғалімдерге жүктеліп отырған мақсаттардың бірі шығармашыл, дарынды, талантты оқушыларды қолдау. Осындай оқушылардың деңгейлерін әрі қарай арттыру мұғалімдерге жүктеліп отырғаны баршамызға белгілі. Осы бағытта жұмыстанып келе жатқан жұмысымызды сіздерге ұсынғалы отырмыз.

         Мектептің алдындағы басты міндет әрбір оқушының жас ерекшелігіне, қабілетіне қарай, дарындылығын айқындау және дамыту әр түрлі әдістермен, оның ішінде ғылыми іздену қызметіне ұштасады. Оқушыларды ғылыми жұмысқа баулу кезінде, ғылыми жұмысқа қабілетті оқушылар іріктеліп, белгілі бір тақырып бойынша ғылыми жұмыстар беріледі. Ғылыми әдебиеттерде оқушылардың ізденушілік әрекетінде қолданылатын түрлі терминдер кездеседі: ғылыми-зерттеу жұмысы, ғылыми-ағартушылық жұмысы, зерттеу жүргізу, зерттей оқыту т.б. Сондықтан да жоғарыда аталған терминдердің мәні ғылым, зерттеу сияқты базалық түсініктерді қалыптастырған.

Интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті жоғары балалардың өз бетімен білім алу мүмкіндігі болуы тиіс. Яғни мұндай оқытуды бала өзі анықтайды, өзі басқарады,өзі жүзеге асырады. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық талапқа сай өзіміздің жұмыс жасап отырған мектебімізде алдымызға  қойып отырған мақсатымыз-дарынды балаларды дамытудың теориялық-практикалық негіздемесі болып табылады.

Еліміздің даму стратегиясына сай бүгінгі ұрпақтың оқу-тәрбиес үрдісін ұйымдастыруда педагог мамандардың ғылыми шығармашылық ізденістері  күн тәртібіндегі кезек күттірмейтін мәселе.

Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, танымдық ізденімпаздығын дамыта отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу-қоғамдық мәні зор мәселе. Әлемге жаңалық әкелетін ғалымның ақыл-ой әрекеті мен жаңаны тануға талпынатын баланың ақыл-ой әрекеті арасындағы ерекшелік бұрыннан танылған.

Мектептің алдындағы басты міндет әрбір оқушының жас ерекшелігіне, қабілетіне қарай, дарындылығын айқындау және дамыту әр түрлі әдістермен, оның ішінде ғылыми іздену қызметіне ұштасады.

Оқушыларды ғылыми жұмысқа баулу кезінде, ғылыми жұмысқа қабілетті оқушылар іріктеліп, белгілі бір тақырып бойынша ғылыми жұмыстар беріледі. Ғылыми әдебиеттерде оқушылардың ізденушілік әрекетінде қолданылатын түрлі терминдер кездеседі:

  • ғылыми-зерттеу жұмысы,
  • ғылыми-ағартушылық жұмысы,
  • зерттеу жүргізу,
  • зерттей оқыту

Сондықтан да жоғарыда аталған терминдердің мәні ғылым, зерттеу, ғылыми зерттеу сияқты базалық түсініктерді қалыптастырған. Интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті жоғары балалардың өз бетімен білім алу мүмкіндігі болуы тиіс.

Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына дайындауда мынадай мәселелерге көңіл бөлінеді :

  • тақырыпты қабілетіне қарай таңдауы;
  • алған тақырыпты ашудағы шәкірт еңбегінің сипаты, қосқан жеке үлесі;
  • сөйлеу мәнері, ойын ұтымды, жағымды жеткізе алуы, өз-өзін ұстауы;
  • көрнекілігі мен ұсынылған материалдың сапалылығы;
  • жұмыстың көркем безендірілуі

Осыдан кейін оқушы бойында зерттеушілік қабілет қалыптасады.

Тақырып мақсатын айқындауда оқушы жаңа ақпаратты табады және оны өзінің жоспарына сай енгізеді.

Ғылыми жоба бойынша жұмыстанатын оқушыларға мына  факторларды  ескерген жөн:

  • Ғылыми теориялық білімі;
  • әдістемелік әзірлік жағдайы;
  • жаңалық енгізу деңгейі;
  • өз іс-әрекетін талдай білуі;
  • шығармашылық қасиеттері;
  • қарым-қатынас ерекшелігі;
  • мектептегі психологиялық жағдайы.

Сонымен бізднің басты міндетіміз :

  • Оқушының жас ерекшелігі мен қабілетін зерттеп, зерделеу;
  • Шығармашылық ғылыми ізденіске өзіндік интеллектісінің дамуын назарда ұстау;
  • Оқушының өз бетінше әрекет етуіне мүмкіндік беру;
  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттеріне жол ашып, тұлға дарындығын қалыптастыру.

Ғылыми жұмыстың мақсаты :

  • Жұмыстанып отырған ғылыми жұмыстың тарихын, мәнін маңызын жан-жақты зерделей отырып зерттеу;
  • тарихи-мәдени мұраларды іздестіріп жинақтау, оны көпшілікке таныту;
  • көне жәдігерлерді келешек ұрпаққа жеткізу үшін зерттеу;
  • туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру;
  • ұлттық рухани мұраны қастерлеуге үйрету;
  • табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу;
  • Оқушылардың өзіндік шығармашылық іскерлігін арттыру және қоғамдық өмірге бейімделген интеллектуалды жеке тұлғаны қалыптастыру;

Ғылыми жобалардын рәсімдеуге қойылатын талаптар :

Жоба мәтіні компьютерде басылып мынадай құрылымнан тұруы тиіс:

  • Титул парағы
  • Мазмұны
  • Абстракт қазақ, орыс, сондай-ақ ағылшын тілінде жазылады
  • Кіріспе
  • Негізгі бөлімі
  • Зерттеу бөлімі
  • Қорытынды
  • Ұсыныстар
  • Пайдаланған әдебиеттер тізімі
  • Пікірлер

Ғылыми жобалар талаптарға сәйкес рәсімделеді:

Баспа материалдарын рәсімдеу талаптары:

  • Мәтіндік редактор Windows үшін Word
  • Көлемі 30 стандартты беттен аспауы тиіс
  • Рәсімдеу А-4
  • Жиектері жоғарғы, төменгі-2см, сол жағы – 3см, оң жағы -1,5см
  • Шрифт Times New Roman, 14
  • Азат жолдық шегініс 1 см
  • Интервал 1,0

Титул парағында мыналар көрсетіледі:

  • Жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қаласы, мектебі;
  • Автордың тегі, аты-жөні, сыныбы;
  • Жұмыстың атауы;
  • Жұмыстың ұсынылған бағыты, секциясы;
  • Жетекшінің тегі, аты-жөні, әкесінің аты;
  • Қаласы(ауылы), (жарыстың өтетін жері), жылы;

М а з м ұ н ы 

І.  Аннотация           ……………………………………………………………………………..

ІІ. Аңдатпа               ……………………………………………………………………………..

ІІІ. Кіріспе:              ……………………………………………………………………………..

ІҮ.  Негізгі бөлім:   …………………………………………………………………………….

Ү. Зерттеу бөлімі:   …………………………………………………………………………….

ҮІ. Қорытынды:      …………………………………………………………………………….

ҮІІ. Пайдаланған әдебиеттер   …………………………………………………………….

ҮІІІ.  Пікірлер  ……………………………………………………………………………………

Аннотация

  • Абстракт (250 сөзден артық емес) қамтылған жұмыстың қысқаша мазмұнын көрсетуі тиіс;
  • Зерттеудің мақсаты.

Аңдатпа

  • Ғылыми жобаның негізгі мақсаты
  • Ғылыми жобаның гипотезасы
  • Ғылыми жобаның зерттеуі
  • Ғылыми жобаның зерттеу әдісі
  • Ғылыми жобаның жаңашылдығы
  • Ғылыми жұмыстың дерек көздері
  • Ғылыми жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы
  • Ғылыми жұмыстың практикалық қолдану салалары

Кіріспе    бөлімі :

  • Көлемі (екі беттен артық болмау керек)
  • Зерттеу тақырыбының өзектілігі
  • Жұмыстың мақсаты
  • Алға қойылған міндеттерді шешу әдісі қысқаша көрсетіледі.

Жұмыстың зерттеу   бөлімі :

  • Жұмыстың зерттеу бөлімі жиырма беттен артық емес жеке бөлімдерден тұруы мүмкін
  • Таңдап алынған тақырып бойынша бұрыннан белгілі нәтижелерге аналитикалық талдау жасау
  • Таңдап алынған жұмысты атқарудың қажеттілігіне көз жеткізу және мақсатын құрастыру
  • Қойылған міндеттерді шешу әдістерін сипаттау
  • Жұмыстың нәтижелері және оларды талқылау
  • Безендірілген материалдар (сызбалар, кестелер, фотосуреттер)
  • Пайдаланылған әдебиеттерге сілтемені төртбұрышты жақшада беру керек.
  • Мәтінде кездесетін сілтемелерде нөмірлеу жүйесі болуы керек.

 

 

Қорытынды бөлімі :

  • Бір беттен артық емес
  • Жұмыстың негізгі нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсаттарға пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қамтиды

Пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен мынандай тәртіпте беріледі:

  • автордың тегі және қысқартылған аты-жөні;
  • мақаланың және журналдың атауы;
  • Журналдың, кітаптың аты;
  • Басып шығарылған орны және баспасы;
  • Басылым жылы, шығу нөмірі , беті.

 

Пікір:

Әрбір жұмыста таңдалған тақырыптың мақсаттылығын айқындайтын жетекшінің пікірі, автордың жұмысқа жеке сіңірген еңбегі, жұмыстың кемшіліктері және нәтижесін одан әрі пайдалану жөніндегі ұсыныстар болуы керек .

Ғылыми жұмысқа баға беруде жаңалығы, жеке үлесінің болуын, логикасы, көркемделуі, сұраққа жауаптарының дәйектілігі, жұмыстың қомақтылығы мен пайдалылығы және т.б. шығармашылық дәрежесі ескеріледі. Оқушылардың шығармашылық жұмысты орындау кезінде мынадай танымдық біліктері қалыптасады.

Оқушылардың  ғылыми ізденіс жұмыста беретін тиімділігі:  

  • Ғылыми-зерттеу жұмысы әрдайым ізденіске жетелейді және оны

шығармашылық түрде орындайды;

  • Күнделікті ғылыми-зерттеу жұмысына әсер ететін өзіндік білімін

жетілдіреді;

  • Алған білімін әр түрлі ғылыми-зерттеу жағдайларына пайдалана білуге  және  ұтымды нәтиже алуға бағыт береді;

Қорытынды нәтижесінде  :

  • Оқушы тезис құруды, елдің алдына сөйлеу әдістемесін үйренеді;
  • Жергілікті сазгерлердің өмірбаянын, тарихи орындарды топтастырады;
  • Өз Отанын, елін, жерін қорғайтын азамат қалыптасады;
  • Жиналған материалдарды ғылыми негізде қайта жазады;
  • Ғылыми кітаптармен оқып танысады;
  • Көне көз қариялардың зерттеу тақырыбына сәйкес сұхбаттасады;
  • Білім деңгейі жоғарылап,сөздік қоры дамиды,с өйлеу дағдысы жетіледі.

 

 

 

 

 

2007-2016 оқу жылындағы өзіміз  жетекшілік ететін оқушыларымыздың  ғылыми-зерттеу жұмыстарына тоқталсақ:

 

Оқушылның аты-жөні Жұмыстың   тақырыбы Жобаны   қорғау Нәтижесі
1 Мақашева

Ақжарқын

«Тұңғыштар туын тіккен мекен» Облыстық “Атамекен” Туристік-экспедициясы І орын

диплом

2 Аубекерова Жаннұр «Білім қазынасы-кітап пенен кітапхана» «Өлке тарихы-адамзаттың бір бөлшегі» өлкетану байқауы ІІ орын диплом лауреат
3 Мұхамбетжанова

Луиза

«Орда-өнерлілер өлкесі» Облыстық “Атамекен” Туристік-эксп-сы ІІ орын

диплом

4 Мұхамбетжанова

Лунара

“Орда ауылының жер-су атаулары” Обл.«Туған жер- Алтын бесік» өлкетану байқауы І орын

диплом

5 Ғазезова Тоты «Туған жерін жырға бөлеген Ғ.Ғ.Сейтақ» Облыстық «Туған жер- Алтын бесік» байқау “Алғыс хат”
6 Мұхамбетжанова

Лунара

“Өлкені қоныс еткен өзге ұлт өкілі” ҚР мен Ресей  шекарасында «Мәңгі бірге»туристік-өлкетану І орын

диплом

7 Мұхамбетжанова

Лунара

“Өлкені қоныс еткен өзге ұлт өкілі” ТМД елдеріндегі «Мәңгі бірге» туристік-өлкетану экспедиция байқауы  

ІІІ орын

Диплом

8 Карлова

Жаннұр

«Жәңгір – мәңгі есім» Облысытқ «Атамекен» өлкетану байқауы ІІ орын

диплом

9 Карлова

Жаннұр

«Өшпес –мұражай тарихы» Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі ІІІ орын

диплом

10 Айбатова Салимат «Таңдаулы мектеп музейі» Халықаралық ынтымақтастық жылы  «Әр мектепте мұражай» облыстық мектеп музейлері фестивалі  «Музей және балалар»  

І орын

диплом

11 Айбатова Салимат “Музей және балалар көрмесінде” Халықаралық ынтымақтастық жылы  «Әр мектепте мұражай» облыстық мектеп музейлері фестивалі  «Музей және балалар»  

І орын

диплом

12 Айбатова Салимат “Мектеп музейінің белсенділері” Халықаралық ынтымақтастық жылы  «Әр мектепте мұражай» облыстық мектеп музейлері фестивалі  «Музей және балалар»  

І орын

диплом

13 Айбатова Салимат «Үздік мектеп музейі» Халықаралық ынтымақтастық жылы  «Әр мектепте мұражай»облыстық мектеп музейлері фестивалі  «Музей және балалар»  

І орын

Сертификат

14 Қанатқалиева Айзада “Орда – өнерлілер өлкесі” Республикалық ғылыми жоба байқауы Финалист

Сертификат

Грамота

Медаль

15 Жұмағалиева

Айым

«Ескерткіштер сыр шертеді» «Ең үздік ғылыми жоба» атты Республикалық ғылыми жобалар сайысы ІІ орын

диплом

16 Темирболатова Жанна «Көнені жонып жаңартқан ірі тұлға» «Ең үздік ғылыми жоба» атты Республикалық ғылыми жобалар сайысы І орын

диплом

 

Міне осындай жұмыс түрі бүгінгі оқушыны жоғары оқу орындарындағы ғылыми – зерттеу жұмыстарына үйретеді, мамандық таңдауға да септігін тигізеді деп ойлаймыз. Болашақ балалардың ертеңіне сеніммен қарап, нық сөйлеуі, өздерін болашақ ғалымдардай ұстауы, ол-рухани байлығының шеберлігі.

 

 

 

Әдебиеттер тізімі :

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
  2. «Қазақстан 2050 стратегиясы»
  3. Аудандық, облыстық оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысына қойылатын талаптарының сілтемелері.
  4. «Орал өңірін тану» тақырыбы бойынша үздік авторлық оқу-әдістемелік материалдары Обл.байқауының қорытынды жинағы. Орал, 2009ж
  5. Р.С.Омарова, Ж.К.Елеупаева. Мектеп оқушыларының дарындылығын дамытудың теориясы мен әдістемесі. Актөбе, 2009 ж
  6. Р.С.Омарова. Шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру технологиясы. Актөбе, 2007 ж
  7. Т.С.Сабыров. Окушылардың оку белсенділігін арттыру жолдары. Алматы, 1978 ж[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *