Басы » Баяндамалар » Сындарлы оқыту жаңашыл білімге жетелейді

Сындарлы оқыту жаңашыл білімге жетелейді

Динбай Сабира Нурбергенқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

№ 4 орта мектебі                                                                                 Текелі қаласы

Алматы облысы

Сындарлы оқыту жаңашыл білімге жетелейді

Елдің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың       тағдыры – ұстаздың қолында.

Н.Ә. Назарбаев

 

Тамызды тамылжыған күні еді. Курсқа жолдама алған күнен бастап уақытты тағатсыздана күттім. Сегізінші тамыз күні болатын. Талдықорған қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығына келсем, үлкен ғимараттың есігі айқара ашық екен. Ондағы тренерлердің де көңілдері ашық, жүздері жылы, мейіріммен қарсы алды. Бетпе-бет кезеңде теорияны тыңдай бастағанда, үш күн аң-таң болып тұманды күнде жүрген сияқты болдым. Уақыт өте келе, бұл ойымнан арылып, курсқа келгеніме қуана бастадым. Өйткені, курстан үйренерім көп екенін байқап, сол күннен бастап өзгеру керектігін білдім. Тренерім өзгеруге, жаңашыл ұстаз болуға жол сілтеді. Әрбір мұғалім мектептегі тәжірибесіне өзгеріс енгізу әдістерін білу, сонымен қатар өзгерістердің себептерін анықтау қажет екенін түсіндірді. Мұғалім «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» деген сұрақ мені толғандыра бастады.

Әлемдегі жаһандану үрдісі еліміздегі күллі салаларына айтарлықтай әсер етуде. Әлем жылдам өзгеруде осы бағытта ұрпаққа білім беруші мұғалім де «ХХІ ғасырда нені оқу керектігін?» ұстазға артқан жүк екенін түсіндім. Заман талабы мұғалімге үлкен жауапкершілік артып, жеке тұлғаны бәсекеге қабілетті, өзіндік пікірін нақты жеткізе білетін, терең білімді үйреніп қана қоймай, сол білімін өмірде қолдана білуге үйрету болып отыр. Тәуелсіз мемелекетімізде оқыту мен оқуда табысқа жету үшін мұғалім, оқушыға ашық сұрақтар беріп сыни ойландыратын, өмірге деген көзқарасын өзгерту, сын тұрғысынан ойланатын білікті ұстазы ғана түрлі  кедергілерді жойып, тығырықтан шыға алады. Пажарес айтқандай, оқыту стилін тыңдауда мұғалімнің  білімінен гөрі, өмірде ұстанған ұстанымы маңызды болып отыр. Курсқа келместен бұрын дәстүрлі оқытудағы  іс-әрекетімде оқушыларды сыни ойладыра алмағаным, топта жұмыс барысын ұйымдастыра алмауым, олардың қажеттіліктеріне мән бермеу және алған білімдерін бірін өмірде қолданса, енді бірін пайдалана алмай отырғаны кім-кімді болса да толғандырмай қоймайды. Бетпе-бет кезеңнен кейін зерттеу тәжірибемнің алғашқы күнінен-ақ, теориядан алған білімімді сабақта қолдана бастадым.

Көшбасшылықтың конустық метафорасын Синек тұжырымдағандай, Неге? – мектепте өзгеріс енгізу және оны басқару үдерісімде әріптестеріме таныстырылым өткізіп, сауалнама арқылы қажеттіліктерін анықтадым. Тәлімгерлік пен коучинг арқылы әріптестерімнің тәжірибелерін өзгертуге Қалай? көмектесемін деген ой мені мазалай бастады. Коучинг сабақтарымда тәлім алушы және әріптестеріме теориядан алған білімімді барынша жеткіздім. Бұрынғы тәжірибемдегі тәлімгерлік түзету қағидатына негізделсе, қазіргі тәжірибемдегі тәлімгерлік даму қағидатына негізделді. Тәлім алушы әріптесімнің проблемаларды қарастыруына және шешімін табуына көмектесіп, стратегиялық деңгейде өз тәжірибемдегі жаңа әдіс-тәсілдермен бөлістім. Ал, мұғалімдер оқушылардың оқу үдерісін жақсарту үшін Не? істеу керек деген сұраққа жауап іздеп көргенімде, шыны керек, алдыңғы сабақтарымда өзім көп сөйлеп, оқушыларды сыни ойландыра алмайтынмын. Ал, курстан кейін көп өзгерістер болды. Мысалы СМАРТ оқытудың тиімділігі зерттеу тәжірибеме көптеген жаңалықтар әкелді. Әріптестерім мен оқушылар кері байланыс беруді, табыс критерийлерін құруды, ақпараттық ресурстармен мейлінше жұмыс жасауды үйренді. Сіздердей дара тренерлері бар ұстаздардың болашаққа деген сенімі нық. Болашақта cіздерден үйренерім әлі де көп деп есептеймін. Алаңдағанымнан қуанғаным көп болғай!!!

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *