Басы » Дене шынықтыру » Қозғалыста допты себетке лақтыру

Қозғалыста допты себетке лақтыру

Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай селосы

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің VIII сыныпқа

дене тәрбиесі пәнінің панорамалық сабақ жоспары.

«Қозғалыста допты себетке лақтыру»

Мақсаты :      1.Оқушыларға жаңа сабақты толық меңгерту.

2.Қимыл-қозғалыс әрекетін дамыту.

3.Баскетбол ойынының әдісін үйрету.

 

Орыны:          Мектеп спортзалы.

 

Әдісі:               Түсіндірме, практикалық түр.

 

Түрі:                Жаңа сабақ.

 

Жабдықтар:      Баскетбол доптары, гимнастикалық орындықтар.

 

Уақыты:           45 минут.

 

Сабақ бөлімдері Сабақ мазмұны Уақыт өлшемі Әдістемелік нұсқаулар
Кіріспе-дайындық бөлімі

10-12 мин

1.      Сапқа тұру.

2.      Мәлімдеме қабылдау, түгендеу.

 

3.      Саптық жаттығулар орындау (оң және солға бұрылу, кері бұрылу).

4.      Алаңда жай жүру және жүгіру жаттығулары арқылы денені қыздырынатын жаттығулар жасау.

5.      Орындарында орындалатын жалпы дамыту және арнайы жаттығулар орындау.

 

1 мин

1 мин

 

 

2 мин

 

 

4 мин

 

 

 

 

4 мин

Оқушылардың спорт киімін тексеру.

Көңіл күйіне назар аудару.

Жаттығуды санақпен орындау.

 

Сапта арақашықтықты сақтап жүгіру.

 

 

Арнайы жаттығуларды синхрондық орындау.

Негігі бөлім

28-30 мин

1.      Сапқа тұру.

2.      Жаңа сабақты түсіндіру, тақырып пен мақсатын таныстырып өту.

3.      Оқушыларды үш топқа бөлу.

4.      Практикалық түрде орындап көрсету.

5.      Жаңа сабақ жаттығуларын элемент бойынша, сонынан комплексте орындау.

6.      Топтарға оқу тапсырмасын беру. Практикалық түрде көрсету.

а) I-топ – Себетке орында тұрып допты лақтыру.

б) II-топ – Қозғалыста екі адым жасап, гимнастикалық орындығынан секіріп өту.

в) III-топ – Оң бүйірден екі адым жасап, себетке допты лақтыру.

 

Оқу топтарының орындарын ауыстыру. Жаттығуды комплекс түрінде шағын ойында пайдалану.

 

3 мин

 

 

 

1 мин

 

3 мин

 

8 мин

 

 

 

15 мин

Сабақ тақырыбын түсіндіріп, практикалық түрде көрсету.

Топ басшыларын тағайындау.

 

 

 

 

 

 

 

Жаттығуды элементтер бойынша үш топ арасына бөлу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шағын ойын үстінде үйретілген әдістерді толық пайдалану.

 

 

Қорытынды бөлім

5 мин

1.      Сапқа тұру.

Ағзаны, денені қалыпқа келтіретін жаттығулар топтамасын орындау.

2.      БҮҮ-стратегиясы.

3.      Үйге тапсырма беру

4.      Бағалау.

2 мин

 

 

 

1 мин

1 мин

1 мин

Белсенді оқушыларды атап өту.

Қателерді жою жолдарын айтып өту.

 

 

Пән мұғалімі: жоғары санаттағы мұғалім  Ербол Альмагамбетов.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *