Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Құйрықты жұлдыздай жарқ еткен жұлдыз

Құйрықты жұлдыздай жарқ еткен жұлдыз

Қостанай облысы 
Амангелді ауданы 
«А.Нұрманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Кусайнова Карлыгаш Талгатовна
«Құйрықты жұлдыздай жарқ еткен жұлдыз» тақырыбында семинар сабақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Ш.Уәлихановтың өмірі мен ғылыми мұрасынан алған білімдеріне қосымша мәліметтер келтіре отырып, жан-жақты талдау жасау, пысықтау.

Дамытушылығы: Оқушылардың ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өзіндік пікір, көзқарастарын қалыптастыру, картамен жұмыс жасау дағдысын арттыру.

Тәрбиелік: Ұлы ғалымның қазақ халқы үшін жасаған қызметіне, өз халқының мәдени жетістіктеріне деген құрмет пен сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: семинар сабақ

Сабақтың әдісі: блум таксономиясы, екі жұлдыз, бір тілек, топтық жұмыс, жекелей жұмыс, картамен жұмыс

Сабақтың тәсілдері: ой шақыру, сәйкестендіру, өрмекші торы, түйін сөз, эссе.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, Қазақстанның физикалық картасы

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылардың өз бетінше ізденуіне, зерттеуіне жол ашылады, алдына қойған жұмыстан белгілі бір дәрежеде нәтиже шығара алады;
  • Оқушы мұғалім әрекетінің әсерін толық сезінеді және бағыт-бағдарды басшылыққа алып, жүзеге асырады;
  • Бір немесе бірнеше көзден ақпарат алу, алынған ақпаратқа сыни тұрғыда қорытынды жасай біледі;
  • Іс-тәжірибелерінде қолдану шеберлігін арттырады.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабақтың мақсатымен таныстыру.

Оқушылар, бүгінгі сабағымызда қазақ аспанында құйрықты жұлдыздай жарқ етіп, қысқа ғұмырында халқына өлмес, өшпес мұра қалдырған біртуар ғалым Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығына арнаймыз.

«Шоқан тек бір мамандықты ғана жақсы білетін ғалым емес, ол әр жақты ғалым» — деп профессор, зерттеуші ғалым Қажым Жұмалиев айтқан пікіріне қосыла отырып, Шоқанның ғылымның қай саласында да өзіндік орны бар қазақтың тұңғыш ғалымы екенін, яғни «құйрықты жұлдыз» атанғанын, есімі мәңгі ұмытылмайтынын әр түрлі тапсырмаларды орындау арқылы дәлелдейік. Осы жолда сендерге сәттілік тілеймін!

 

 

ІІ. Кіріспе бөлімі.

Бұл күнде аты мәшһүр дана Шоқан,

Өр тұлға, кесек ойлы дара Шоқан.

Қазақтың аспанында жұлдыздай боп,

Жарқырап ағып өткен баба Шоқан.         Маман Ементаев (журналист, ақын, сазгер)

Әр уақыттың әр кезеңінде халықтың біртуар данышпандары дүниеге келген. Ондай дана перзенттер біртұтас бір тарихи кезеңдегі халықтың мәдени өлшеміне, рухани биігіне айналып отырған. Сондай адамдардың бірі – ХІХ ғасырда өмір сүрген, кейінгі ұрпаққа рухани-әлеуметтік мұра қалдырған, әлем мойындаған дана ғалым – Шоқан Уалиханов.

Шоқан небәрі 30 жасқа толар – толмастан қайтыс болды. Сондықтан да шығыстанушылар оның өмірін аққан жұлдызбен, жарық жұлдызбен, дала жұлдызымен теңеп келеді. Шоқан – ғасырларға қызмет ететін ұлы тұлға.

ІІІ. Негізгі бөлім.

  1. «Білу»

А) «Ой шақыру»

Ш.Уалиханов туралы қандай деректер білесіңдер?

  1. «Түсіну»

А) «Сәйкестендіру». Хронологиялық кесте.

1854 жылы Шоқан қырғыз еліне, Ыстықкөл аймағына сапарға шығады.
1853 жылы Омбы Кадет корпусында білім алған
1847 – 1853 жылдары Жетісу, Шығыс, Орталық Қазақстан өлкелерін аралап, саяхатқа шығады.
1835 жылы қараша айында Шығыс Түркістанға (Қашқарияға) сапарға шығады.
1856 жылы Қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде дүниеге келген
1857 жылы,17 ақпанда Орыстың императорлық географиялық қоғамына толық мүше болып сайланды.
1865 жылы Ресей мемлекетінің сол кездегі астанасы Санк – Петербургте тұрады.
1859 – 1861 жылдың көктеміне дейін Омбы генерал – губернаторы Г.Х.Гасфорттың адьютанты болып қызмет етеді.
1858 жылы Генерал М.Г.Черняевтің әскери жорығына қатысады.
1864 жылы Дүниеден озды.

 

 

  1. «Қолдану»

А) «Топтық жұмыс»

Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларын слайдта көрсету арқылы қорғайды. Қорғауға әр топқа 2 минут беріледі.

І-топ«Өмір дерек» (Шоқанның өмірі туралы деректер).

ІІ-топ«Ерлік сапар» (ғалымның саяхаттары)

ІІІ-топ«Шапағаты нұр құйған жүректерге» (ғалым туралы айтылған пікірлер)

ІҮ-топ«Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел» (Шоқан туралы жазылған шығармалар, орнатылған ескерткіштер, түсірілген көркемфильмдер, т.б.)

Ә) «Өрмекші торы»

Оқушылар шеңбер құрып, бір-біріне сұрақтар қою арқылы өрмекші торын жасау, яғни алған білімдерін қаншалықты қолдана алатындығын тексеру.

ІҮ. Сергіту сәті.

Айтылған нысандарды картадан жылдам көрсету. Дұрыс және жылдам, бірінші көрсеткені үшін сыйлық беріледі.

Ертіс өзені, Сауыр-Тарбағатай тауы, Мұғалжар тауы, Сарыарқа жері, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақ жазығы, Торғай өзені, Жетісу Алатауы, Алакөл көлі, Қарақия ойысы, Алматы, Қостанай, Қарағады, Каспий маңы ойпаты, Сырдария өзені

  1. «Талдау»

А) Кескін картамен жұмыс. Қазақстанның зерттеген жерлерін кескін картаға түсіру.

Ә) «Түйін сөз». Тақырып бойынша әр оқушы түйін сөз айту.

  1. «Жинақтау»

А) эссе жазу.

 «Құйрықты жұлдыздай жарқ еткен жұлдыз» тақырыбында.

  1. «Бағалау»

А) «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы төрт  топ бір-бірін бағалайды. Стикерлерді толтырып, тақтада тұрған тілектер мен ұсыныстар парағына жабыстырады. Топтық бағалау.

Ә) Марапаттау арқылы топтарды бағалау.

Ү. Қорытынды.

Иә, айта берсек, Шоқан таусылмайтын жыр, сарқылмайтын сыр.  Шоқан мұрасы – халық қазынасы. Халқымыздың ұлы перзенті, өз елінің теңдігі мен өрлеп дамуы, елдік дәрежесі туралы армандап кетсе, ұрпақтары сол армандарды бүгінгі таңда жүзеге асырып, егеменді еліміз дүниежүзілік өркениетті елдердің қатарында тұрғанын мақтанышпен айта аламыз.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *