Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Айтыс- халықтың көзі,халықтың үні

Айтыс- халықтың көзі,халықтың үні

Оңтүстік Қазақстан Облысы

Мақтарал ауданы

«Қызылқұм» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қосымша білім беру педагогы

Махимова Шырын Сатыбалдықызы

Айтыс- халықтың көзі,халықтың үні.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Айтыс туралы білімдерін бекіту, бұрынғы және осы күнгі айтыскерлер туралы зерттеу.Олардың негізгі тақырыптарды талдай білу.Оқушыларды айтыс өнеріне және қызығушылықтарын оята отырып, шешендік өнерге баулу.
  • Дамытушылық: Оқушылардың айтыс өнеріне және домбыра аспабына қызығушылықтарын арттыру.Сөздік қорланын солайта отырып,ой ойынан өлең құрай білуге және өз бетінше ізденуге  дағдыландыру.
  • Тәрбиелік: Салт -дәстүрімізді сақтау.

Көрнекілігі:домбыра, ұлттық оюлар, суреттер,рефераттар,буклеттер.

Сабақтың түрі:Сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі:Талдау, түсіндіру, зерттеу, сұрақ – жауап, көрініс,қорыту.

Пәнаралық байланыс: музыка, тарих.

Сабақтың барысы:

Құрметті ұстаздар,оқушылар.

Жалпы қазақ халқы «Бас кеспек  болса да,тіл кеспек жоқ» деген қағиданы ұстанған.Сондықтан қазаққа  ақындық, шешендік өнер барынша  қарыштап қанатын кеңге жайған.Енді «Айтыс халықтың тілі,айтыс халықтың үні» атты сайыс сабағымызды ашық деп жариялауға рұхсат етіңіздер.

«Өнер-өлең дейтін, жыр десе елеңдейтін», демекші қазақтың қанына сіңген қасиетті айтыс өнерін тамашалауға шақырамыз.

  • топ: «Талаптылар» — зерттеушілер.
  • топ: «Алғырлар» — бұрынғы айтыстар.
  • Топ «Ізденімпаздар»- осы күнгі айтыстар.

Бағалаушы: 2 оқушы Тәліпбек Ф,Салжан Ж.

Кестеге әр оқушының  бағаларын  түрлі – түсті стикерлер арқылы, бағалап, көрсетіп отырады.

Қызыл түс –«5».

Көк түс – «4».

Жасыл түс – «3».

Сары түс – «2».

 

 

 

Мұғалім:

  • тапсырма: Әр топ өздеріне тапсырылған жұмыстары бойынша зерттеу жұмыстарын жасап, айтыс туралы ойларын салып жарысу.
  • тапсырма:Зерттеушілер тобының мақсаты айтыстың көне М.Қашқаридың «Диуани-лұғати ат түрік» атты еңбегінде «жаз бен қыстың» айтысы және Қ.А. Яссауидің «Диуани хикмет» өлеңдерінде Жұмақ пен Дозақтың айтыстарынан басталып ХХІ дейінгі аралықтарда зерттеу жасап, түрлеріне жеке- жеке тоқталып өткен.

Бұрынғы айтыстар тобы (алғырлар) Сүйінбай, Жамбыл, М.Мақтаұлы, Ә.Найманбаев: Біржан мен Сара, Жамбыл мен Айкүміс айтыстарына тоқталып, өлеңдеріне талдау жасау.

«Ізденімпаздар»  тобы: Осы күнгі айтыстар тобының мақсаты ерекшеліктеріне, ақындар тоқталып талдау жасау.

Айтыстың түрлерінен көрініс көрсету.

«Талаптылар» тобы «Бәдік» айтысы.

«Алғырлар» тобы «Қыз бен жігіт» айтысы.

«Ізденімпаздар» тобы «Оқушы қыз бен ұлдар» айтысынан үзінді жасау.

Ендігі кезекті білімділер сайысына береміз

  • тапсырма: Сұрақтарға әр топ өз ара бірлесіп отырып жауап беру.

Мынадай сұрақтар беріледі.

  • Бұрынғы айтыскер ақындардан кімдерді білесіңдер?
  • Айтыскер ақынға қандай қасиеттер тән болуы шарт?
  • Айтыскер ақындар айтыста не себепті жеңіліп қалады деп ойлайсыңдар?
  • Осы күнгі айтыскер ақындардан кімдерді білесіңдер?
  • Жамбыл мен айкүмістің айтысы туралы не білесіңдер?
  • Айтыстың адам тәрбиелеудегі рөлі қандай?
  • Біржан мен Сара айтысының көтерген әлеуметтік мәселесі қандай?
  • Қазіргі айтыстар мен бұрынғы айтыстардың ерекшеліктері неде?
  • Айтыс өнері қай жерде, қай халықтарда қалыптасқан?
  • Қазақ ауыз әдебиетінде айтыстың неше жанрлық түрлері бар?

 

  • Тапсырма: «Сөзжұмбақ» шешу

Сабақты бекіту:

  • Айтыстың болашағы жайында не ойлайсыңдар?
  • Қазіргі айтыстарға көңілдерің тола ма?

Сабақты қорыту:

  • Бағаларын қойып, топтың балдарын есептеу.
  • «Айтыс — асыл қазынамыз» тақырыбында эссе жазу.
  • [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *