Басы » Баяндамалар » Мектеп жасына дейінгі балалардың дидактикалық ойындар арқылы ақыл – ойын дамыту

Мектеп жасына дейінгі балалардың дидактикалық ойындар арқылы ақыл – ойын дамыту

 Мектеп жасына дейінгі балалардың дидактикалық ойындар арқылы ақыл – ойын дамыту.

 

«Ойнай білмеген, ойлай білмейді» — деген                                 қазақ халқымыз.

 

Мен мектепке дейінгі мекемеде  8 жылдан бері қызмет атқарамын. Осы уақыт ішінде мектеп жасына дейінгі балалармен оқу тәрбие  барысында әр түрлі мастер класстар, тақырыптық оқу іс-әрекетінде, дәстүрден тыс сабақ, сергіту сәттерін, мерекелік іс – іс шаралар өткізіп отырамын. Өз  тәжірибемді тек қана балалармен ғана емес басқа мекемелердің педагогтарымен алмастырып білімімді үнемі толықтыру үстіндемін.

Белгілі педагог А.С. Макаренко баланың өміріндегі ойынның атқаратын қызметі туралы; «Үлкендер үшін жұмыстың қызметтің маңызы қандай болса, балалар үшін ойынның да сондай маңызы болады» – деген екен. Ойын барысында бала өзін қоршаған ортамен үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүниенің сырын ашады. Ал ұлы педагог К.Д.Ушинский: «Кімде кім баланың тіл қабілетін дамытқысы келсе, ең алдымен оның ой – өрісін қабілетін дамытуы тиіс» — деген.

Ойын дегеніміз – жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл – күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын – төзімділікті алғырлықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай – ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттерді қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық тиімді әдістердің бірі.

Ойын балалардың  негізгі  іс – әрекетінің бірі болғандықтан мен балабақшада көптеген ойын түрлерін қолданамын. Атап айсақ:

  1. Дидактикалық ойын
  2. Іскерлік ойын;
  3. Рөлдік – мазмұндық ойын;
  4. Сюжеттік ойын;
  5. Қимыл – қозғалыс ойын;
  6. Үстел үсті ойындары;
  7. Шығармашылық ойын;
  8. Электронды дидактикалық ойын;
  9. Логикалық қызықты тапсырмалар;
  10. Саусақ ойындарын т,б ойындарды оқу іс – әрекетінде пайдаланамын.

Бүгінгі күн талабы – баланының ақыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойын  жүйрік етіп тәрбиелеу. Сондықтан мен

балалардың танымдық процесстерін дамыту мақсатында көбіне «Дамытушы» ойындарды қолданамын. Әр бір дидактикалық ойын әр баланың жас ерекшелігіне сай болуы тиіс. Әр ойынның тақырыбы, мақсаты және шарты, ережесі болады. Атап айтсам  «Танграмм», «Сөз ойла, тез ойла», «Дыбысына қарай ажырат», «Қай жануардың төлі?», «Ұқсасын тап», «Көршісін тап», «Жоғалған сандар», «Колумб жұмыртқасы», «Домино», «Мозойка», «Лото», «Бұл қай кезде болады?», «Түсіне қарай ажырат», «Ұқсас пішінді тап», «Ретімен орналастыр», «Орнын тауып орналастыр» т,б. Осы ойындар балалардың ойлауын, қиялын, есте сақтауын, қабылдауын, зейінін, логикалық ойлау қабілеттерін жүйелі түрде дамытады.

Оқу іс – әрекет барысында осындай дидактикалық ойындарды  жүйелі түрде пайдаланатын болсақ, бүгінгі күннің талабына сай қазақстанның болашақ  білімді де білікті ұрпақтарын тәрбиелеймін деген сенімдемін

 

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қоянды ауылы МКҚК «Аялы – Ай» балабақшасының әдіскері: Серикгул Заманбекқызы

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *