«Суындық» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Ажар Алтыбаева
Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің мағыналық түрлері
Мақсаттары: Өткен тақырыптармен байланыстыра отырып, сын есімнің мағыналық топтарын кестелер арқылы түсіндіру, топтық жұмыс жасау арқылы сын есімнің мағыналық түрлері туралы мағлұмат беру
Күтілетін нәтиже :
-Топта бірлесе жұмыс жасау арқылы сын есімнің мағыналық түрлерін ажырата біледі;
-Тақырыптан ереже шығара алады.
-Сыни ойлау дағдысы қалыптасады, өмірде қолдана біледі
Модульдері: АКТ (ақпараттық коммуникативтік технология), СТО (сын тұрғысынан ойлау), ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері), ТжДОЖ (талантты және дарынды оқушылармен жұмыс). ОБжК (оқытуды басқару және көшбасшылық), ОҮБжОБ (оқыту үшін басқару және оқытуды бағалау), ДО (диалогтық оқыту)
Оқыту әдіс- тәсілдер: «Кім жылдам?», «Миға шабуыл», «Сөздер банк», «Еркін әңгіме», «Екі жұлдыз, бір тілек!»
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
Сабақ барысы | Уақыты | Мұғалімнің іс- әрекеті | Оқушының іс-ірекеті |
Кіріспе | 5минут | Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру.
Ұлт өкілдері(қазақ,орыс,ағылшын) арқылы топқа бөлу. |
«Шаттық шеңберінде» ән айтады.
Ұлтөкілдері(қазақ,орыс,ағылшын) бойынша топқа бөлінеді |
Таныстырылым
Қызығушылықты ояту |
Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыпқа шолу жасатады (үш тілде)
— Сын есім дегеніміз не? — Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді? — Сын есім сөздерге қандай сөздер жатады? |
«Кім жылдам ?» әдісі арқылы үш топ үш тілде жауап береді
Ітоп «Қазақ» ІІ топ «Орыс» ІІІ топ «Ағылшын» |
|
Негізгі бөлім
Мағынаны тану |
1.Топтық жұмыс
Сын есімнің негізгі белгілеріне мысалдар келтіру арқылы топтастыру,ереже шығарту 2.Оқулық жұмыс. — «Сөздер банк» әдісі арқылы сын есімнің мағыналық түрлерін ажыратуға тапсырма беру
«Бірге ойлаймыз » әдісі арқылы 130- жаттығу. (132- жаттығу бойынша) |
1.Сын есім сөздерден мысал келтіреді,үш тілге аударып, ереже шығарады ,түрін ажыратады
2.І топ. 128 –жаттығу ІІ топ . 129 – жаттығу. ІІІ топ. 132 –жаттығу. Сапалық және қатыстық сын есімдерді екі топқа бөліп жазып, орыс және ағылшын тілдеріне аударады «Білім жолы — нұрлы жол тақырыбында» үш топ үш тілде сын есім сөздерді қатыстырып, мәтін құрайды. |
|
Қорытынды | Жеке жұмыс.
Тест тапсырмалары |
Кітапта берліген тест тапсырмаларын орындайды | |
Бағалау | «Екі жұлдыз, бір тілек!» әдісі арқылы топ мүшелері бүгінгі сабақтан алған білімдері мен әсерлері жайлы ой –пікірлерін айтады .Топтар бірін – бірі бағалайды, ұсыныс -пікірлерін білдіреді. | -Не үнады?
-Не ұтымды болды? — Менің ұсынысым! |
|
Үйге тапсырма: | 131- жаттығу . Морфологиялық талдау. | ||
Кері байланыс | «Бас»- бүгінгі сабақта басың арқылы нені меңгердім?
«Қол»- бүгінгі сабақта қолың арқылы нені жасайалдың? «Жүрек» — Бүгінгі сабақта жүрегің арқылынені сезіндің? |
Шығу парақтарына кері байланыс жазады |