Тунгатарова Асылтас
Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Жыңғылды ауылы
Есір Айшуақұлы атындағы орта мектебі
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар: Морфология Күні: Қатысқандар саны: 16 Сынып: 6-сынып Қатыспағандар саны: 1 |
|||
Сабақтың тақырыбы | Еліктеу сөздер | ||
Сілтеме | Қазақ тілі оқулығы,6-сынып
Авторы С. Исаев. Ж. Дәулетбекова. Алматы « Атамұра » баспасы 2005, МАН. |
||
Жалпы мақсаты | Еліктеу сөздер туралы түсінік қалыптастыру.Еліктеу сөздердің басқа сөз табынан өзіндік ерекшелігін меңгерту. Еліктеу сөздерді мәтін ішінен ажырата білу. | ||
Ресурстар | Интертақта,постер, смайликтер,маркер, стикерлер, флипчарт | ||
Күтілетін нәтиже: | Еліктеу сөздер туралы біледі.Еліктеу сөздердің өзіндік ерекшелігін ажырата алады. Оқушының белсенділігі артып, өз бетімен жұмыс істей алады. | ||
Пәнаралық байланыс | Әдебиет | ||
Блум таксономиясы | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау |
Ұйымдастыру. Жағымды психологиялық ахуал орнату. | Оқушылармен амандасу. « Мен үшін ең керемет күн» арқылы бүгінгі күнге сәттілік тілеу, ақ,сары, қызыл гүлдер арқылы топқа бөлу, топ ережесімен танысу.
Ақ түс –қайырымдылықтың, тазалықтың белгісі. Көк түс- молшылықтың, татулықтың белгісі. Сары түс-көңілдендіреді, бой сергітеді. |
Мұғаліммен сәлемдесу. Ақ, сары, қызыл гүлдер арқылы 1-топ «Мен үшін », 2-топ «ең керемет», 3-топ «күн» деп үш топқа бөлу. | |
Білу. Үй тапсырмасы. «Миға шабуыл» кезеңі. Есте сақталған немесе білетін ақпарат деңгейін тексеру. | «Блиц сұрақтар» әдісі. Өткен материалдарды еске түсіру. | Шарты: Ұяшықтардағы сандарды таңдау арқылы топ мүшелері сұраққа жауап береді. | Мадақтау сөздер арқылы, смайликтер арқылы бағалау. |
Түсіну. Жаңа сабақ. Мақсаты: жаңа тақырыпты мұқият оқиды. | Тақырыпты оқушыларға іштей оқыту, тақырыпты түсіну. | Жаңа тақырыпты түсінеді, өз білетіндерін ортаға салады. | Смайликтер арқылы формативті бағалау. |
Қолдану. Мақсаты: алған теориялық білімін практикада қолдану. | Постер қорғау. «Мен үшін» тобына: Табиғат құбылыстарына байланысты еліктеу сөздер. «ең керемет» тобына: Отбасына байланысты еліктеу сөздер. «күн» тобына: Жануарларға байланысты еліктеу сөздер.
230- жаттығу. |
Постер қорғайды.Оқулықпен жұмыс. 230-жаттығу.Еліктеу сөздерді тауып, қандай сөздермен тіркесіп тұрғанын айту. | Басбармақпен, смайликтер арқылы бағалау. |
Сергіту сәті. | «Бразилия» жаңбыры | ||
Талдау. Мақсаты: оқушының шығармашылық дағдысын қалыптастыру. | Шығармашылықпен жұмыс. | Сурет бойынша еліктеу сөздерді пайдаланып, эссе жазу. | Критериалды бағалау. |
Жинақтау. Мақсаты: оқушылардың еліктеу сөздерді ажырата алуын қадағалау. | Еліктеу сөздер дегеніміз не болды? Бір мысал келтіру. | Еліктеу сөздерге мысал келтіреді. | Смайликтер арқылы бағалау. |
Кері байланыс. | Кері байланысты іске асырады. | ||
Бағалау. | -Бүгінгі сабақ жеңіл болды ма?
— Сабақ қызықты өтті ме? — Жадымызда оңай сақталды ма? |
Оқушылар өз еңбектерін бағалай біледі. | Білімін зерделеу, жиынтық баға қою. |
Үйге тапсырма | Ереже, 20 еліктеу сөз жазу. 5 сөйлем құрау. |