Тунгатарова Асылтас
Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Жыңғылды ауылы
Есір Айшуақұлы атындағы орта мектебі
КОУЧИНГ
Тәлімгер мен тәліп арасындағы қатынас
Мұғалімнің аты – жөні: | Тунгатарова Асылтас |
Күні: 24. 03. 2017.ж. | Қатысқандар саны: 20 |
Жалпы мақсаты: | Тәлімгерлік пен тәліп арасындағы қарым – қатынас жөнінде ұғым қалыптастыру |
Күтілетін нәтиже | Оқыту мен оқуда тәлімгер мен тәліп жөнінде білуді қажет екендігін түсіндіру |
Дерексөздер: | МАН, Бейнежазба |
Тапсырмалар: | Топтық талқылау, сұрақтарға жауап беру, дәлелдеу, артистік шеберлік |
Ресурстар | Қима қағаздар, интер тақта, маркер, флипчарт, қоржын |
Сабақ бойынша коучинг пен мұғалімдердің іс – әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі | Коучтің іс — әрекеті | Мұғалімнің іс – әрекеті |
Психологиялық ахуал орнату, топқа бөлу. Қызығушылықты ояту. |
Мұғалімдер шаттық шеңберін орнатып, мұғалімдерді топқа бөледі. | Қатысушы әріптестер өз бойында ата-анадан қандай жақсы қасиет дарығаны туралы айтады. Қима қағаздар арқылы топқа бөлінеді: адалдық, сенімдік, табандылық. «Адамгершілік – ардың ісі»деп өз ойларын айтады. |
Мағынаны тану | «Миға шабуыл» әдісі
Бейнежазбаның бастапқы бөлігі көрсетіледі. Сол арқылы жетелеуші сұрақтар қойылып, әркімнің пікірлерін тыңдау. Бейнежазбаны аяқтау. |
Әріптестер өз пікірімен салыстырады. Осыдан коучинг тақырыбы ашады. |
Тақырып бойынша мәлімет беру. | Қатысушыларға «Мұғалімге арналған нұсқаулық» тәлімгер мен тәліп арасындағы қатынас туралы түсінік беру. | Бетшелер таратылады. |
Постермен жұмыс | 1. «Адамгершілік» тобына:
Тәлімгер дегеніміз кім? 2. «Табандылық» тобына: Тәліп дегеніміз кім? 3. «Қайырымдылық» тобына: Тәлімгерлік үдерісі |
Мұғалімдер берілген тақырып бойынша постер қорғайды |
Сергіту сәті
|
Ортаға мұғалімдерді шақырады | Қатысушылар сергіту сәтін орындайды |
Ой толғаныс
|
1. «Адамгершілік» тобына:
«Бес жолды өлең» әдісі. 2. «Табандылық» тобына: «Дыбыстар сөйлейді» әдісі 3. «Қайырымдылық» тобына: Венн диаграммасы
|
Қатысушы мұғалімдер берілген тапсырманы орындайды. |
Кері байланыс | Бағдаршам бойынша қатысушыларға қызыл, сары, жасыл бетшелер таратылады.
1. Коучингтен алған әсерім? (жасыл) 2. Бүгінгі сабақта білгеніңнің ең маңыздысы? (сары) 3. Қандай нәрсе сәтті болған жоқ? (қызыл)
|
Мұғалімдер сабақтың өтілу барысын қызыл, сары, жасыл түстер арқылы бағалайды, жазады. |