Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Мақал-мәтелдер, жұмбақтар.

Мақал-мәтелдер, жұмбақтар.

Мақал-мәтелдер, жұмбақтар.

 Мақсаты:

1.Оқушылардың танымдық қабілетін арттыра отырып, мақал-мәтелдердің,жұмбақтардың  ғибраттық,тәрбиелік  мәнін, сөйлемдегі орнын таныту.

2.Алғырлығы мен аңғарымпаздық,тез шешім қабылдай білу, ойлау қабілетін арттыру.

3.Ата мұраны құрмет тұтуға, өз пікірін мақал-мәтелмен көркемдеп жеткізіп, ойын түйіндеп айта білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа материалды меңгерту

Сабақ типі: білім-білік, дағдыны арттыру

Әдіс-тәсіл: пікір бөлісу, талдау, сұрақ-жауап, іздендіру т.б.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. 1.Оқушыларды түгендеу.

2.Үй тапсырмасын тексеру, өткен сабақты пысықтау арқылы жаңа сабаққа бағыттау.

ІІ.Жаңа сабақ. 1.Мына мақал — мәтелдердің мағынасын аш:

А)Оқу –инемен құдық қазғандай. Үлгі :  « инемен құдық қазу —  қиын»   Қорытынды:   Оқу-қиын.

Ә) Досы көпті жау алмайды.

Б) Біреуге ор қазба, өзің түсерсің.

В)Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.

Ғ)Батырды намыс өлтірер.

2.   Жұмбақтардың тәрбиелік мәні, бала тәрбиесіне,өсу қабілет ерекшелігіне әсері.

3. Мына мақал-мәтелдерді тақырыбына қарай топтау. Жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады.Досы көпті жау алмайды.Ананың басқан жерінде бейіш бар. Білекті бірді жығады, білімді мыңды шығады. Әке жүрегі таудан үлкен,ана жүрегі теңізден терең.Қалауын тапса,қар жанар. Жігітті жолдасынан таны. Білім қымбат, білу қиын.

4. Мына мақал-мәтелдерді аяқты:

Ойнап сөйлесең де …     Ер жігіт ел үшін туады, ….     Атаңның баласы болма,….

Тоқсан ауыз сөздің…     Жан қиналмай …..                    Батыр туса —  ел ырысы, …

ІІІ.Бекіту. 1.Адамгершілікке үйрететін, достыққа шақыратын мақал-мәтелдер айт.

2. Өмір, дене мүшелері туралы жұмбақтарды  еске түсір.

ІҮ. Үйге тапсырма.

  1. «деп», «дегендей» көмекші сөздерді қолданып мақал-мәтелдерді қолданып ой толға.
  2.  10 жұмбақ   жазып келу,жатқа оқып ,жасыру.

 

Ү. Бағалау.Жауап берген оқушыларды бағалау.

1 пікір

  1. зачем тута ничего нету. найдите мне пожалуйста сочинение на тему ер туады ел ушин ладно заранее спасибооо

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *