Ертегілер, олардың түрлері
Мақсаты:
1.Ертегілер, оларлың түрлері, ертегі кейіпкерлері, халықтың-арманы арқылы ертегілердің маңызын түсіндіру.
2.Сайыс, іздендіру тапсырмалары арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту,іздену қабілеттерін арттыру, қызығушылықтарын ояту.
3.Ертегінің жағымды кейіпкерлері арқылы адамгершілікке, жаман әрекет иелері іс-әрекеттері арқылы жамандықтан жиренуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа материалды меңгерту
Сабақ типі: білім-білік,дағдыны арттыру, өткен тақырыпты бекіту.
Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушыларды түгендеу.
2.Үй тапсырмасын тексеру, өткен сабақты пысықтау арқылы жаңа сабаққа бағыттау
ІІ.Жаңа сабақ.
Ертегілер:
2 қиял – ғажайып ертегілер- табиғат сырларын білсек деген тілектен туған;
3 хайуанаттар туралы ертегілер-адам бойындағы келеңсіз қасиеттерді көрсету;
4 тұрмыс- салт ертегілері-еңбек,адалдық,қарапайым ертегілер.
Топпен жұмыс — өткен сыныптағы білімдерін тексеру үшін,сайыс өткізу.
І кезең.
Сұрақтар:
- Әдебиеттің неше түрі бар?
Ертегі қандай әдебиет түріне жатады?
- «Ер Төстік» ертегісінің кейіпкерлерін ата.
- Таусоғар,Көлтауысар,Желаяқ,Бапы хан ,Ерназар ,перінің қызы Бекторы қай ертегі кейіпкерлері?
- Ер Төстік, Керқұла атты Кендебай, Сырттан жігіт барлығын бір сөзбен қалай атауға болады?
- «Керқұла атты Кендебай» ертегісінің кейіпкерлерін ата.
- Хайуанаттар ертегісі кейіпкерлеріне кімдер , әлде нелер деп сұрақ қоямыз ба ?
- 40 өтірік айтқан бала кім?
ІІ кезең.тур.
а) «Бір күні шал шаңыраққа қарап жатса, ілулі тұрған төстікті көреді.» — үзінді қай ертегіден алынған?
б) «Бай баласының түсіне осы түс күнде кіріп, бала уайымнан жүдей бастайды» -ертегінің атын ата.
в) «Ол көлдің басына қонбасын, иесі — перінің қызы Бекторы» кімнің сөзі
және кімге арнап айтылған?
г) Жетім балаға көмектесу үшін қиындықтан қорықпаған кейіпкерді ата.
2-тур.
а) Ең ақылды, ең тапқыр, байлық үшін адамгершіліктен кетпейтін уәзірді ата.
б) Байлықтан масайған, өлімді ойынға айналдырған хан қай ертегіде?
в) Аяз би айтуы бойынша адамның , құстың, шөптің жаманы қандай?
3-тур. Қатысушылардың тапқырлығы мен шапшаңдығы жарысады.
«Мен айда болғанда» тақырыбына жылдам өтірік әңгіме құрастыру.
ІІІ. Қорытынды. Қазылар алқасының бақылауымен жүлдегер анықталады.
Үйге тапсырма.Батырлық,адамгершілік,адалдық туралы 5 мақал-мәтелден жазып келу.
Бағалау.
Тұрмыс – салт жырларының тәрбиелік мәні.