СҚО Айыртау ауданы
Саумалкөл қазақ орта мектебі
«Эстетика» әдістемелік бірлестігінің жетекшісі
Дайындаған: Оразалина Бану Депутатовна
Технология пәнінің мұғалімі
Технология сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін тереңдету және іскерлік шеберлігін, дағдыларын жаңа жағдайға бейімдеу
Ел президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында “Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қарымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет” деген сөздері бар. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – мектептің басты бағыттарының бірі. Бұл салада атқарылатын жұмыстар жетерлік.
Болашақтағы білікті мамандар-мектеп оқушылары болғандықтан,оларды ұлттық негізде тәрбиелеп,жаңа заманға,жаңа технологияға сай сабақты түрлендіріп өткізсе,еңбек нәтижелі болмақ.
Өресі биік,өрісі кең қолөнердің қай саласынан болсын жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқы да өзінің көне замандарынан бері келе жатқан тамаша тарихымен бір өзіне ғана тән қайталанбастай ерекшелігімен көзге түседі. Өзге халықтар сияқты,қазақтың да қолөнер шеберлігін үйретуде ерте заманнан бері жиып-терген мол тәжірибелері бар. Өз ұрпағының сегіз қырлы,бір сырлы өнегелі,өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-анамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін әлденеше ғасырлар бойы ұрпақтан-ұпаққа жалғастырып,насихаттап,үйретіп келген.
Қазіргі кезде,сол ұлттық қолөнерді жас ұрпақтың бойына дарытатын,үйрететін мектептерде жүргізілетін технолгия пәні.Олай болса «Ата көрген оқ жонар,ана көрген тон пішер» деген халық даналығын басшылыққа алып,жас ұрпақты тәрбиелеуде,балаға эстетикалық білім беруде технология пәнінің атқаратын қызметі өте зор.
Мектептегі еңбек тәрбиесін тиімді әдіс-тәсілдер арқылы жүргізу қажет. Технология пәні бойынша оқушылар еңбек ету арқылы өз қабілетін дамытуда ата-бабасының ұлттық дәстүрі мен өнерін одан дамытуға бағыт алуға қажет. Бұл мектеп өмірінде халықтық қолөнерді жаңашаландыра отырып бағдарламаға енгізу арқылы,этнопедагогика негізінде жүргізілуі,оның оқу-тәрбие процесіне енуі бұл күнде педагогтар қауымына ғана емес,бүкіл қоғамымыздың ортақ әлеуметтік қозғалысына ықпалын тигізеді.
Педагогика ғылымы қазіргі таңда қайта жаңғырып,жастар тәрбиесіне арқау болып отырған ұлттық педагогиканы өзіне негіз етіп,оқу-тәрбие процесінде насихаттап,бүкіл қоғамымызға ортақ әлеуметтік қозғалыс және кешегі қариялардан мирас болып қалған тәрбие құралы болып отыр.
Ұлттық педагогиканы оқу-тәрбие процесіне арқау етіп сабақ өткізуге қай пәннің болса да ыңғайы мен мүмкіншіліктері мол.Соның ішінде,еңбек сабақтарында халықтың ұмытылып бара жатқан қолөнер түрлеріне үйрету арқылы тәлім-тәрбиені оқу-тәрбие процесіне арқау ету-негізі міндетіміз.Бұл мұраларды педагогикаға пайдалана білу үшін оларды терең оқып-үйрену,игеру қажет.
Сондықтан да осы мақсаттарды ұстана отырып оқушылардың шығармашылық деңгейін арттыру үшін мен бірнеше оқыту технолгиялары мен әдістемелерді ұсынамын. Атап өтетін болсақ,олар:саралап,деңгейлеп оқыту технологиясы,модульдік технология,қолөнер туындаларын жасау технологиясы және т.б.
Осы технологиялардың әр қайсысына қысқаша шолу жасап өтейік.
Саралап,деңгейлеп оқыту технологиясы.Жаңа технология — әр түрлі пәннен оқушылардың саралап деңгейлеп,жұмыс істеу ерекшелігіне,әдістемелік тәжірибесіне шығармашылықпен қарауына,жаңашыл тәжірибелерін,жеке әдістемелерін кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді.Жұмыстың басты мақсаты:
-оқушыларды ұлттық бағытқа бағдарлай отырып,қоғамның даму үрдісін,ғылым мен білімнің технологияларын меңгеру;
-жоғары дәрежедегі білім деңгейіне жету;
-шығармашылық қабілетін тереңдету.СДОТ-тың біз бірнеше тиімді жақтарын аңғара аламыз.Яғни,жұмыс қорытындысы тез,уақытында шығады.Ал уақытты тиімді пайдалану жинақылыққа үйретеді және де баланың сенімге ие болуы оның жауапкершілігін арттырып,өзін-өзі бағалауды үйренеді.
Модульдік технология.Әр түрлі материалдардан бұйымдар жасау,ұлттық қолөнерді терең игеріп,өз бетімен күнделікті өмірге қажетті заттарды,қолөнер бұйымдарын жасай білуге,киім тігуге үйрету шығармашылығы. Модульдік технология арқылы технологиялық карта,сызба,үлгі-шаблон,суреттер,дайын бұйым үлгілерін түсіндіруге болады.Модульдік технологияның тиімділігі оқушылар өз бетінше шығармашылық жобамен жұмыс жасайды.
Мектептегі еңбек тәрбиесін тиімді әдіс-тәсілдер арқылы жүргізу қажет.Өйткені,оқушының барлық пән түрлерінен алған білім қорын,қабілеттілігін еңбек технологиясы арқылы іске асырады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін тереңдету мақсатында мен бірнеше әдіс-тәсілдерді ұсынамын.
- Моншақпен кестелеудің әдісі.
- Оригами.
- Құрақ көздерін біріктіру
- Қолдан кілем тоқу
- Бисерлеу технологиясы
Сабақтың тақырыбы: «Түкті кілем тоқу»
Сабақтын мақсаты:
-Кілем туралы білімдерін жетілдіру, кілем төқу үйрету,дәстүрлік қолөнер түрі- кілем тоқу өнерінің даму ерекшелігін ұлттық және басқа да елдердің өнерін игере отырып оқыту
-кілем тоқу технологиясын терең меңгере отырып, ізденімпаздық қабілетін терендету арқылы нұсқау бойынша эскизбен жұмыс істей отырып дамыту.
-атакәсіп, дәстүрлі қол өнерлерді қастерлеуге үйрету, қазақ халқының ұлттық мәдениетін сүюге тәрбиелеу, шеберлік пен нәзіктікке тәрбиелеу.
Ұйымдастыру бөлімі:
Негізгі бөлім:а) теориялық, ә) сарамандық. Қорытынды.
Корыта келсе окушылар колдан кілем тоқу арқылы кәсіби дағдыларын қалыптастырады, олардың көркемдік талғамын, ой-қиялын дамытады, шығармашылық белсенділігін арттырады. Іскерлік пен шеберлік дағдыларын қалыптастырады. Еңбекті шығармашылықпен, қызығушылықпен орындауға, ерікті түрде еңбектенуге үйренеді. Қоғам өміріндегі еңбектің, өнердің маңызын түсіну, өнер адамдарына құрмет көрсетеді.
Оқушылар үйірменің жақсы жұмыстарын, қатысқан және ұйымдастырылған көрмелерді, әртүрлі тоқыма бұйымдарын, көрсетеді.
[bws_related_posts]