Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Сөзжасам  туралы  түсінік

Сөзжасам  туралы  түсінік

Ақтөбе облысы
Fқтөбе қаласы,Кеңес Нокин ауылы
Мектеп — Благодар орта мектебі
Мұғалімнің  аты-жөні:Берікқызы Айман

Сабақтың тақырыбы:   Сөзжасам  туралы  түсінік

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға  сөзжасам  туралы  түсінік   беру, сөздердің  мағынасын  түсініп, жасалу  жолдарын  нақтылы  мысалдар  арқылы  түсіндіру.  

 2.Тәрбиелік: оқушыларды  ұқыптылыққа,  ана тілді    құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушыларды  қосымшалар,  тағы  басқа  тәсілдер  арқылы  арқылы  сөздердің  жасалу  жолдарын  ажырата алу дағдыларын арттыру,  талдау  дағдыларын арттыру.

  Сабақтың типі: жаңа сабақ

  Сабақтың түрі: дәстүрлі

  Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

   Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

   Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

    Сабақтың барысы:

   I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

                                           2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

                                           3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІVжаңа  сабаққа  дайындық

  1. Сабақ тақырыбын  тақтаға  жазу
  2. Сабақ мақсатын  түсіндіру

 

       V  Жаңа тақырыпты түсіндіру:

 «Сөзжасам» дегеніміз – жаңа сөздердің  жасалуы. Ойла  дегенде  ой деген  сөзге – ла қосымшасы  жалғану арқылы ойлау  іс-әрекетін білдіретін  жаңа  сөз (ойла)жасалған.  Мал  деген  сөзге  -шы қосымшасы  жалғану  арқылы  малды  бағатын адам  мәтіндегі  жаңа  мағыналы  сөз (малшы)  жасалған. Бес  және  атар  деген екі  сөздің  бірігуінен жаңа  мағыналы  бесатар  сөзі жасалған, ол – мылтықтың  бір  түрі.

Кәрі және  жас деген сөздердің  қосарлануы  арқылы (кәрі-жас)  бүкіл  жұртшылық  дегенді  білдіретін  жаңа  мағыналы сөз  жасалған.

Тілімізде  қол  деген сөз бар: бастапқы  мағынасы – дене мүшесінің   атауы, кейінгі мағынасы – әскер (қол).

 Айғыр  және  жуа  сөздерінің  тіркесуінен (айғыр жуа) өсімдіктің атын  білдіретін  жаңа  мағыналы  сөз  туған.

Жаңасөз  тудырудың бірнеше  тәсілі  бар: жұрнақарқылы, екі  сөзді  біріктіру  арқылы, екі  сөзді  қосарлау  арқылы, екі  сөзді  тіркестіру  арқылы  жасалады.

Қазақ  тіліндегі  сөздер  түбір  сөздер  және туынды  сөздер  болып  бөлінеді. Жоғарыдағы  келтірілген  мысалдар – туынды сөздер. Ал  түбір  сөзге сөздің  бастапқы мағынасы  жатады: ой, мал, бес, ат, кәрі, жас, бала, айғыр, т.б.

 

 VІ Түсінік  тексеру

            І топ

155 -жаттығу

  1. Мына  сөздердің  қайсысы  түбір,  қайсысы  жаңа  мағынаға  ие  болған  туынды  сөз  екенін  айтыңдар.

ІІ топ

156 — жаттығу

  1. Мәтінді көшіріп  жазып,  әр  түрлі  тәсілмен  жасалған  туынды  сөздердің  астын  сызыңдар.

ІІІ топ

157 — жаттығу

  1. Мәтіндегі  туынды  сөздерді  табыңдар.  Олардың  қалай  жасалғанын  айтыңдар.

 VІІ. Сабақты  бекіту

Терме  диктант  жазу.

Екі  жақ  та  қолға  түскендердің  қолдарын  байлап,  өз жағына  қарай  айдап  әкетіп  барады,  әсіресе, иесіз  қалған  аттарды  қуып  жүргендер

көп – ақ. Енесей  қашуға  жөнелген  бір  топ  аттарды  қуа  жөнеліп еді,

мойнынан  оқ тиіп,Енесейдің  аты  омақаса  құлап,  Енесей  жерді  сүзе  құлады. Қосалқы  атты  жетелеп  жүрген Бекентай  ауыздығымен  алысып  қызып  алған  тың  атты тоса  берді.

 

      VIІІ  Сабақты  қорыту

  1. Бағалау

  2.Үй  тапсырмасы: 

  1. Сөзжасам туралы түсінік

2.360,361 — жаттығу

 

                                                  

 [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *