Қысқа мерзімді жоспар
Мектеп:
Мұғалімнің аты -жөні: Күні: Сынып: Пән: Бөлім: Сабақ тақырыбы: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
#151ЖББМ
Мукаметжанова Н.Ш.
1 Дүниетану 8-бөлім «Дені саудың — жаны сау» «Денің сау болсын десең…»
|
|||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
1.1.4.1 Денсаулық сақтаудың қажеттілігі мен маңыздылығын түсіндіру;
1.1.4.2 Денсаулық сақтаудың ережелерін және дене мүшелерінің пайдасын білу. |
|||||||
Бағалау критерийлері (сабақ мақсаты) | Оқушылардың барлығы:
Дене мүшелерін анықтап, дене жаттығуларын орындай алады. Оқушылардың көбі: Адам денсаулығының күтімінің маңызы туралы айта алады. Оқушылардың кейбіреуі: Денсаулық сақтау ережелерінің пайдасын түсінеді.
|
|||||||
Алдыңғы сабақта | Оқушылар дене мүшелерінің атауларымен танысты. | |||||||
Тілдік мақсаты | Тірек сөздер: денсаулық, дене мүшелері, дене жаттығулары, спорт
Талқылауға арналған сұрақтар: Адамның дене мүшелеріне нелер жатады? Дене мүшелерінің қызметі мен маңызы қандай? Денсаулық сақтау ережелері қандай? Деніміз сау болу үшін біз не істеуіміз керек? |
|||||||
Жоспар | ||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Ресурстар | ||||||
Басы
5 минут
7 минут
Ортасы
8 минут
4 минут
7 минут
7 минут
Соңы 7 минут
|
1-әрекет: Топқа бөлу.
— Балалар, ортаға келіп мына қораптың ішінен сурет таңдап алыңдар. Қолдарыңдағы ненің бейнесі, назар аударайықшы?! бас — голова – head дене — тело — body
қол — руки – hands аяқ — ноги — legs
— Өздерің таңдаған сурет қай топта орналасса, сонда жайғасыңдар.
2-әрекет:Топтық жұмыс. «Денсаулық» гүлi. — Денсаулық — адам өмiрiнiң ең үлкен сыйы, зор байлық. Денсаулықтың арқасында бiлiм алып, жетiстiктерге жетiп, өмiр сүремiз. Ендеше, бiздiң мiндет — денсаулықты күту. — Балалар, тақтадағы «Денсаулық» гүлiнiң күлтелерi, байқағандарыңдай, ашылмай тұр. Бәрiмiз бiрiгiп гүл күлтелерiн ашуға көмектесейiкшi. Ол үшiн мына сұраққа жауап іздеп, күлтеге жазып, тақтаға жабыстырыңдар. — Денiмiз сау болуы үшiн не iстеуімiз қажет?
Керемет, балалар, сендер денсаулықты күту жолдарын, салауатты өмiр салтын жақсы бiледі екенсіңдер.
Дескриптор: Денсаулық сақтауға байланысты өз ойларын ортаға салады. Ауырмау жолдарын талқылайды. Топпен ортақ шешімге келеді. Қалыптастырушы бағалау: Әр топтың дұрыс жауап берген мүшесі тобына ұпай әкеледі. 1 дұрыс жауап 1 ұпайға тең.
3-әрекет: Топтық жұмыс. “Гүл шоқтары”. — Ал, балалар, гүліміз ашылды, ішінен ой шашылды. Көріп тұрғанымыздай, гүліміз жалғыз. Тағы да гүл шоқтарын егіп, өсуіне көмектесіп жіберейікші?! Жаңа денсаулық сақтау үшін өздерің айтқан іс — әрекеттер бар ғой, солардың ережелері қандай, қалай орындалады, кеңінен ашып, талқылайық. Гүлдеріміз көп болу үшін бізге дұрыс жауап керек. Ол үшін мен сендерге мына гүлдерді ұсынамын. Дұрыс жауабын тауып, жазып, өз қолдарыңмен келіп еге қойыңдар. (4 топқа 4 тапсырма таратылады).
“Бас” тобы: Дұрыс тамақтану. Пайдалы тағамдардың суретін сал. Пайдасын айтып көр. Жауабы: жеміс — жидектер, сүт тағамдары, дәнді — дақылдар, ет тағамдары, кепкен жемістер. “Дене” тобы: Спорт. Спорт түрлерін жаз, көрсет. Қай жерге пайдасы бар деп ойлайсың? Жауабы: дене жаттығулары, жүзу, жүгіру, доп ойнау, секіру. “Қол” тобы: Еңбек. Еңбек түрлерін жаз. Қай жерге пайдалы? Жауабы: үй жинау, құрастыру ойындары, гүл егу, кітап оқу, қолөнер. “Аяқ” тобы: Тазалық. Тазалық сақтаудың ережелері қандай? Жауабы: жеке бас гигиенасы, оқулықтардың ұқыптылығы, киім реттілігі, үй тазалығы, ыдыс -аяқтың таза болуы. — Тамаша, балалар! Біз көп болып, еңбектеніп, жауабын дұрыс тауып, гүлдердің өсуіне себеп болдық. Жарайсыңдар! Дескриптор: Денсаулық сақтау ережелерін анықтайды. Іске асырылу жолдары мен пайдасын түсінеді. Қалыптастырушы бағалау: Әр топқа жауап үшін ұпай беріледі. 1 тапсырма жауабы 1 ұпайға тең.
4-әрекет: Сергіту сәті (аталған мүшені көрсетіп): Аяқ та екеу, қол да екеу, Көз жанары, ол да екеу. Екеу қас та,құлақ та, Жүрек жалғыз бірақ та. -Екі көзің не үшін керек?
5-әрекет: Топтық жұмыс. «Хатқа жауап» әдісі бойынша жағдаятты шешу. -Балалар, маған кеше бірнеше адамнан хат келді. Ол жерде әркім өз жағдайларын айтып, көмек сұрап отыр. Біз көппіз ғой, бірігіп шешіп, көмектесіп жіберсек қалай қарайсыңдар? (Әр топқа хат жазылған парақша таратылады).
‘Бас” тобы. 1-хат: «Менің атым — Әсел. Мен спортпен айналысамын. Себебі, маған атақ керек». Тапсырма. Әселдің ойы дұрыс па? Дұрысын айт. “Дене” тобы. 2-хат: «Менің атым — Жансая. Маған әкем банан алуға ақша берді. Бірақ менің картоп қытырлағын жегім келеді». Тапсырма. Жансаяның нені сатып алғаны дұрыс деп ойлайсың? Неге? “Қол” тобы. 3-хат: «Менің атым — Әли. Мен кеше түнде сүйікті мультфильмімді көріп, кеш жатып едім, бүгін сабақта ұйықтап қалыппын. Ол мультфильм күнде мен жататын уақытта болады. Менің оны көргім келеді». Тапсырма. Әлиге қандай ақыл айтасыңдар? Дұрысын айт. “Аяқ” тобы. 4-хат: «Менің атым — Сағыныш. Менің тісім ауырып, дәрігерге көп барамын және дәрігерден қатты қорқамын». Тапсырма. Сағынышқа қандай кеңес берер едіңдер? Тісті қалай күту керек?
-Балалар, хат иелерінің жағдайларына қарап, денсаулық сақтаудың маңыздылығын түсінген боларсыңдар. Дескриптор: Оқушылар сұрақ барысында ойланады, пікірлеседі. Жағдайдың шешімін тауып, әңгімелейді. Қалыптастырушы бағалау: Әр топқа дұрыс жауап үшін ұпай беріледі. 1 дұрыс жауап 1 ұпайға тең.
6-әрекет: Жұптық жұмыс. «Ұйқасын тап» әдісі. —Балалар, бізге дана халқымыз денсаулық жайында көптеген мақал — мәтелдер мұра етіп, денсаулық сақтаудың қажеттілігіне ерекше мән берген. Мен ұсынған парақшаларда мақалдар берілген және сәйкесінше ұйқастары бар. Мағыналы шығатындай етіп сөздерді таңдаңдар. Білетін мақал-мәтелдерің болса, өз нұсқаларыңды бірге ұсыныңдар.
1-топ. Ыдысы таза болса,асы да …. (ұзын,дәмді,лас).
Ауырып….. (ем,ас,ойын) іздегенше, Ауырмайтын жол ізде.
Дені ….. (ауру,сау,жалқау) ұрпақ — ел ертеңі.
2-топ. (Монша,жалқаулық,салақтық) …. тәнді сауықтырады, Жақсы сөз жанды сауықтырады.
Жасырғанның, жарасы …. (асқынады,оқиды,ұйықтайды).
(Ыдыс,шәй,күлкі)…. — ашылған гүл, Көңіл — шашылған нұр.
3-топ. Денсаулықтың қадірін ….. (ойнағанда,жүргенде,ауырғанда) білерсің.
(Тазалық,еріншектік,тынымсыздық) ….- саулық негізі, Саулық-байлық негізі.
(Жылау,жатыс,қимыл)….. шынықтырады, Ұйқы тынықтырады.
4-топ. Ауру аздырады, Суық ….(тоңдырады,жылытады,еркелетеді).
Дені саудың — жаны ….. (сау,ауру,қызыл).
Денсаулық — зор …. (уақыт,байлық,еңбек).
Дескриптор: Мақалдармен танысады. Ұйқасты анықтайды. Қалыптастырушы бағалау: Әр топқа дұрыс жауап үшін ұпай беріледі. 1 дұрыс жауап 1ұпайға тең. (Жалпы ұпай 3)
7-әрекет: Кері байланыс. «Айтарым бар»әдісі. 1-сұрақ:-Адамның дене мүшелеріне нелер жатады? 2-сұрақ:-Дене мүшелерінің қызметі мен маңызы қандай? 3-сұрақ:-Денсаулық сақтау ережелері қандай? 4-сұрақ:-Деніміз сау болу үшін біз не істеуіміз керек?
8-әрекет: Рефлексия. «Досыңа қуан»әдісі. Әр топ жинаған жүректерінің санын айтады. Достары құрмет көрсетіп, жүрек санына сәйкес қол шапалақтайды.
|
қорап, суреттер
гүл,гүл күлтелері,желім
«жүрекше»ұпайлар
Гүл шоқтары, желім
«жүрекше»ұпайлар
хаттар
«жүрекше»ұпайлар
мақал-мәтелдер
«жүрекше» ұпайлар
|
||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||
Саралау — оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? | Бағалау — оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс- Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)
|
||||||
Қабілетті балалардың тақырыпты меңгеру деңгейін, мақал-мәтел құрастыруда шеберлігіне, өзі білетін мақал-мәтелін айтуда қаншалықты шығармашыл тұлға екендігіне зейін қойып, шығармашылықта қолданудағы күш — жігерін есепке аламын. Тапсырмалардың өмірмен байланысты болуын ескеремін. Өтіп кеткен материал бойынша білімін реттеуге, жүйелеуге сұрақтар беріп, сабақ барысында жауабына ерекше назар аударамын.
|
Оқушыларды топпен жұмыста жинаған «жүрекше» ұпайларының санына қарай бағалаймын. | Дене шынықтыру пәнімен байланысын спортпен айналысудың маңыздылығы жайлы айтылғанда және сергіту сәтінде көрсеттім.
Сауат ашу пәнімен байланысын хатқа жауап іздеп, ой бөліскен тұста көрсеттім. Көркем еңбекпен байланысын гүл күлтешелерін құрап, еңбектенген жерінен байқаттым. Ағылшын тілі пәнімен байланысын топқа бөлуде сөздік жұмысында қолдандым. Мақал — мәтелдерді пайдаланып ұлттық құндылығымызды дәріптеп, топтастыру арқылы жолдастыққа, қарым — қатынасқа тәрбиеледім. |
||||||