Рухани кеңістігіміздің жаңа жаңғыруының жарқын нышаны
(Журхаева Айгерим Бахтыбаевна)
Елбасымыз ұсынған бағалы бағдарлама күллі қазақстандықтар үшін басты орында. Бірнеше айдан берібұл идеяны халық қолдап, соның аясында көптеген елеулі жұмыстар жасалуда. Олар оңды нәтижесін беріп, ұлт жаңғыруы жолында сүбелі үлес қосуда. Ұлт болашағы- ұлағатты ұстаз қолында. Сол себепті менде бұл ретте өз ойымды білдірсем деймін. Алдымен бағдарламаға ретімен тоқталсам.
Біріншіден- Бәсекелік қабілет. Бәсеке — қай қоғам , қай дәуір болмасын құнын жоғалтқан емес.Тарихты зерттеп қарасақ — тайпалық,рулық, хандық кезеңде де алға ұмтылу, көштен қалмау басты мақсат болған.Және соның арқасында біз бүгінгі күнге жетудеміз. Жеттік, осымен болды деу адамзат үшін үлкен қателік. Ал мемлекет, ұлт үшін рухани қауіп. Бұл тұжырымды тарих өзі растап келеді. Сол себпті де Елбасымыз өзі ұсынған келелі бағдарда бәсекені басты орынға қойған деп білемін. Біз арыға кетпей-ақ, он жыл бұрын кім едік? Қазір қандай дәрежеге жеттік. Мұның барлығы бәсекеге қабілеттілігіміздің арттырудың және саяси сауаттылықпен оны реттеп отырған елбасымыздың арқсы. Бүгінгі таңда жеке тұлға ғана емес, тұтас мемлекеттің өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана дамуға мүмкіндік алады. Бәсекелік қабілет дегеніміз – халықтың жаһандық нарықта орны , өзгеде жоқ, сапа мен таным жөнінен ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл мәселені материалдық тұрғыдан ғана емес, сонымен бірге, білім, сауда, өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін. Себебі келешекте ұлт діңгегінің мықты болуы оның табиғи байлығымен емес, халықтың бәсекелік қабілетімен айқындалатыны ақиқат.. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында.
Екінші бағыт- Прагматизм. Алдымен прагматизм деген не? Соған тоқталсақ. Прагматизм[1] (pragma — іс-әрекет) — қазіргі заманғы философиядағы субъективті-идеалистік бағыт. Прагматизмді таза АҚШтық философия деп түсінуге болады, ол күні бүгінге дейін АҚШ қоғамында ықпалға ие Американдық төл философия.Прагматизм терминін мәдени айналымға 19 ғ-дың 70-жылдары америкалық философ Ч.С. Пирс (1839 — 1914) енгізді. Прагматизм негізінде ақиқаттың мәнділігі оның прагматикалық тиімділігімен анықталады деген “прагматизм принципі” жатыр. Прагматизм іргелі ақиқатты іздестіру қажеттілігін мойындамайды және абстрактылы философиялық жүйелер жасаудан бас тартады. Мұның орнына ол нақты тәжірибе мен тілге негізделген, өзгеріп отыратын көптеген ақиқаттарды қарастырып, онда ақиқат практикалық нәтижелерінің құндылығына қарай анықталады.
Яғни біз бойымызға сіңген көптеген дағдылар мен жаттанды болған қалыпты ережелерді өзгертпейінше, біздің тұтас,толыққанды жаңғыруымыз мүмкін емес. Кешегі өткен тарихымызға, ата-баба өмір салтына бір сәт көз жүгіртсек, шынайы прагматизмнің үлгілерін көруге болады. Бабаларымыз әрқашан жеріміздің кеңдігін,құнарлығын,табиғи байлықтарымызды сақтап келген.Жер анаға асқан қамқорлықпен қараған. Ал жерімізді аяусыз жырту -тек өткен ғасырдың ортасында, бірнеше жылда ғана орын алды. Ертеден бері бабадан- балаға үлгі болып келген ұлттық прагматизм қас- қағым сәтте адам танымастай өзгеріп, Жеранаға, табиғатқа біраз кесірін тигізді. Соның зардабыретінде — Арал теңізін жағдайын, қызыл кітапқа еніп, сиреп, жоғалып бара жатқан табиғи байлықтарымызды айта аламыз. Ал бұл рухани жаңғыру бағдары арқылы бабалардан аманат болған, қанымызға бен ділімізге сіңген асыл қасиеттерді қайта қалпына келтіре аламыз .
Үшіншіден — Ұлттық бірегейлікті сақтау Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық сана-сезім, ұлттық патриотизм әр адамды, әр халықты ұлттық ойлау қабілеті, ұлттық әдет-ғұрып, ұлттық салт-дәстүр қоршауында сақтайтын негізгі рухани байлық. Егер бір ұлттың бір бөлшегі басқа жерде, я өз Отанында бөлек ұлттың сана-сезімі негізінде тәрбиеленсе, онда ол қоғамның мүшелері басқа ұлттың әдет-ғұрыпын, салт-дәстүрін қабылдайды, біраз уақыттан кейін сол ұлтқа сіңіп кетеді. Сондықтан халықты ұлт ретінде сақтайтын жалғыз жол бар. Ол жол – жас ұрпақты ұлттық сана-сезім негізінде тәрбиелеу (әсіресе мектепке дейін және мектепте). Ұлттық сана-сезімнің қалыптасуы бала дүниеге келгеннен бастап отбасындағы ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты. Егер отбасында ұлттық тәрбие болмаса, балалардың ұлттық тұлға болып қалыптасуы сондай теріс тәрбиеге лайықтанып қалыптасады. Салтымызды, мәдениет пен әдет-ғұрпымызды, әдебиет пен музыкамызды сақтап,өскелең ұрпаққа дарыту бұл ұлы міндет. . Сондықтан да ұлттық бірегейлікті сақтау, ұлттық санамызды тарихымызды негізге ала отырып жаңғыруынан басталады. Мұны елбасымыз ешқашан саясаттан алдыңғы орынға қойған.
Білімнің салтанат құруы»Білім» дегеніміз адамзат тіршілігінің барысында жинақталған әлеуметтік тәжірибе: күнделікті тіршілікте, ғылымда, саясатта, ара қатынаста, өндірісте, қоршаған табиғи және қоғамдық қатынаста тануда т.б. Сол адамзат тіршілігін сақтап және оны алға қарай қорғап, дамытып отырудың қажетті заңдылығы — тәжірибенің ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп, беріліп отыратындығы Білімге құштарлық біздің қанымызға, жанымызға жат қасиет емес.Қазақстанның ревалюциялық емес, эвалюциялық дамуы да басты назарда.Өткен ғасырда көрген қасірет зардаптары әлі жадымызда. Одан сабақ алмай және дүрбелең туғызу экономикалық және рухани күйреуге алып келетінін бүгінде әлемдік жағдайлар куә.
Ұлт жоспарын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса, ұзтаздар қауымы қосатын үлес –жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп білім мен тәрбие беруді жаңаша құру, оны осы Елбасымыз көрсетіп отырған талаптарға сай орындау деп білемін. Мен ұстаз ретінде, әрбір баланың осы қағидалрады жіті түсініп, бойына сіңіруді, оны ұлт, ел қолдауы үшін жұмсауды бағыттауды өз міндетіме балаймын. Себебі ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуыды алдымен ата-ана, сосын ұлағатты ұстаздар үйретуіміз керек
[bws_related_posts]