Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Ғ.Мүсірепов «Жаңа достар»

Ғ.Мүсірепов «Жаңа достар»

Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсірепов «Жаңа достар»

Сабақтың мақсаты:

 Ақын  жайлы  білетін  мәліметтерді тыңдай отырып  жаңа  мағлуматтар  алуына  жағдай  жасау, «Қазақ солдаты» романынан  үзіндінің   тақырыбы мен идеясын  ашу.

Сабақтың типі: жаңа  сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі:  портрет, тірек  сызба  суреттер,электронды оқулық.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:1.Оқушылармен сәлемдесу.

  1. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
  2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

 

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. С.Мұқанов «Лашын»әңгімелеу.

 

ІVЖаңа  сабаққа  дайындық

1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

 

 

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Ой қозғау»

 

 

  • Электронды  оқулықпен  жұмыс.
  • Электронды оқулықтан Ғ.Мүсіреповтың өмірі  жайлы мағламаттар  алу.

 

  • Оқулық бойынша Ғ.Мүсіреповтың өмірі  жайлы жоспар  бойынша  әңгімелеу.

 

  1. 1902 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында туған.
  2. Ғабит ауыл  ақсақалдарына  «Қыз Жібек», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын» жырларын  оқып беріп, жаттап  алған.
  3. Әңгіме жазудың  шебері.
  4. Пьесалары: «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Амангелді» .
  5. Романдары: «Оянған өлке», «Қазақ солдаты».

 

VІ. Түсінік  тексеру:

Сұрақ жауап

Шығарма  оқиғасы  кімнің  атынан баяндалады?

Роман  қай  кездегі  өмірді  суреттеп  отыр?

Қайрош  қалаға  кіммен  және  неге  қашып  келеді?

Жайық  өзені, Каспи  теңізі  көріністері  мен  Қайроштың  көніл  күйінде  қандай  ұқсастық  бар?

Шеген мен  Бораштың  сыртқы  кескін – келбетін, мінез – құлқын, іс – әрекетін, тұрмыс – жайын  суреттейтін  көріністерді  мәтіннен  табыңдар. Шегеннің  портретін  ашу  үшін  жазушы  қандай  теңеулерді  қолданған?

Шеген  Қайрошқа  неліктен  сеніммен қарайды, оған  қандай  қамқорлық  жасалы, қандай  шарт  қойды? Балалар күнкөріс  жолында  не  істеді?

Қайрош  балалар  үйіне  қалай  әкелінді?

Қайрош  ана  құшағында  қандай  шаттық  сезімге  бөленді?

Қайрош  шешесімен  бірге  ауылға  қайтып  кетпей, неге  балалар  үйінде  қалды? Ол  нені  арман етеді? Апасы  оған  қандай  аманаттар  тапсырды?

 

 

 

 

 

 

 

Оқулықпен жұмыс

 

Шығарманы  ең басты – басты  мәселелер  бойынша  бөлімге  бөліп, әр  бөлімге  лайық  ат  қойыңдар.

 

Дәптермен жұмыс

 

Шығармада  жазушы  қолданған  мақал – мәтелдерді  дәптерлеріңе  теріп  жазыңдар.

 

Пікірталас

Осы  нақыл  сөздердің  оқиғаға  қандай  қатысы  бар  екенін  анықтаңдар.

Жазушының  табиғатты суреттеу шеберлігіне ықылас  аударыңдар.

 

 

 

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

 

Бүгінгі сабаққа байланысты сұрақтар қою арқылы бекіту.

Дос сөзіне бес жолды өлең

1.Зат есім (бір сөз ) —

2.Сын есім(екі сөз)-

3.Етістік(үш сөз)-

4.Үстеу (төрт сөз)-

5.Түйін сөз(бес сөз)-

 

 

Балалар  біз  бүгін  не  білдік, не үйрендік?

 

Инсерт әдісі
Білемін Мен үшін жаңалық Білгім келеді

 

ҮІІІ.Бағалау

Бағалау парақшасы

Топ басшы…………………………………………………………….

Р/С Оқушының аты — жөні Үй тапсырмасы Жаңа сабақты талдауы Сұраққа жауап беруі Сабаққа  қатысуы Балы Бағасы
1  

 

2

 

 

3

4

 

5

 

6

 

7

 

 

4 тапсырмаға – «5»   3 тапсырмаға- «4»    1-2 тапсырмаға – «3»

мүлдем қатыспаған оқушыға – «2»

  ІХ. Үй тапсырмасын беру.

  1. Ғ.Мүсірепов «Жаңа достар»  мазмұндау.
  2. ойтолғау жазу.
[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *