Пәні: Қазақ әдебиеті
Тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шәкірт ойы», «Бір адамға» өлеңдері
Мақсаты: С.Торайғыровтың «Шәкірт ойы», «Бір адамға» өлеңдерінің мазмұны мен мәнін ашу.
Міндеттері:
А) Білімділік: С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы жайлы алған білімдерін тереңдете отырып, «Шәкірт ойы», «Бір адамға» өлеңін мәнерлеп оқытып, талдату, өлеңнің тақырыбы мен идеялық мұратын ашу, өз ой-пікірін айтқызу.
Ә) Тәрбиелік: Өлең арқылы адамгершілікке, мейірімділікке баулу, оқу – білімнің маңыздылығын ұғындыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Б) Дамытушылық: Шығарманың танымдық сипатын, құрылымдық бөліктерін өздері байқап, түсіне алатын нәтижеге жеткізу. Түйінді ой айтуға, ойды қорытып, жеке пікірін айта білуге жетелеу, шығармашылыққа баулу.
Күтілетін нәтиже:
- С.Торайғыровтың «Шәкірт ойы», «Бір адамға» өлеңін мәнерлеп оқытып, талдату, мағынасын ашу арқылы өз ой-пікірін айтады.
- Өлең арқылы – білімнің маңыздылығын ұғынады.
- Түйінді ой айтуға, ойды қорытып, жеке пікірін айта білуге төселеді.
Негізгі идеялар: Студенттер топ болып жұмыс жасайды, тілдері дамиды, ойларын еркін жеткізуге үйренеді.
Негізгі дерек көздері, көрнекіліктер, сілтеме: Оқу әдістемелік кешен: қазақ әдебиеті, оқулық, әдістемелік, портрет, интерактивті тақта, Формат А4, маркер, стикер.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың типі: білімді жинақтау
Сабақтың әдіс-тәсілдері: тренинг, топтен жұмыс, танымдық ізденуші.
Оқыту технологиясы: Сатылай кешенді талдау технологиясы
Ұйымдастыру кезеңі:
- Студенттермен сәлемдесу, сабаққа дайындығын тексеру, назарын сабаққа аудару.
- Топтастыру.
- Оқу құралдарын түгендеп орындарына жайғастыру.
Тренинг ұйымдастыру:
Студенттерге түстер ұсынылады. Студенттердің таңдауы бойынша оларға мінездеме беріледі.
Студенттер өздеріне ұнаған түсті таңдап алады.
- көтеріңкі көңіл-күй
- тыныштықты қанағаттанушылықты, сенімділікті шыдамдылықты
- өзіндік бағасы жоғары, еркіндікті, мақсаттылықты, сенімділікті, өздеріне
көңіл аударғанды ұнатады.
- көңілділікті. Ұстамдылықты және жеңілділікті білдіреді.
- психологиялық қолайсыздықты білдіреді.
Үй тапсырмасын сұрау.
- Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірі мен шығармашылығы.
- Мәнжазба жазып келу.
Жаңа сабақ
Мұражайлар мен кітапханалар басқармасының бас сарапшысы Серғазы Тәуекелов: «Бүгінгі ашық өткен кітап таңдауында дұрыс шешім қабылдадық деп ойлаймын. Биыл – Алаштың 100 жылдығы. Сондықтан да Сұлтанмахмұттың шығармаларын дәріптейік!» — деп түйіндеді.
«Бір ел – бір кітап» Республикалық акция арасында Жыл таудауы, қазақ поэзиясының биігіне өрмелеп шыққан ақын – Сұлтанмахмұт Торайғыров.
Топтастыру
АҚЫН
ОЙШЫЛ
СЫҚАҚШЫ
ЕЛГЕ ҚАМҚОР
С.Торайғыров кім?
Біз бүгінгі сабағымызды адам сезімін суреттеудің хас шебері, өзіндік үнін, азаматтық тұлғасын таныта білген ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығына арнаймыз.
Дыбыстар сөйлейді
Сұлтанмахмұт
С — саңлақ
Ұ — ұлағатты
Л — лайықты
Т — талғампаз
А — арлы
Н — намысты
Т — талапты
М — мақсатшыл
А — айбынды
Х — халықшыл
М — махаббатты
Ұ — ұлы
Т — талант
Оқулықпен жұмыс
- Мәнерлеп оқытамын
- Өлеңнің мазмұнына талдату
Ой толғау
1-топ:
Шәкірт нені армандайды?
Елдің жүрегі неге мұздаған?
Ол неге жұлдыз емес Күн болғысы келеді?
2-топ:
Өлең қандай адамға арналған?
Өлең мәтінді мысқыл, кекесін мағынада қолданылған жолдардан нені байқадыңыз?
Венн диаграммасы
Өз халқын сүйеді.
Шәкірт ойы Еліне адал қызмет Менің ойым
еткісі келеді.
Менің ойым | Шәкірт ойы | |
Білімді болып, жоғарғы оқу орнына түс- кің келеді. Мамандық алып, еліме, туған жеріме адал қызмет еткім келеді. Білі — мімді, еңбегімді туған жеріме арнаймын. Ата-анамның, ұстаздарымның мақта- нышы болғым келеді.
|
Қараңғы қазақ көгіне күн болу. Мұзда- ған елдің жүрегін біліммен жылыту. Елінің көзін ашу, көкірегін ояту, надандықты жою. Халқын қараңғы — лықтан алып шығып, өзге елдермен теңестіру. |
|
Өлеңді құрылысына талдау (Сатылай кешенді технологиясы бойынша):
«Шәкірт ойы» өлеңі
Қараңғы қазақ //көгіне// а
Өрмелеп шығып //күн болам!// б
Қараңғылықтың// кегіне// а
Күн болмағанда,//кім болам?// б
Мұздаған //елдің жүрегін // в
Жылытуға //мен кірермін!// в
Өлеңнің авторы – Сұлтанмахмұт Торайғыров
Тақырыбы – Шәкірт ойы
Идеясы (грекше — түсінік, елес, бейне. Шығарманың негізгі ойы) — Халқын қараңғылықтан алып шығып, өзге елдермен теңестіру.
Жанры түрі (латынша — түр, тек. Іштей жіктелім жүйесі) – өлең. Өлең дегеніміз – белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келген өрнекті сөз жүйесі.
Шумақ саны – 3. Шумақ дегеніміз – аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді.
Тармақ саны – 6. Тармақ дегеніміз – өлеңнің әр жолы.
Бунақ саны – 2. Бунақ дегенімз – белгілі дауыс ырғағымен бөлінуі.
Буын саны – 8. Буын дегеніміз – дауысты дыбыстың санына байланысты.
Ұйқас түрі – шалыс ұйқас. Ұйқас дегеніміз – өлеңнің бітім мазмұнымен тамырлас келіп, оған әуен ерекше сөз беріп тұратын әуен, ерекше сөз беріп тұратын өлең тармақтарындағы сөздердің үндестігі екендігі айтылады.
Әдеби теориялық ұғымдар – метафора – қараңғы қазақ, мұздаған ел
Түсіндірме сөздік – түсінуге қиын сөз жоқ
Өлеңнің түйіні — Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып күн болам!
«Бір адамға» өлеңі
Бір үйде // жиюлы екен // қазына мал, а
Көрсетті // бәрін бізге // ақсақал шал: а
«Бұрынғы //атамызға // сыйға берген, б
Біздерде //мынадай бар, // мынадай бар?…» а
Өлеңнің авторы – Сұлтанмахмұт Торайғыров
Тақырыбы – Бір адамға
Идеясы (грекше — түсінік, елес, бейне. Шығарманың негізгі ойы) – Ел ішіндегі байлығына мастанған бір адамның басқаларға істеген қиянатын, озбырлығы мен жиіркенішті қылықтарын батыл әшкере етеді.
Жанры түрі (латынша — түр, тек. Іштей жіктелім жүйесі) – өлең. Өлең дегеніміз – белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келген өрнекті сөз жүйесі.
Шумақ саны – 6. Шумақ дегеніміз – аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді.
Тармақ саны – 4. Тармақ дегеніміз – өлеңнің әр жолы.
Бунақ саны – 11. Бунақ дегенімз – белгілі дауыс ырғағымен бөлінуі.
Буын саны – 3. Буын дегеніміз – дауысты дыбыстың санына байланысты.
Ұйқас түрі – қара өлең ұйқасы. Ұйқас дегеніміз – өлеңнің бітім мазмұнымен тамырлас келіп, оған әуен ерекше сөз беріп тұратын әуен, ерекше сөз беріп тұратын өлең тармақтарындағы сөздердің үндестігі екендігі айтылады.
Әдеби теориялық ұғымдар – эпитет – ақсақал шал, қазына мал
Ирония (кекесін) – адамды, затты, құбылысты сырттай мақтап суреттеп, іштей келекелеп, мысқалдап айту. Мысалы:
Ол рас аталарың шенге алыпты,
Арзан қып қымбат емес,кемге алыпты.
Түсіндірме сөздік –
Оқа — әшекейлі зат.
Бұлды түйме — бағалы ілгек
Шекпен — түйенің жүнінен жасалған сырт киім
Нақақ — адал,бейкүнә
Өлеңнің түйіні — Өлеңге бір дәуірдің негізгі шындығы сыйғандығын ақын қарапайым тілмен жеткізе білген. Сол кезеңдегі қазақ даласында шын реалистік өмірден, нақты өмірлік фактіден алынғандығы.
Сөздік жұмысы
- Қараңғы қазақ – білімсіз, сауатсыз халық
- мұздаған елдің жүрегін — білімнен кенде қалған ел
- надандық теңізі — білімсіздік
- қаһарман Рүстем, Әлі — Ислам дінінің енуімен бірге қазақтар мұсылман әулиелеріне де сыйына бастады. Қазақ батырлары сыйнған сондай әулиелердің бірі ислам үшін соғыстарда көп ерлік көрсеткен, мұсылманның атақты батыры, төртінші Халиф болған — Ғали (Әли, Хазірет Әлі). Қазақ батырлары сыйнатын пірлердің ішінде көне заманннан келе жатқандары да, ислам дінінен енгендері де бар. Олардың кебіреулері мифтік қаһармандар болса, ал енді біреулері аты аңызға айналған тарихи тұлғалар.
Шығармашылық тапсырма
- «ХХІ ғасырдағы шәкірт ойы» эссе жазу.
- «Адамдарға тілегім». Студент өзінің адамға не тілейтінін қағазға жазып шығады.
Ой-толғаныс
Қазір бүгінгі сабақта оқып, түсінген өлеңімізге қорытынды пікір айтып, ой түйіндейтін кез келді. Ендеше, «Екі жақты бақылау күнделігін» толтырамыз.
Мәтіннен үзінді | Оқушы көзқарасы | Мақал-мәтел |
Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болам. | Елімнің жанашыры, өрге сүйреушісі боламын. Қараңғылықтан алып шығамын, сауатсыздықты жоямын. | Ер ел үшін туады,
Елі үшін өледі. |
Мұздаған елдің жүрегін
Жылытуға мен кірермін. |
Өзімнің жеке бас мәселемнен гөрі халықтың жағдайын жоғары қоямын.
Әрқашан еліме, туған жеріме адал қызмет етемін. |
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас. |
Тест тапсырмалары
- Сұлтанмахмұт қай ғасырда өмір сүрген?
А)ХІХ ғ. І ж.
Ә)ХХ ғ.Іж
Б)ХХІ ғ.Іж.
- Ақын дүниеге келген жер
А)Қарағанды обл.
Ә)Ақмола обл.
Б)Көкшетау обл.
- Арғы атасы кім?
А)Торайғыр
Ә)Тортай
Б)Мұқан
- «С.Торайғыров терең ойлы, ұшқыр сөзді, сұлу талғамды ақын еді» деп жазған адам кім?
А)Ы.Дүйсенбаев
Ә)Б.Кенжебаев
Б)С.Жиенбаев
- Ақын жырлаған негізгі тақырып не?
А)оқу – білім
Ә)мал жию
Б)байлық
- Ақын өлеңі
А) «Екі шыбын»
Ә) « Тарланым»
Б) «Оқып жүрген жастарға»
- Ирония деген не? (жабық сұрақ)
Ирония дегеніміз – сырттай жақсы баға берсе де, астарлап келекелеу, әжуалау.
- Сатира деген не? (жабық сұрақ)
Сатира дегеніміз — көркем шығармада өмірдің бір жағымсыз жақтары мен құбылысын осылайша күлкі ете, мысқылдай суреттеу.
- Ақын романы
А) «Қалың мал»
Ә) «Қамар сұлу»
Б) «Жаралы жүрек»
- Поэмаларын атап жаз (жабық сұрақ)
«Кедей», «Адасқан өмір», «Айтыс» поэмасы аяқталмай қалған.
Үйге тапсырма:
1. «Шәкірт ойы», «Бір адамға» өлеңін мәнерлеп, жатқа айту.
2. «Адамгершілік – асыл қасиет» тақырыбында ой толғау жазу.
Бағалау
Оқа – жібек және зер жіптерден өрнектеліп тоқылған көмкерме. Дәстүрлі қазақ қоғамында ұлттық киімдер оқамен көмкерілген. Қазақ шеберлері камзол, бешпент, шапан, т.б. киімдердің жағасын, жеңін, омырауын оқамен әшекейлеп, ұлттық ою-өрнектерді жоғары эстетикалық талғаммен салған.
Алтын аяқ — ертеде дәстүрлі ортада этномәдени мәнге ие болған ғұрыптық ыдыс атауы. Мәртебелі меймандарға ас-су құйып беруге арналған алтын жалатылып жасалады.
Сылдырлақ — шашбау-шашқа тағатын әсемдік зат.
Теңге алу – ұлттық ойын.
Түйме — кең мағынасында — киім тігу үшін қандай да бір нысанда немесе көздік тесіктері бар шағын нысан.
Күміс кесе – ыдыс.
Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі
«Өнер және мәдениет» бөлімі
«Бекітемін»
Қ.Дүтбаева атындағы Атырау
гуманитарлық колледж
директорының м.а.
_________ Усербаева М.К.
«___»___________2017 жыл
Тақырыбы:
Сұлтанмахмұт Торайғыров
«Шәкірт ойы», «Бір адамға» өлеңдері
Пәні: «Қазақ әдебиеті»
Пән оқытушысы: Хамзина А.
«Қазақ тілі және әдебиеті» пән бірлестігінің
мәжілісінде талқыланып бекітілді.
Хаттама: № __ «___»________ 2017 жыл
Бірлестік жетекшісі: _____ Ізбасарова Ә.Н.
Тест тапсырмалары
- Сұлтанмахмұт қай ғасырда өмір сүрген?
А)ХІХ ғ. І ж.
Ә)ХХ ғ.Іж
Б)ХХІ ғ.Іж.
- Ақын дүниеге келген жер
А)Қарағанды обл.
Ә)Ақмола обл.
Б)Көкшетау обл.
- Арғы атасы кім?
А)Торайғыр
Ә)Тортай
Б)Мұқан
- «С.Торайғыров терең ойлы, ұшқыр сөзді, сұлу талғамды ақын еді» деп жазған адам кім?
А)Ы.Дүйсенбаев
Ә)Б.Кенжебаев
Б)С.Жиенбаев
- Ақын жырлаған негізгі тақырып не?
А)оқу – білім
Ә)мал жию
Б)байлық
- Ақын өлеңі
А) «Екі шыбын»
Ә) « Тарланым»
Б) «Оқып жүрген жастарға»
- Ирония деген не? (жабық сұрақ)
- Сатира деген не? (жабық сұрақ)
- Ақын романы
А) «Қалың мал»
Ә) «Қамар сұлу»
Б) «Жаралы жүрек»
- Поэмаларын атап жаз (жабық сұрақ)
«Бір адамға» өлеңі
Бір үйде жиюлы екен қазына мал,
Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал:
«Бұрынғы атамызға сыйға берген,
Біздерде мынадай бар, мынадай бар?…»
Ол рас, аталарың шенге алыпты,
Арзан қып, қымбат емес, кемге алыпты.
Апыр-ай, қалай бұлдаған сатқандарын,
Оқа, түйме, сылдырлақ, теңге алыпты!
Суреттер және көрдім жүзі жарқын,
Ойладым: «Оңдырған — ау, баққан халқын!»
Соншама құны толық бұлды түйме,
Артында қалдырмас па жақсы даңқын?
Дедім мен: «Құтты болсын шекпеніңіз,
Артқыға қандай егін еккеніңіз?
Жусақ та денемізден кетер емес,
Сондағы тұқым шашып сепкеніңіз».
Көргенде күміс кесе, алтын аяқ,
Бір сөзді тамағына қойдым таяп:
«Қай момынның малы бар бұл аяқта?»
Демейінше болмады, қарап жай — ақ!
Отырдым, көрсем жекіп тастар ма деп,
Шал айтты: «Көріңіздер, жасқанба!» деп,
Кесені қолыма алып қарай бердім:
«Ішінде нақақ көзден жас бар ма?» деп.
Шәкірт ойы
Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың көгіне,
Күн болмағанда, кім болам?
Мұздаған елдің жүрегін,
Жылытуға мен кірермін!
Еңбек, бейнет тарауы
Рақатқа сарқылар.
Қыздырып күннің қарауы
Надандық теңізі тартылар.
Орны отайып көгерер,
Қызығын жайлап ел көрер.
Тұрмыс, тағдыр – бірі де
Бұл мақсаттан бұра алмас;
Қаһарман, Рүстем, Әлі де
Бұрам деп жолда тұра алмас.
Сыланған жардың күлісі,
Алдандырмас бірісі.
[bws_related_posts]