Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» романы

Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» романы

Пәні: Қазақ әдебиеті

Тобы: 2/9/технология

Күні:  2 ақпан 2017 жыл

 

Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» романы

 

Сабақтың мақсаты:

Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романына мазмұндық талдау жасай отырып, шығарма тілінің көркемдік ерекшелігі мен жазушының образ сомдаудағы шеберлігін таныту. Романдағы кейіпкерлер бейнесін ашу арқылы студенттер романның мазмұнын, идеясын, тақырыбын ұғындыру.

 

Сабақтың міндеттері:

Білімділік. Романның мазмұнын ашумен бірге кейіпкерлердің сипатын сан қырынан талдай отырып, оларға түрлі көзқараста баға  беруге үйрету;

Тәрбиелік.  Жазушының өмір жолын, шығармаларының идеялық  мазмұнын ұғындыру арқылы мейрімділікке, ерлікке,  елін сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу;

Дамытушылық. Студенттерді сөйлеу  мәдениетіне, дәлелді пікір айтуға, зерттеушілікке, өзінше ой түюге, шығармашылықпен  жұмыс істей білуге үйрету, коммуникативтік  құзырлығын   дамыту;

 

Күтілетін нәтиже:

Ø  Сөйлеу мәдениетін қалыптастырады, шешендік білімін жетілдіреді.

Ø  Өз көзқарасын жүйелі талдауға үйренеді.

Ø  Қарсыласын сыпайылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелейді.

Ø  Шығармадан көркемдеуіш құралдарды тауып, талдау жасай алады;

Ø  Шығарманы құрылысына талдайды;

Ø  Кейіпкерлерді атай отырып, оларға баға бере алады;

Ø  Әңгімеге өз бағаларын бере алады;

 

Негізгі дерек көздері, көрнекіліктер, сілтеме: Оқу әдістемелік кешен: қазақ әдебиеті, оқулық, әдістемелік, «Ұлпан» романы, интерактивті тақта, Формат А4, маркер, стикер.

 

Сабақтың түрі: шығармашылық — ізденіс сабақ

Сабақтың типі: білімді жинақтау

Сабақтың әдіс-тәсілдері: тренинг, топтен жұмыс, танымдық ізденуші.

Оқыту технологиясы: Сатылай кешенді талдау технологиясы

 

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Студенттермен сәлемдесу, сабаққа дайындығын тексеру, назарын сабаққа аудару.

2. Топтастыру.

3. Оқу құралдарын түгендеп орындарына жайғастыру.

 

Тренинг  ұйымдастыру: «Мен ғажаппын». «Адамзат табиғаттарының терең қасиеттерінің бірі адамдардың өз дәрежесінде бағалануына деген құштарлық болып табылады» деп Уильям Джеймс айтқандай,   әр адам өзіне қаншалықты баға берсе, соншалықты лайық болады. Өзіңе арнап неғұрлым жақсы, жағымды, жылы сөздерді көбірек айту керек. Мысалы«Мен  сабырлымын» деген жылы сөздермен тұлға ретінде қалыптасуың үшін өмірлік іс-әрекеттерімізді  лайықты бағалай білуіміз керек.

/Сабақ алдында психологиялық тренингке қатысады/

 

 

Үй тапсырмасын сұрау.

1. Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы.

2. Мәнжазба.

3. Қазақтың көркемсөз зергері Ғ.Мүсіреповке замандастарының, ақын — жазушылардың

пікірлері.

 

Жаңа сабақ

Жазушы өзінің күнделігіңде: «Ұлпан – менің Монна Лизам» деп жазғаны бар. Адам жанының тазалығын, ізгілік нұрын әспеттеген, әйгілі сөз шеберінің арман- аңсарынан туған туындының қай оқырманның да жүрегінен орын алары сөзсіз.

«Ұлпан» романы 3 бөлімнен, 24 тараудан тұрады. «Ұлпан» романында негізгі қосалқы, үлкенді кішілі тоқсанға жуық кейіпкер бар. Шығарманың оқиғасы XIX ғасырда қазақ даласында болған тарихи шындықтарға негізделген. Романның Ұлпан,  Есеней, Мүсіреп, тәрізді кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Романның атына лайық, оның ең басты кейіпкері — Ұлпан. Ұлпан- романтикалық характер. Ұлпандай тарихи адам өмірінің тарихи шындығын жазушы асқан дәлдікпен суреттеп, өз ортасынан оқшау шыққан адам екенін көрсетіп, қаһармандық қасиеттерімен әрлейді. Батырдың ерке қызы шаңырақтың берекесі, үйдің киесі болып, жоқты бар, азды көп етіп отырады. Он саусағынан өнер тамған Несібелі ананың ұяда берген тәрбиесінің арқасында Ұлпанға тек Есеней ғана емес, бүкіл ел қызығып, сүйсінген. «Ұлпан» романын жазудан бұрын жазушы 1941 жылы Қызылжардан Қожабай көлінің маңындағы Лебяжі теміржол станциясына алып келеді. Осы станция Сибан зиратының маңынан өткен екен.  Сол кезде зират аралап жүріп Исахмет молдаға кездеседі… Қазірде бұл “Ұлпан” станциясы деп аталады екен.                   1974 жылы роман дүниеге келеді. Романда 100 жылдық тұрмыс суреттеледі.

Ой қозғау.

ХІХ ғ. қазақ халқы-ның әлеуметтік тари-хи өмірін көрсету үшін

 

 
Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романының жазылу себебі

 

Ұлпанның ерең еңбегін кейінгі ұрпаққа жеткізу үшін
 

 

 

 

 

 

Суреттеңіз: шығарманы сатылай кешенді талдау:

 

Шығарманың авторыҒабит Мүсірепов

Шығарманың аты — «Ұлпан» романы

Шығарманың тақырыбы — ХІХ ғасырда қазақ  даласында болған тарихи шындықтар

суреттеледі.

Идеясы (грекше — түсінік, елес, бейне. Шығарманың негізгі ойы) — қазақ әйелдерінің бойындағы парасаттылық пен көрегендікті, мейірімділік пен шыдамдылықты, жарына, еліне деген сүйіспеншілікті, ұрпақ тәрбиесін бекем ұстанған асыл аналарды дәріптеген.

Жанры (латынша — түр, тек. Іштей жіктелім жүйесі) — проза /роман/ (әдеби жанр, қара сөзбен жазылған көркем шығарма /әңгіме, повесть, роман/

Кейіпкерлері (көркем шығармада суреттелетін оқиғаға қатысушы адам, әдеби образ) — Есеней, Ұлпан, Артықбай, Несібелі, Торсан, Біжікен, Мүсіреп, Шынар, Әсіреп, Науша, Жаниша, Кенжетай, Шоқан т.б.

 

Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар

 

/Студенттер мазмұны бойынша дайындаған сұрақтарын бір-біріне қояды, жауап береді. Бір-бірінің сұрақтарын бағалайды./

  1. «Ұлпан» романы қашан жазылды?
  2. Есеней Ұлпанға сөз салғанда Ұлпан қандай жауап айтты?
  3. Есеней Ұлпанға құда түсіп келгенде, неге «Ұлпан арзанға түспейтін қыз» деді?
  4. Мұның мәні неде?
  5. Мүсірептің әйелі кім? Ол екеуі қалай танысады?
  6. Ұлпанның күйеу баласы кім? Ол қандай адам?
  7. Біжікен анасына «Торсан бұзық адам екен…» деп оны маңына жолатпауын не себепті өтінді?

 

Көркем сөз айшықтары:

 

Теңеу (заттың, не құбылыстың ерекше белгілерін басқа затпен не құбылыспен салыстыра суреттеу)өзіңдей сұр бойдақ, күнімдей жарқырап, ұзақ түндей

Эпитет (заттың не құбылыстың айрықша сипатын, сапасын, белгісін білдіретін суретті сөз) — найзагер батыр, сұр бойдақ, құңғыла қыз,  арзанға түспейтін қызбын,  баукеспе ұры

Метафора (суреттелген затты не құбылысты айқындай түсу үшін оларды сөздеріне ұқсас затқа не құбылысқа балау) — Есеней, сен көлеңкең  күндік жерге түсетін бәйтерексің. Мен сенің саяңда шырылдаған бозторғаймын.

Портреттер (французша-бейнеленген. Көркем шығарманың негізгі компоненттерінің бірі, кейіпкердің сырт тұлғасын, кескін-кейпін суреттеу)  — Шымыр денелі, сұңғақ бойлы, бұқа мойын, қисық жауырын, Мұртының жоғарғы жағы таңқита қырылған, екі миығы тышқан көрген мысықтың мұртындай дірілдеп қояды. Істік мұрын. Қара төбетей киген, шақша бас.

Мақал-мәтелдер (тағылым берерлік, ырғағы бар, тәжірибеде көп қолданылатын бейнелі, қысқа, нақыл сөйлем) — «Сорлының зары арлыға кездескей», «Малым -жаным садағасы,   жарым — арым садағасы», «Байлық — бір жұттық, батыр — бір оқтық», «Жүйелі сөз жүйесін табар, жүйесіз сөз иесін табар», «Құдыққа құлан құласа, құрбақа құлағында ойнар», «Қыс азығын жаз жимай, жарлы қайдан байысын», «Баласыз әйел — панасыз әйел», «Жақыныңды жаттай сыйла, жат көңілінен түңілсін».

 

 «Әдеби көкпар»ойыны («көкпарға тартылатын» сұрақтарға кейіпкерлер есімі жасырылады, студенттер оның кім екенін айтуы тиіс)

  1. Ақнар —
  2. Есеней –
  3. «Түрікпен» Мүсіреп —
  4. Аңшы Мүсіреп –
  5. Шынар 
  6. Артықбай 
  7. Несібелі
  8. Біжікен (Бибіжиһан) −
  9. Тілеміс
  10. Байдалы биТоқай биКүзембай болыс  —
  11. Хұсайынғази –
  12. Еменалы —
  13. Айтолқын —
  14. Торсан —
  15. Кенжетай
  16. Мырзаш
  17. Қожық −
  18. Жәуке −
  19. Сәдір
  20. Шоқан –

Шығармашылық жұмыс.

 

«Есімі аңыз болған Ұлпан ана» тақырыбына шағын ойтолғау жазу.

 

Кейіпкерлер әлемі.

 

Кейіпкерлер Оның мінезі Студент пікірі
1. Ұлпан Ақылды, биязы да инабатты, адал жар Ұлпан — ақылы көркіне сай қыз. Ұлпанның көрмегені жоқ. Ол сонда да өзін батыл ұстаған. Ұлпанның мінезі, даналығы мені қызықтырды. Жарын құрметтеуі, жоғары бағалауы, еліне қамқор болуы.
     
2. Есеней әулетті, қатал би, ауыр сүйекті, балуан денелі адам Есеней — Ұлпаннан қырық жас үлкен болса да, сыйластықпен, сүйіспеншілікпен бар өмірін осы кісіге арнаған.
     

 

Не білуге болады?

Шығарманы композициялық құрылымына қарай талдау:

 

БасталуыЕсенейдің көші

Байланысуы — Ескі доспен кездесу

Дамуы

  • құдалық
  • ел ісіне араласқан — Ұлпан
  • Ұлпан көлі
  • Енесейдің қазасы

Шиеленісуі — Ұлпанның шешімі

Шарықтау шегі — Біжікеннің (Бибіжиһанның) ақырғы сөзі

Прилог (сөз соңы) — жазушы естелігі

 

Венн диаграммасы

ҰЛПАН
ҰЛПАН
ШЫНАР
ұқсастығы

 

 

 

 

Бағалау.

Үй тапсырма: «Ұлпан — ел анасы» тақырыбында эссе жазу.

Атырау облыстық білім беру басқармасы

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі

«Өнер және мәдениет» бөлімі

 

 

 

«Бекітемін»

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау

гуманитарлық колледж

директорының м.а.

_________ М.Усербаева

«___»___________2017 жыл

 

 

 

Тақырыбы: Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романы

 

Мамандығы: 0107000 «Технология»

Біліктілігі: 0107013 «Технология пәнінің  негізгі  білім беру мұғалімі»

Оқу тілі: қазақша

Оқыту нысаны:  күндізгі бөлім

Оқыту түрі: мемлекеттік тапсырыс негізінде

Пәні: «Қазақ әдебиеті»

Пән оқытушысы: Хамзина А.Б.

Тобы: 2/9/тех

 

 

 

 

«Қазақ тілі және әдебиеті»

пән бірлестігінің мәжілісінде                                                                                                        талқыланып бекітілді.

Хаттама: № __  «___»________ 2017 жыл

Бірлестік жетекшісі: _____  Ә.Ізбасарова

 

 

 

Атырау қаласы

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *