Басы » Дене шынықтыру » Шыршалық көңілді шаттық шеңбері.

Шыршалық көңілді шаттық шеңбері.

Білім беру саласы: «Денсаулық». «Таным»

Бөлімі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Шыршалық көңілді шаттық шеңбері.

Мақсаты: бір орында тұрып қос аяқпен өзін айнала секіруге үйрету.Денені түзу ұстап, тепе-теңдік сақтау қабілеттерін жетілдіру.Жағымды көңіл күй,өзіндік қимыл белсенділігін қалыптастыру.Аяқ пен табан бұлшықеттерін нығайту.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: шырша,қимылды ойын атрибуттары

.

Оқу іс-әрекетінің  түрлері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Педагог  төмендегі тапсырмаларды орындатады:

«Шыршалық көңілді шаттық шеңбері».Бір-бірден сап-тізбекте жүру;шеңбер жасап тұру.Музыканың басталуына,аяқталуына көңіл қойып,назар аударуларын;бір-бірден сап-тізбекте жүріп,үйлесімді ырғақты қимыл (марш) жасау, аяқтың ұшымен бір-біріне қарама-қарсы жүру,жүгіру; 2 шеңбер жасап,шыршалық көңілді шаттық шеңберінде қол ұстасып,еркін би қимылдарын орындай жүру.Сап-тізбекте бірінің артынан бірі белгі бойынша тоқтап,тапсырмаларды орындай жүгіру.

 

 

 

 

Педагогті мұқият тыңдайды,дұрыс орындауға тырысады

Ұйымдастыру кезеңі

 

Жалпы дамыту жаттығулары

Екі қатарға тұрғызып,жалпы дамыту жаттығуларын орындатады.

Жаттығудың жасалу ретін түсіндіріп тұрып көрсетеді. Балаларға орындатады.Балалардың дұрыс орындауларын қадағалайды.

 

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:

-Бір орында тұрып,аяқтың ұшымен көтерілу және тепе-теңдік сақтап тұру;

-Бір орында тұрып қос аяқпен өзін айнала секіру.

 

 Қимылды ойын:   «Жоғары лақтыр».

 

 

Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды

 

 

 

 

Педагогті мұқият тыңдайды, тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысады.

 

 

Ойынға жаппай қатысады.

Рефлексиялық түзетушілік Қорытынды бөлімі:

 

Қимыл-қозғалысы аз ойын. «Затыңды сақта».

 

 

Ойынға жаппай қатысады.

 

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: бір орында тұрып аяқтың ұшымен көтерілу және тепе-теңдік сақтап тұруды; бір орында қос аяқпен өзін айнала секіруді.

Түсінеді: жаттығулардың маңызын

Қолданады: жаттығулар орындау кезінде шапшаңдық, мұқияттылық тәрізді сапаларды.

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *