Басы » Баяндамалар » Тәуелсіз ел тірегі –білімді ұрпақ 

Тәуелсіз ел тірегі –білімді ұрпақ 

 

Тәуелсіз ел тірегі –білімді ұрпақ  десек, жаңа заман талабы-баланың          білімге өз бетімен  талпынысымен шығармашылық   қабылетін  арттыру.                        Бұл тұрғыдан әр педагог жаңа заман талабына сай           технологияларды негізінде берілетін білімнің сапалы да, тиімді болуына назар аударып, педагогикалық шеберлікті, біліктілікті, әдіс –тәсілдерді тиімді пайдалана білуі тиіс.

    Бала жанының бағбаны, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мұғалім ары таза, әдепті, ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, ұстамды, өз ойын шәкіртіне анық, дәл жеткізетін  болуы тиіс. Ол үнемі ізденіп, білімін толықтырып отырса, оның өмірлік ұстанымы тұрақты, күш-қуаты, көңілі әрдайым жоғары, сабақ беру сапасы арта түсіп, еңбегі еленеді. Білім берудегі жаңалық пен қоғамдағы жаңалық бір мақсатты көздейді, олар даму мен прогрестің қабілетін арттыруы қажет. Сондай-ақ, Елбасы ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам  қажеттілігін  қанағаттандыру үшін білім беру саласында  төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап өтті: компьютерлік техниканы, интернет, коммуникациялық желі, электрондық  және телекоммуникациялық  құралдарды,  мультимедиялық электронды оқулықтарды  оқу үдерісінде  тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру..

Жаңа қоғамға жаңа адам керек. Мұндай адамды дамыту – қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет. Мұғалім еңбегінің бүгінгі нәтижесі қандай болса елдің, қоғамның ертеңі, болашағы сондай болмақ. Демек, Елбасының «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деген қағидасына сүйенсек, қазіргі қоғамдағы дамудың басты факторлары: білім, ғылым, саяси тұрақтылық екенін, яғни заман өзгергенімен, мемлекеттің өркендеуі, халықтың әл-ауқатының көтерілуі білімсіз мүмкін емес.

Білім берудің озық технологияларымен оқытудың негізгі қағидалары білім алушыларға өз бетімен ықпал ету, өзіндік пікірлерін анық жүйелі жеткізе алатын  тұлға дамыту. Сондай-ақ білім алушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту. Инновациялық технологиялар жүйесімен оқытуда көрсетілетін әдістердің барлығы өзара байланыста қолданылады.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді  міндеттейді.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі — оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. «Инновация» термині ғылымға ХІХ ғасырда енді. ХХ ғасырдың екінщі жартысында инновация әлеуметтік өзгерістердің жалпы үрдістерінің сатысы ретінде қаралып, оның негізігі элементтері атап көрсетілді: «жаңашылдық», «жаңашыл», «бағалаушылар». Үрдістің сындарлы, өзгермелі мерзімін қандай да бір жаңа енгізілмелерге сәйкес «бағалаушылардың» іс-әрекетіндегі өзгерістер айқындайды. «Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея». Майлс «Инновация — арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», — дейді.

Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. » Масырова Р.Линчевская Т — «Жаңару» дегенімізді былай деп түсіндіреді: «Жаңару — белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея.

Білім берудегі педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу-  қазіргі кездегі білім беру технологиясы, баланың толыққанды өсіп дамуына көмектесу,қолдау, әлеуметтенуін ,білім алуын қамтамасыз ету.

Кез келген іс әрекет  технология немесе шығармашылық бола алады.барлығы шығармашылық идеядан басталып, технологиямен аяқталады. Мектеп психологінің жұмысының ерекшелігі,ол әртүрлі технологияларды  білуі керек. Психолог балалармен  жұмыс істеуде ,олардың жеке тұғалық ерекшеліктерін ескеру қажет.осы сферада жұмыс істеуде мына технологиялар қолданылады:

Ақпараттық  (ИКТ),  оқушылардың оқудағы жетістіктері  білім,білік, дағды қалыптасады/ интернет проект,презентация, электронды жинақ материалдары,медиатека, сайттар, қашықтықтан байқауАқпаратты-коммуникациялық жүйемен оқытуда  мультимедиялық презентациялар,  бейнематериалдар  көрсету,слайд-лекция,  слайд- шоу,  электронды оқулықтар, тренингтік компьютерлік бағдарламалар, флипчарттар қолдану  арқылы жүзеге асыруға болады

Операциялық/ біліктілік қалыптасуына ықпал етеді

денсаулықты сақтау, оңалту технологиялары арт-терапия әдістері

эвристикалық – жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған ;

Тәлім-танымдық ойындар:

Негізгі қызметтері :

Құралдық : Нақты білік дағдының қалыптасуы, /ойын жаттығуларында;

Гностикалық: оқушылардың ойлау қабілеті мен білімі дидактикалық әдістер арқылы қалыптасуы

Әлеуметтік-психологиялық: коммуникативті қабілеттің дамуы сюжетті рөльді ойындарда қалыптасады

 

Денсаулықты сақтау технологиялар

Қазіргі кезде оқушылар денсаулығының нашарлығымен қатар психологиялық мәселелер көп кездеседі/дезадаптация, күйзеліс жағдайлары/.  Осы мәселелерді шешуде  психологиялық қызмет тарапынан   оқушыларды күйзеліс жағдайынан шығуына ықпал ететін әдістер,жаттығулар /кинезиологиялық/ болуы тиіс. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды жан-жақты дамыту және мектепке даярлау тапсырмасы тұрады. Соңғы мезгілде ағзадағы бейімделудегі қиыншылықтармен, мектепке үйренудегі қиыншылықтардың көбейіп бара жатқаны белгілі. Осы қиыншылықтарды жеңу үшін психокоррекциялық жұмыс жүргізу керек. Баланы мектепке даярлауға ең тиімді әдіс- кинезология.
Кинезология – қозғалғыш жаттығулар арқылы зерделі қабілеттерді дамытатын ғалым. Ол жаңа нейрондар жасап, психикалық процестермен ми жұмысын жақсартады. Кинезология – қозғалғыш жаттығулар арқылы зерделлі қабілеттерді дамытатын ғалым. Ол жаңа нейрондар жасап, психикалық процестермен ми жұмысын жақсартады. Негізгі міндеттері :ми сыңарларын, ұсақ маторикасын,ес, зейін, ойлау, тілін дамыту

 

Психологиялық әдістер:

«әуентерапиясы –  Музыканы қолдану арқылы эмоцианалды сфераны белсендіре түседі, эмоцианалды жағдайды оңалтуға, тыныштандыру мен қысымнан арылтуға көмектеседі«Әуентерапиясы» термині грек тілінен аударғанда «әуенмен емделу» дегенді білдіреді. Әуенпсихотерапиясы қазіргі қоғамдық өмірдегі күрделі жағдайларда адамның тұлғалық даму процесін  жүзеге асыруға қабілетті, әмбебап тәрбие жүйесінің мәртебесінде бекітіліп дамиды. Бұл жердегі мақсат қандай да бір мәселені шешуге мән беруге мүмкіндік беретін нақты эмоционалды, сонымен бірге, эстетикалық бастан кешірулер және жаңа мағынаға жету болып табылады. Әуентерапиясында қосымша таныс алу жаттығуларын, ауторенинг, сурет немесе би тәсілдерін қолданады.  Мұндағы мақсат адамды әлеуметік топтарға енгізу, себебі әуенді шығармашылықта тұлғаның бойындағы жоғары тұйықтығын жойып, түрлі коммуникативті дағдыларға  жаттықтыруға болады, бұдан басқа мұнда тұлғаның ұстамдылығы және өзін-өзі бақылауы қалыптасады.

Ароматерапия/иіс терапиясы/  –  Эстетикалық мақсатта, релаксация кезінде жұпар иісті  қолданылатын  әдіс.

Түстертерапиясы –  түстер визуализациясын қолдану арқылы үрей мен қорқыныш, күйзеліс кезінде кеңінен қолданылатын әдіс.

Би терапиясы –  би элементтерін қолдану  мен әуен арқылы  бұлшық етер қысымын босаңсыту.

Арт-терапия  . Шығармашылыққа  байланысты/ изотерапия, түстерапиясы, фототерпия,ертегі терапиясы, құм терапиясы,коллаж жасау.

Ойын  терапиясы

Бұл технология келесі  міндеттерді шешеді: психокоррекция, психопрофилактика,  баланың үйлесімді дамуы,отбасындағы психологиялық ахуалды жақсартады.

Серіктестік технологиясы. Субьекттік қарым қатынас психолог-оқушы,демократиялық стильде. Ғылыми зерттеу жұмысымен айналысқанда, тренингте өзекті болып табылады.

Тұлғалық-бағадрлау технолгиясы.басты назарда оқушының тұлғасы, барынша тұлғалық өсуіне  ықпал ету.

 

Сәтті  жеке тұлға мінездемесі

Біліммен қатар бойында болуы тиіс қасиеттер,

өзіне сенімді,

адекватты өзіндік бағасы

сенімді үрейлену

мобильді,

коммуникативті,

өз бетіммен жұмыс істеу қабілеті,

жағымды эмоциялардың болуы

сәттілікке ұмтылу  уәжі/мотивация/

өздігімен жауапкершілікпен   жылдам шешім қабылдауға  және  жаңа білім алуға  дағдылану

 

Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай: әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу; білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу; өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту; аналитикалық ойлау қабілетін дамыту

 Педагогикалық қызметке ынтасы жоғары, білім беру саласындағы үнемі жаңарып отыратын өзгерістерге икемді, жаңа технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде қолдана алатын мұғалім ғана қоғамдағы өзгерістерге бейім оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда түйінді тұлға болып табылады. Бүгінгі таңда білім берудегі басты міндетәртүрлі әдіс – тәсілдерді, жаңа технологияларды қолдана отырып оқушының пәнге деген қызығуларын арттыру және білім сапасын жақсарту.

Елбасының жолдауында «Білім беру жүйесі реформасының орталық буыны осы заманғы білім беру үрдістерін, ақпараттық технологияларды жаппай енгізу, бұл кезеңде назарды оқушылардың біліктілігін арттыруына аудару қажет»  дегеніндей,  біз инновациялық оқытуды тәжірибемізге енгізіп, ойлау қабілеті дамыған,  өз бетінше шешім қабылдай білетін білімді ұрпақты тәрбиелейміз. [1,3-б.].

«Инновация» термині ғылымға ХІХ ғасырда енді. ХХ ғасырдың екінщі жартысында инновация әлеуметтік өзгерістердің жалпы үрдістерінің сатысы ретінде қаралып, оның негізігі элементтері атап көрсетілді: «жаңашылдық», «жаңашыл», «бағалаушылар». Үрдістің сындарлы, өзгермелі мерзімін қандай да бір жаңа енгізілмелерге сәйкес «бағалаушылардың» іс-әрекетіндегі өзгерістер айқындайды.

Жаңашылдық – нағыз құрал, ал инновация осы құралды меңгеру үрдісі. Сауатты түрде таңдап алынған жаңашылдық барынша мүмкін дәрежеде жаңа енгізілімнің табысқа жетуіне кепілдеме беруі тиіс. Инновациялық үрдіс деп жаңалықты жасау, меңгеру, пайдалану және тарату бойынша жүргізілетін кешенді іс-әрекетті айтады. Бүгінгі жағдайда жаңа ғылыми, тәжірибелік білімді жасау және оларды меңгеру мен іске асыруды инновациялық тұрғыдан қарастыруға болады.

Педагогикалық технология оқу үрдісімен, яғни мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен, оның құрылысымен, құралдармен, әдістері және түрлерімен түбегейлі байланысқан. Жаңа технологияны меңгеру мүғалімнен асқан шеберлікті, арнайы дайындық пен ізденісті, сауаттыдықты қажет етеді. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар оқушыны оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. Бұл жаңа технологиялар шығармашыл қабілеттің дамуына жағдай туғызады. Әр  мұғалім қазіргі жаһандану саясатына сәйкес жаңа технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап пайдалануға тиіс. Сабақты тартымды өткізу және оқушылардың оқуға деген қызығуын арттыру үшін әр сабақты түрлендіріп, арттыруы шарт. Ол үшін тек бір технологиямен шектеліп қалмай, әр түрлі технологияның сан қилы элементтерін пайдалану артық етпесі анық. Сабақта мәселелік оқыту технологиясының басты мақсаты –оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдылығы мен шығармашылық икемділіктерін дамыту. Ерекшелігі: оқу материалында баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәселе туғызу.Инновация көпсалалы,кең қолданыста.Педагогика ғылымында өзіндік категориясы болмаса да, зерттеуші ғалымдар білім беру жүйесіне жаңалық енгізу деп қолданып жүр. Инновация ұғымы ең алғаш мәдениет танушылардың зерттеулеріне енді, ал қазір барлық салада кеңінен қолданылады. [2, 63-б.].

Жаңа парадигмалық жағдайдағы педагогикалық инновацияда (неология,аксиология,праксиалогиялық жағдайдағы) білім беру жүйесінің әдіснамалық негіздері мен даму бағыттарының кәсіби шығармашылық деңгейді көтерудегі басым бағыттары қарастырылады. Жаңа парадигмаға көшуде қазіргі таңдағы отандық және шетелдік зерттешілер (Роджерс, Д.Дьюи, Курт, Льюин, П.Ф.Каптеева, Ю.К.Бабанский, В.П.Сазанов, Г.С.Құдайбергенова және т.б) еңбектерінде ғылыми негіздердің педагогикалық-психологиялық, ғылыми, әдіснамалық бағыттары басшылыққа алынады. Зерттеуші ғалым Ф.Янушкевич «жаңа техналогиялық сабақ мұғалімнің өз әдісін жаңартуға арналған емес, оқушының пайдасына, қажеттілігіне арналу қажет, сонда ғана сапа болады» дейді.Бұл пікірге қосылуға болады.Өйткені педагогтің жеке тұлға қалыптастырудағы іс-әрекетінің  басты материалы – педагогикалық техналогия. Сондықтан мектепте жүргізілетін ғылыми – әдістемелік  жұмыстың негізгі бағыты, мазмұны, формасы, мақсат пен міндет айқындалса, бұл мектепте оқу – тәрбие үрдісінің сапалық деңгейі жоғары болары сөзсіз. Ал оқу тәрбие үрдісінің техналогиясы – оқушы тұлғасын дамытуға бағытталған мақсат, мазмұн, құрал, форма және әдістер жүйесі. Қазіргі кезеңде білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс тәсілдерін инновациялық педагогикалық техналогияларды игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақтытәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуды қажет етеді.Ұлы ойшыл ғұлама әл-Фараби «Адам бойындағы ең үлкен қасиет – қабілет өмірді түсіну, қанағаттұту, ұстанымдылық және өзгеге ұқсамайтын даралық» деген. Ғұламаның осы өмірлік ұстанымы бүгінгі білімнің  басты үйлесімділігінде екеніне көз жеткізуге болады. Сонымен инновациялық технология дегеніміз – педагогтың білімі, білігі, иннтеллектуалдық, кәсіби әдіс-тәсілдер жүйесін қолданудағы шығармашылық қабілет жиынтығы, мұндағы қажеттілік,қабілет,мүмкіндіктентуындайтын нәтиже даму мен ұмтылыс арқылы жүзеге асады. Білім беруді дамыту үрдісінің әлемдік үрдіске кірігуі,дамыған елдердің стандартына деген ұмтылыс қоғам дамуындағы қажеттіліктерді туындатып отыр. Педагогикалық технология жетілдірілген оқыту мен тәрбие жүйесін құру және оқу-тәрбие үрдісін жобалаумен айналысады. Педагогикалық технология басқарылатын қайта жаңғыртылатын оқу тәрбие үрдісін жобалауды көздей отырып , білім берудің негізгі мақсаты мен міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін ғылыми тұрғыдан негізделген амал тәсілдердің жүйесін құрайды. Оның негізгі құрылымдары мыналар болып табылады:

-тұжырымдамалық негізі:

-мазмұндық бөлігі:

-әрекеттілік бөлімі-техникалық үдеріс. [3, 13-б.].

Педагогикалық технологияның тиімділігі педагогикалық шарттарға байланысты. Педагогикалық шарттарға, ең алдымен,педагогтің дербес ерекшеліктері: тұлғалық даралығын, мәдениеттілігін, қызығуын, т.с.с.жатқызуға болады.  Сонымен бірге, оқушылармен қарым-қатынас жасау біліктілігі мен кәсіби шеберлігі ерекше мәнге ие болады. Сабақты оқытуда жаңа педагогикалық технологиялардың көптеген түрлерін пайдалана отырып сабақ өткізуге болады. Жаңа педагогикалық технологиялардың жіктелуін мына кестеден көруге болады.

Жаңа педагогикалық технологиялардың жіктелуі

Оқушы іс-әрекетін белсендіруге негізделген педагогикалық технология Оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыру және басқаруға негізделген педагогикалық технология Оқу материалын дидактикалық-әдістемелік жетілдіруге негізделген педагогикалық технология
–          Тірек белгілері мен тірек конспектілері негізінде оқыту технологиясы

–          (В.Ф.Шаталов);

–          Ойын технологиясы;

–          Проблемалық оқыту технологиясы;

–          Жаңа ақпарат-коммуникативтік технологиясы;

–          Витагенді оқыту технологиясы

–          (А.С.Белкин);

–          Тренингтік технология;

–          Интеграциялау технологиясы;

–          Өздігінен даму технологиясы

–          (М.Монтессори);

–          Дамыта оқыту технологиясы

–          (Л.С. Выготский), Л.В.Зенков, ДДавыдов).

-Бағдарламалап оқыту;

-Саралап оқыту технологиясы(В.В.Фирсов, Н.П.Гузик);

-Жекеше оқыту технологиясы (А.С.Границкая,В.Д.Шадриков)

-Оза отырып оқыту технологиясы(С.Н.Лысенкова);

-Топтық және ұжымдық оқыту технологиясы(И.Д.Первин,

В.К.Дьяченко);

-Компьютерлік оқыту технологиясы;

-Модульдік оқыту технологиясы;

-Мультимедиялық технология;

-Жобалау технологиясы.

-Дидактикалық бірліктерді ірілендіру (П.Э.Эрдниев);

-«Мәдени диалог» технологиясы;

-«Экология және диалектика» жүйесі(Л.В.Тарасов);

-Ойлау іс-әрекетін кезеңімен қалыптастыру теориясын жүзеге асыратын технологиясы

(М.Б. Волович);

-Сатылай кешенді талдау технологиясы (Н.А.Оразахынова);

-Бейнетехнология.

Жаңа педагогикалық технологияны қолдана отырып,оқытуда төмендегідей басты ұстанымдарды ескеру қажет.

  1. Жаңа педагогикалық технологияны пайдалану арқылы оқу материалдарын оқытуды бір жүйелікпен үздіксіз жүргізу.
  2. Оқу-тәрбие үрдісінде оқытуда пәнаралық байланыстардың болуы.
  3. Оқытуда туындаған экологиялық, экономикалық, әлеуметтік проблемаларды т.б анықтап, оны түсіндіруде өзара байланыстылығын ашу. [4, 63-б.].

Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды қолданудың  өзіндік ерекшеліктері бар. Инновациялық білім берудің нәтижесінде оқыту мен тәрбиелеудің соңы әдіс-тәсілдерін инновациялық-педагогикалық технологияны меңгерген, психологиялық-педагогикалық диогностиканы қабылдай алатын және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог, зерттеуші жағаша мұғалім болып шығ

Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия болып табылады. Арт-терапия даму үстіндегі психотерапиялық әдістердің жаңа түрі болып келеді. Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие. Алғашқы Арт-терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат, ауру, немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, қазіргі кезде оның қолданыс аясы, шеңбері кеңеюде. Яғни бұл терапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы қасиеттердің мүмкіндігін түсініп ашуға да жағдай жасайды. Арт терапия — бұл емдеу ғана емес, сонымен қатар креативтің, тұлғаның дамуы мен үйлесімділігі, кез-келген жағдайды шешуге көмек. Арт терапия бейнелік өнер арқылы жанның дамуы мен емдеудің табиғи және қолайлы әдісі. Бұл терминді ғылымға 1938 жылы Адриан Хилл енгізді. Ағылшын тілінен аударғанда шығармашылық терапия деген ұғымды білдіреді. Артерапия шектеусіз және психотерапияның барлық бағыттарында, педагогикада, әлеуметтік жұмыста т.б. қолданылады.Әр адам өзін, өз сезімін және өзінің жағдайын әуен, дыбыс, қимыл және сурет арқылы көрсете алады. Кейбір адамдар үшін бұл — әлемге өзі туралы, өзінің шығармашыл адам екенін танытудың жалғыз ғана әдісі болып табылады. Арттерапияның ерекшелігі — қажет ететіндерге мұндай мүмкіндікті беру .

Суреттер бойынша интерпретация келесі 4 құрамды бөліктен тұрады: Суреттің құрылымын талдау. Отбасы мүшелерінің орналасуы және олардың өзара әрекеттесуінің ерекшеліктері. Отбасы мүшелерін салу реті және олардың сыртқы көрінісіне көніл аударуы Суретте қолданылған символикалар және оның мағынасын талдау.   Зерттеу барысы: Суретті салып болған соң, қатысушылармен әнгімелесе отырып, келесі сұраныс бойынша жеке қатысушымен осы сұрақтарға жауап алу керек: Осы «Гүл бейнесіндегі отбасы суреті» әдістеменің ерекшелігі оған қатысушының отбасын, өзін-өзі бақылауы, қарым-қатынас ерекшеліктері, қатысушының отбасындағы әр адамға көзқарасы, мазасыздануы, шиеленіс жағдайлар санадан тыс көрініс береді. Қатысушымен жеке байланысқа, тез тіл табысып, проблемаларын шешуге әрекет береді.

Топта оң әсерлі бетбұрыс жасайды; Құрдастарымен, тәрбиешілерімен, басқа да ересек адамдармен қарым-қатынас жасауды жеңілдетеді. Көркем өнерге бірге қатысу ол өзара қабылдау, эмпатия қарым-қатынасын жасауға мүмкіндік береді;  Баланың мәдени ұқсастығын арттырады, тілдік кедергіні, жеңіп  шығуға мүмкіндік береді;  Қандай да бір себептермен ауызша талқылауға қиын болып табылатын нақты проблемалардың немесе қиялдардың шешімін табуға мүмкіндік береді;  Әр түрлі сезімдерді символдық деңгейде пысықтауға, оларды әлеуметтік қолайлы нысанда зерттеуге және көрсетуге мүмкіндік береді;  Ішкі бақылау сезімін дамытады. АРТ – сабақтары түйсіну мен көру сезімі арқылы эксперимент жасауға жағдай жасайды, сенсомоторлық ептіліктің, жалпы алғанда кеңістікте түйсік пен  бейімделуге жауап беретін бас ми жартышарларының дамуына ықпал етеді;  Шығармашылық өз ойын білдіруге, қиялдауды, эстетикалық тәрбиені, бейнелеу өнерінің тәжірибелік машығын, жалпы алғанда көркем өнерге деген қабілетін дамытуға мүмкіндік береді;  Баланың бейімделу қабілетін арттырады, шаршауды, оқуға байланысты болатын жағымсыз жағдайлардан арылтады. Арт-терапиялық әдістерді пайдалану нәтижесінде

Арт-терапиялық жаттығулар: «Серуендеу»

Мысалы, дәптер бетіндегі «серуендеу» қатысушыларға өздерін жалғыз әріппен белгілеп, парақтың аумағы мен шекарасынан шығып кетпей, белгіленген территорияда «серуендеу» ұсынылады. Арт-терапевттің белгісімен барлық қатысушылар тоқтап қалады. Осыдан кейін кім парақтың қай жерінде орналасқаны талқыланады. Кейбіреулер кеңістікті жақсы сезбейді және олардың «әрпі» қай жерде — парақтың басында ма, әлде соңында немесе шетінде орналасып тұр деген сұраққа жауап берген кезде қателеседі. Мұндай құбылыс дисграфиямен ауыратын балаларға тән. Жаттығуларды қайталаған кезде қатысушыларға, яғни «әріптерге» сөзге, есімге бірігуді ұсынуға болады. Сонымен қатар, оларға сапқа тұруды, дөңгелек, төртбұрыш, т.б. фигураларды жасауды ұсынуға болады. Осы арқылы арт-терапиялық кеңістік дұрыс игеріліп, кеңістікте қиялдау жетіледі. «Серуендеу» ерік болуы мүмкін. Жаттығудың мақсаты — бөлменің белгілі-бір аумағындағы түрлі қимылдар (бірқалыпты және кенет, ақырын және тез) кезінде өзіне көңіл аударып, өз денесін сезіну. Ақырындап жаттығу күрделене береді. Мысалы, серуендеп жүріп қатысушылар вербалды емес тәсілдерді (жест, мимика, күлімдеу) қолдана отырып кездесуді имитациялау. Келесі тапсырмада әр кездесу ден кейін қозғалыстың бағытын шұғыл өзгерту керек. Мысалы, арттерапевттің нұсқауымен 90 немесе 180 градусқа бұрылу, отырып тұру, секіру, т.б. Осылайша дайындаушы жаттығулардың барлығы сезімдерге, эмоциялық күйге назарды шоғырландыруды жүзеге асырады. Джейн Райнның сөзі бойынша бұл әрбір қатысушыға өзін айқындаудың бағытын өзі анықтауға мүмкіндік береді. Бастапқы кезде жетекші сурет салу немесе басқа да шығармашылық іс-әрекетпен айналысу арқылы қатысушылардың өзін айқындаудың еркіндігіне қол жеткізуге көмектесуі керек. Автордың көрсетуі бойынша тапсырмалар қорқынышты тудырмауға, сананың бақылауын әлсіретуге және қатысушыларға өздерінің ішкі күйін көрсетуге көмектеседі. Көніл күйді, өз қиялынан бір нәрсені немесе махаббат, жек көру, сұлулық, еркіндік туралы өздерінің түсініктерін бейнелеуді сұрауға болады. Тапсырманы орындап болған соң қатысушыларға өздерінің қайғыруларын айтып беру ұсынылады, қиялдағы ойларды бейнелеу кезінде басып отырылған эмоциялар көрініс табуы мүмкін. Осындай жағдайда топ болып жұмыс істеуге болады.

«Көңіл-күй бейнесі мен пластикасы»

Пластилинмен және түсті қамырмен жасалатын жұмыс.Қамыр кішкентай балалар үшін қолайлы әрі қауіпсіз материал болып табылады. Осы жаттығуды агрессивті эмоциялар, деструктивті мінез-құлық, қорқыныш терапиясында қолданған пайдалы. Бастапқы кезде белгілі бір түсі бар қамыр немесе пластилиннен келісті форма жасау ұсынылады. Кейін көңіл-күй түсіне сәйкес қатысушылар топқа бірігеді. Әркім өз оқиғасын айтып береді. Кейін индивидуалды жұмыстардан бір түсті ұжымдық композиция жасалады (Тақырыптар: «Менің әлемім», «Менің жан дүнием», «Пластилиннен жасалған кала», «Пластилинді жұмақ», т.б.). қатысушылар өнімінің тақырыбы мен сюжетін, атын өздері ойлап тапса дұрыс болады. Материалдардың иілімділігі жұмыска көптеген өзгерістерді енгізуге, сәйкесінше эмоциялық көңіл-күйді түзетіп жақсартуға жағдай жасайды. Жағымсыз эмоциялар топтың жағымды, тілектестік атмосферасында еріп, жоғалып кетуі мүмкін. Осындай мақсатта терапия ұжымдық форма жасаумен аяқталады, яғни жеке пластилиндік фрагменттерден бір түсті «Көңіл-күй шарын» жасау. Осы жаттыудың басқа түріндегі нұсқay нақтырақ болуы мүмкін: 1.белгілі бір көңіл-күйді бейнелеңіз (немесе өзіңіздің қиялдарыңызды; бақыт, сұлулық, махаббат, еркіндік, сезім, т.б. туралы түсініктеріңізді). 2.өзіңіздің «мен» бейнесін жасаңыз (субтұлғаны). метафора қолдану арқылы пластилиннен өзіңіздің ұнайтын және ұнамайтын қасиеттеріңізді бейнелеңіз презентациялаудың кез келген түрін қолдана отырып пластикалық бейнеде көрініс табатын өзіңіздің қайғыруларыңызды бейнелеп беріңіз. Пластилиннен, қамырдан, саз балшықтан форма жасау көркемдік бейненің символдық мәні мен түрін өзгерту! Мүмкін, сондықтан да ол өзге координат жүйесінде жаңа «Мен» бейнесін, өнімді қарым-қатынасты, тұлғаның құндылықтарын модельдеуге көмектесетін тиімді арт-терапиялық тәсіл болып табылады.

«Сезімдерді бояу»

Осы жаттығуды екі кезең бойынша өткізген дұрыс. Бастапқыдан қатысушылар А4 парағына абстракты түрде сызықтар мен формалар арқылы өз тәжірибесінен белгілі ең жақын сезімдерді жай қаламмен бейнелеуі керек. Мазасыз және тұйық балалармен жұмыс жасаған кезде АЗ форматын, көркемдік көмірді немесе сангинаны қолданған дұрыс. Бейнеленген сезімдердің атауы суреттердің екінші бетіне жазылады. Кейін әр бейнеге сәйкес түсті таңдай отырып суреттерді бояу қажет. Бұл жаттығу көркем түрде теренде жатқан сезімдерді бейнелеуге, яғни іштей серпіліске жетуге көмектеседі. Бұл өздерінің эмоцияларын ұстай алмайтын және агрессия немесе деструкті мінез-құлыққа бейім субъектілер мен жұмыс жасағанда пайдалы. Психологтың міндеті өздерінің сезімдерін шынайы білдіруге және басқаларға қатысты сыйластықпен қарауға түрткі болу. Балаларға сезімдер мен моральді байланыстыра білуді үйрену керек. Біртіндеп өзінің басым сезімдерін зерттеуге және анализдеуге қажет құнды тәжірибе мен батылдық жиналады. Осындай сезімдерді үғынуға көмектесу арт-терапиялық ойындар мен жаттығулардың психотерапиялық қорын құрайды. Себебі ұғынылған және ұғынылмаған эмоциялардың арасындағы конфликт невроздардың негізі болып табылады.

 

«5 қимыл биі» жаттығуы

 

Әуендер: «Су ағысы», «Барабан соғысы», «Қуыршақ қимылы», «Көбелектің ұшуы», «Тыныштық».

Бес түрлі әуенге әрқайсысына сәйкес қимылдар жасап билейді.

«Балалық шаққа саяхат»

Ерте кездегі еске түсірулердің суреттері автордың оны қоршаған ортамен өзара байланысының өзінше бір метафорасы ретінде қарастырылады. Балалық еске түсірулер тұлға аралық қатынастардың символикалық моделі ретінде өзара әрекеттесудің индивидуалды ерекшеліктерін, коммуникативті қиындықтарды және оларды шешудің тәсілдерін, бұрынғы және қазіргі кездегі жауап қайтарудың сипатын бейнелейді деп есептелінеді. Аталған феномен бейнелеу өнерінің табиғатымен тығыз байланысты және арт-терапиялық диагностика контексінде үлкен маңызға ие. Балалық еске түсірулердің сөздері мен суреттері субъектінің ішкі өмірімен байланысты сезімдерді шығармашылық тұрғыдан айқындауға үлкен түрткі болып табылады. Сондықтан бірнеше терапиялық сабақтардың тақырыбы мынадай болуы мүмкін: «Өзіме бала сияқты ойнауды рұқсат ете аламын». Тапсырмалардың бірі: жазбайтын қолмен балалық шақтан ең сүйікті ойынды салып, суретке атау беру керек. Мақсатқа байланысты нұсқау балалық еске түсірудің эмоциялық бояуын таңдауға еркіндік қалдырады. Дәлірек айтқанда: -жазбайтын қолмен балалық шақтың белгілі оқиғасын салу; -жазбайтын қолмен балалық шақтьщ ең жарқын еске түсіруін салу. Жұмыста жұмсақ бейнелеу құралдарын (балауыздан жасалған борлар, пастель) және форматы үлкен қағаздарды (АЗ және одан үлкендерін) қолданған дұрыс. Оң қолмен жазатын адамдар сол қолымен сурет салу кезінде өздерінің қабілеттерінің шекарасын кеңейтеді, сана бақылауын азайтып, сезімдерге қарайды, яғни спонтанды бола бастайды. Ол өз суретінің көркемділігі туралы ойламай, жай сурет сала бастайды. Осындай кезде күшті қайғырулардың, балалық қорқыныштың көрініс табуы және жарқын шығармашылық бейнелердің пайда болуы мүмкін. Неліктен осы балалық ойда пайда болғанын талқылаған дұрыс. Адам бейнелермен жұмыс істеу кезінде өзін қалай сезінді және өзін қазір қалай сезініп жатыр? Еске түскен оқиғаның азтордың «өмірлік сценариімен», мінезқұлықтың басым жақтарымен қандай байланысы бар? Оның қазіргі өмірінде қалай көрініс тауып жатыр?. Келесі терапиялардағы балалық еске түсірулердің тақырыбы мынадай болуы мүмкін: «Менің бірінші өтірігім», «Есте қалған оқиға», «Мен — кішкентай бала», «Мен кішкентай болған кезімде … », «Балалық құпия», т.б. тез өтіп кетеді. (Сөздер мен символдар өзіндік реттеудің табиғи механизмдерін қосуға қабілетті жарқын әсерлер мен шынайы сезімдерді оятатыны белгілі.Қорқыныш сезім (эмоциялық компонент) міндетті түрде қимылдық мазасыздықты (моторлық компонент), адамның ойының өзгеруін тудыратыны жалпыға белгілі. Демек жағымды бей нені суреттеп қиялдаған кезде мимика, жест,қимылдар өзіне және басқаларға деген қарым-қатынаста көрініс табатын рахаттану сезімін бастан өткізуге болады. Сондықтан терапия мақсатында жағымды тақырыптар пайдалы: «Мен жақсымын», «Балалық шағымның ең жарқын әсерлері», «Қуаныш». Арт-терапиялық техникалардың нәтижелілігін қатысушылардың өздерінің пікірлері, олардың тұрақты түрде терапияға қатысуға деген құлшыныстары, сонымен қатар өзара қapым-қaтынас тaғы жағымды өзгерістер және басқа да белгілер дәлелдейді. Арт-терапияның тиімділігінің жалпыланған белгісі болып қатысушылардың көңіл-күйінің әлеуметтік және психологиялық динамикасының көрсеткіші есептеледі.

 

«Кемпірқосақтың түстері. (Радуга)»

Бұл негізіен кооперпацияға арналған жатгығу. Жатгығу cәтri болу үшін әр ойыншы бірін-бірі жан тәнімен түсінісуі керек, нәтежиесінде ойынның баяу жүруіне қарамастан олар бір ритмге және бірдей жағымды көңіл күйде болуы керек. 1.Ойыншылар шағын 5-6 адамнан тұратын топқа бөлінеді. Әр топ өздерінің шеңберлерін жасап бір басшы сайлайды және ол жоғары дауыспен үшке дейін санау керек. Топ басшы «3» деп айтқан cәтre қалғандары бірдей түсті айтып хормен айту керек. Мысалы: қызыл, қара, көк. Ойынның мақсаты — әр топтың мүшелері алдын ала келіспей ақ бәрі бірдей түсті айтуында. Осымен қоса мына шартгарды орындау керек: ойыншылар бір түсті екінші рет қайталамау керек. 2.Жатгығу барлық ойыншы бірдей түсті айтқанда бітеді. Жалпы алғанда, ұсынылған жаттығулар жан-жақты болып табылады. Олар айна секілді шынайы өмірдегі адамның мінез-құлық моделін бейнелейді.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *