Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Үстеу және оның түрлері

Үстеу және оның түрлері

Балқаш қаласы,Қарағанды облысы

Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Мукышева Айгүл Бақытқызы

Сабақтың тақырыбы: Үстеу және оның түрлері. Ұлы ғалым-саяхатшы Ш.Уәлиханов

Сабақтың мақсаты:Үстеу туралы мағлұмат беру, үстеудің мағыналық топтарына, тоқталу  граматикалық тақырып пен лексикалық тақырыпты байланыстыра отырып  мезгіл үстеуге  тоқталу.

  1. Білімділік:  Үстеу туралы мәлімет беру, үстеудің біздің өмірімізбен байланысы бар екенін түсіндіріп, олардың  түрлерін ажырата білуге үйрету.
  2. Дамытушылық: оқушылар өз ойын еркін жеткізе білуін,  үстеуге байланысты мақал- мәтелдер, жаңылтпаш, жұмбақ іздеп жаттау, тіл байлығын, қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру.
  3. Тәрбиелік: Лексикалық тақырыпты талдай отырып қазақтың бір туар ұлы-Шоқанды қадірлеп қастерлеуге, өз бетінше ізденіп, алған білімін еркін қолдана алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу.Әсемдікті сезіну, көркемдікті түсіну.

Күтілетін нәтиже:

а) Оқушылар білу керек: Үй тапсырмасын игеру керек.

ә) оқушылар игеруі керек: Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыра отырып меңгеру керек..

б) оқушылар меңгеру керек: Жаңа материалдарды игеру керек.

Сабақтың типі:Аралас  сабақ.

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, бірін-бірі бағалау әдісі, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс:қазақ әдебиеті, орыс тілі,  ағылшын,орыс тілі

Көрнекілік: суреттер, кесте, интерактивті тақта, ойын.үлестірмелі қағаздар,

Сабақтың барысы:

     І.Ұйымдастыру кезең: оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа әзірлік.2-мин

Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Алдымен жаңа тақырыпты бастамас бұрын үй тапсымасын тексеріп алайық. Сондықтан сабаққа жұмыла, белсенді қатысуларыңды сұраймын. Менің алдыма қойған мақсатым: тапсырмалар арқылы сендердің алған білімдеріңді тексеру.

 Балалар топпен жұмыс істейді, әр топқа бағалау парағы беріледі, берілген тапсырмаларды бағалап жалпы ұпай шығарылып отырады.

 ІІ.Үй жұмысын тексеру.

2.1. Етістіктің райлары туралы  карточка арқылы қайталау. 5мин.

Әр топтың 1-1 оқушысына карточка тарату

І-топ,1-карточка:Мына жалғаулар ңыз/ңіз,-ыңыз/іңіз арқылы бұйрық рай ойлап,сөйлем       құраңыз. С помощью окончаний –ңыз/ңіз, -ыңыз/іңіз образуйте бұйрық рай. Попробуйте      придумать предложения

Бер, тыңда, ойлан, байла, түсін,кел.

ІІтоп,1-карточка:Перевелите на русский язык. Найдите қалау рай.

Мен жазда Балқаш көліне бар-ғы-м келеді.

Сен не туралы айт-қы-ң келіп тұр.

Ол қыста Алматы қаласына бар-ғы-сы келеді.

2.2. Келесі екі  оқушыға таратпа қағаз арқылы жазбаша жіктеу жұмысын беру.

І-топ,2-карточка:  Берілген бұйрық  райлардың кез келгенін  жекеше және көпше түрде жікте?

Айт,байла,

 ІІ-топ,2-карточка:Мына етістіктердің кез келгеніншартты рай формасында жіктеңіз.

Қуан,шақыр,

2.3. Ал қалған оқушылар бос отырмас үшін(жалпы етістік туралы сурақ-жауап арқылы) «Бәйге» ойынын ойнату

Сұрақ-жауап

1.Етістік дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?(Етістік заттың іс әре-кетін білдіреді. Сұрақтары: не істеді? Не қылды?қайтті?)

2.Дара етістік дегеніміз не? Нешеге бөлінеді?( Бір ғана түбірден тұрады. Негізгі және туынды болып екіге бөлінеді).

3.Болымды етістік нені білдіреді? Мысал келтір.(Іс әрекеттің жүзеге асқанын білдіреді. М: алды,өшірді,жазды)

4.Етістік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?(Екіге бөлінеді салт және сабақты)

5.Етістіктің шақтары дегеніміз не?Ол нешеге бөлінеді?(Іс-қимылдың уақытын біл-діретін етістіктің тұлғасы. Етістіктің 3 шақ тұлғасы бар:осы шақ, өткен шақ,келершақ.)

6.Етістіктің райлары дегеніміз не? Оның неше рай түрі бар?(Етістіктің райдары орындаушының іс-қимылға байланысты ой-пікірін, қатынасын білдіреді. Етістіктің 4рай түрі бар. Олар: Ашық рай,Бұйрық рай,Шартты рай,Қалау рай.)

7.Ашық рай дегеніміз не? Жасалу жолын айт., мысал келтір. (Іс-қимылдың қай шақта екенін

8.Бұйрық рай дегеніміз не ? Жасалу жолын айт, м/келтір.( Іс-қимылдың бұйыру, талап ету, өтіну ретінде айтылу мағынасын білдіреді. Етістіктің бұйрықты түрде жіктелуі арқылы жасалады. Мен бар-айын Сен бар Сіз бар-ыңыз Ол барсын)

9.Шарттырай дегеніміз не ? Жасалу жолын айт, м/келтір.(Іс қимылдың орындалу орындалмау шартын білдіреді. Етістік –са,се жіктік жалғауы арқылы жасалады.Күн ашық бол-са, тауға шығамыз.)

2.4.Карточкаларды тексеру(екі топ бір-бірн тексереді, дұрыс жауабы тақтада жазылып тұрады.)

2.5.Абай Құнанбаев туралы әр топ өз шығармашылық жұмысын қорғау.

Балалар біз сіздермен өткен сабақта етістікпен байланыстырып Абай туралы өткенбіз соған байланысты қай топ әдебиеттен өзгеше қандай тың дерек дайындап келді екен көрейік әр топқа 5 мин уақыт беріледі.

І топ – Абай атындағы ескерткіш, мектептерге зерттеу жүргізеді.

ІІтоп-  Абай музейі туралы слайд (көрме ұйымдастырып қорғау).

(Бір-бірін бағалайды?)

 ІІІ. Жаңа сабақ.

Сонымен біз сөз таптарының қандай түрлерін өттік? (зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік). Негізі балалар қазақ тілінде сөз табы тоғыз. Қалағанын кім атайды?  (үстеу, шылау, одағай, еліктеу сөздер).

—         Иә, дұрыс айтасыңдар.   Осы сөз таптарының бірі үстеуге тоқталамыз.

Олай  болса дәптерлерімізді ашып бүгінгі күнді және тақырыпты жазамыз.

«Үстеу және оның түрлері.  Ұлы ғалым – саяхатшы».

3.1.Мұғалімнің сөзі:Үстеу сөздерзаттың әр қилы қимылы мен ісінің әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік күй – жайларын және сынның белгісін білдіреді. Мағынасына қарай мынандай сұрақтарға жауап береді: қайда? қашан?  не себепті? не мақсатпен? қанша? қайтіп? қалай? қай уақытта? Мысалы:  таңертең (утром), бұрын (давно), алда (впереди), жақында, (недавно), солға (налево), тез, қолма-қол( быстро), емін-еркін (свободно), амалсыздан,  шарасыздан (поневоле, безысходно);

Үстеу – часть речи, который обозначаеть признак дейстивия, предмета или другого признака. Вопросы: где? когда? куда?  с какой целью? с каких пор? как? каким образом?  в какой степени? Үстеу мағынасына қарай 7 топқа бөлінеді

3.3. Суретпен жұмыс.

Енді барлықтарың назарларынды мына суреттерге аударындар. Бұл суреттен не байқадыңдар? (мезгіл).

Бұл үстеудің қай мағыналық тобына  жатады.

— мезгіл үстеу.

-Дұрыс балалар.

— Ал, енді мезгіл үстеудің сұрақтарын кім айтады екен? (қашан? қай уақытта? қашаннан бері?).

-Олай болса біздің күнделікті яғни жиі қолданатын сөздеріміз көбінесе қай үстеуді қамтушы еді?(мезгіл үстеуін)

-Ендеше  мына сөздіктерді оқып аударайық.  Бұл сендерге күнделікті өмірде керек болады.

3.4.Оқулық жұмыс.

1. тапсырма. Берілген сөйлемдерді орыс тіліне аударып, мезгіл үстеуді табу.

2. тапсырма. Берілген үстеу сөздерге сөйлем құрап, сұрақ қою.

3.5. Олай болса мен де  барлықтарыңа ортақ  тапсырма  дайындадым кәне назарларыңды тақтаға аударыңдар.

*Жазғы демалыс кезінде ол ел ішіндегі аңыз әңгімелерді, халықтық  жырларды  жазумен  айналысады. (қашан? мезгіл үстеу.)

3.6. Лексикалық тақырып  «Ұлы ғалым – саяхатшы».

Мұғалімнің сөзі: Бұл жерде кім туралы айтқымыз келіп тұр ?  (Шоқан).

-Дұрыс айтасыңдар.

Слайд көрсету—————

  Эпиграф:

Гүлдер солып, жұлдыздар сөніп,

адамдар өліп жатады.

Бірақ адамзаттың бір ерекшелігі сол –

одан із қалады, іс қалады,  сөз қалады,-  деп қазақ атмыз айтқандай   Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың артынан қалған мұралары, еңбектері мен шығармашылығы туралы сұрақтар қоямын,  сендер жауабын толық тақтаға жазасыңдар.

1.Шоқан  кім? (Шоқан Уәлиханов – ұлы ағартушы,  қазақтың ғұлама ғалымы, шығыстанушы, тарихшысы,  этнограф, фольклорист  ол  қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихында ерекше орын алады.)

2.Ол қай жерге оқуға түсті? (Сібірдегі ең алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі   Омбы Кадет корпусына оқуға түсті.)

3.Оған корпустың оқытушылары  қалай қарады? « Шоқанға 14-15 жастың өзінде,    корпустың оқытушылары болашақ зерттеуші және ғалым ретінде қарады».

4.Сол кезде  Шоқанға не ұнаушы еді?(Кадет корпусында оқып жүргенде туған өлкесін зерттеу және  қазақ даласының тарихын зерттеу ерекше қызықтырды.                                        5.Шоқан қай жылы қай жерге саяхатқа шыққанда бүкіл әлемге аты шықты?

(1857-1859 жж. Шоқан   белгілі Қашқарға саяхат жасады. Бұл саяхат қажырлы саяхатшы және көрнекті ғалым ретінде оның атын шығарды. )

Құраған мәтіндерін дәптерлеріне жазып, бір екі оқушыға оқыту.

 3.7. Аудару жұмысы.

Тапсырма. Ұлы ғалым – Шоқанның қанатты сөзін аударып,  мағынасын түсіндіріңдер.

Шоқан Уәлихановтың сөзі.                                                 

Адамның басшысы  — ақыл,

Жетекшісі – талап,

Шолушысы – ой,

Сынаушысы – халық,

Қорғаушысы – сабыр,

Қорғанышы –мінез,

Ең қымбаттысы – ар,

Таусылмайтыны – арман

Барлығынан ардақтысы — өмір.

Алдыларына парақ тастап жазыпалуларын өтіну.

 Сөздік құрастырып жазыңдар.

Сөздік:

Басшы –предводитель ақыл — ум

Жетекші – руководитель

Талап – стремление

шолушы — обозреватель

ой -мысль

Сынаушы – критик

Қорғаушы- защитник

Сабыр – терпение, выдержка

Ең қымбаттысы – самое дорогое

Мінез- харектер

Таусылмайтыны – несканчаемый        

ар — совесть

Сөздік беріп мына сөздерді орыс тіліне аударту

 3.8. Мәтінмен жұмыс.

Берілген мәтіннен үстеуді тауып, сұрақ қойыңдар?

Шоқан Уәлиханов қазргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде дүниеге келген. (қайда? Мекен)Жасында ауыл мектебінде мұсылманша  оқыған. (Қайда? Мекен). Ол  1847 жылы    Омбы кадет корпусында оқиды. (Қайда? Менкен.) 1857 жылы Шоқан Алатау қырғыздарына (қайда? Мекен.) сапар шегіп, оның тарихын, этнографиясын және халықтық поэзиясын зерттеді.  Шоқан қазақ халқын (зерттеуге ерекше ден қояды.(қалай қимыл –сын).Аса көрнекті қазақ ғалымы өте ауқымды ғылыми-шығармашылық мұра қалдырды.(қандай?күшейтпелі)

 3.9. Ойын. «Сиқырлы сандықшы»

Ойынның шарты: Бүгінгі өкен материялдарға байланысты  әр қайссың  1 сұрақтан жазып  сандықшаға саламыз да қонақтардың біріне араластыруды өтінеміз. Содан соң әр оқушы бір-бірден  сұрақтарды алып жауап береді.

 ІҮ.Бекіту.

 Рефлексия

Оқушылардыңсабақ туралы пікірлері

Не білдім? Не ұнады? Не білгім келеді?

 Ү.Үй тапсырмасы.Үстеуге байланысты мақал-мәтелдер,жұмбақтар жазып келу.

І-топқа Шоқанның соңғы аманаты қандай еді,оны кімге айтты?(деректер жинау)

ІІ-топқа Шоқанды кім зерттеп жатыр? (мәлімет жинау)

 ҮІ.Бағалау.

Бағалау парақтарын өткізеді,сол арқылы тиісті бағаларын журналға қою.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *