Басы » Баяндамалар » КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУДЕ ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН ҚҰЗІРЕТТІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ

КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУДЕ ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН ҚҰЗІРЕТТІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ

Екібастұз қаласындағы

№25 қазақ қыздар гимназиясының

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Аримбекова Альмира Ғабитқызы.

Жеті  түрлі білім біл,

Жеті жұрттың тілін біл.  Мақал

                         

     «Көптілді тұлғаны қалыптастыру – бәсекеге қабілетті қоғам құрудың негізі».

Тілдің адам өміріндегі ең шешуші рөль атқаратыны әркімге де түсінікті. Ол танудың, түсінудің, дамудың құралы.

Көп тіл білу біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады.

Бүгінгі таңда жалпы орта білім беруді жетілдірудің негізінде құзіреттілік тәсілді қолдану ұсынылып жүр,  білімге бағытталған мазмұнды құзіреттілік, яғни нәтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру  қажеттілігін көреміз. Құзіреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс – жүзінде , күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Ол ең әуелі мектеп үрдісінде қалыптасады. Яғни заман талабы оқушылардың бойына түйінді құзіреттіліктерді қалыптастыру болып табылады

Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге  қолдана алу қабілеттілігі. Заман талабы оқушылардың бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады.

Құзіретті адам – ол жеке тұлға. Ол туындаған проблеманы жеке және топтарда (коммуникативтік) шеше алуға, өмірде және жұмыс орнында үнемі жанашылдыққа ұмтылуға,  қабілетті болуға тиіс, өз бетімен және басқаның  көмегімен  қажетті  ақпаратты іздестіріп, қолдана алады.  Осы аталған сапалар мен қасиеттер кез келген іс — әрекеттерге қажет. Содан да  олар негізгі құзіреттер деп аталады.

Әрине, көптілді білім берудің бастауы — бастауышта дейтін болсақ, шет тілін оқытуды бас­тауыш мектептен бастау керектігі көптеген елдердің тәжірибесінде бар. Осы мәселе төңірегінде біз­дің қоғамда пікір әр алуандығы туындап отыр. Оған алаңдау­шы­лықтың да себебі жоқ емес. Тәу­ел­­сіздік алғанымызға жиырма жылдан асса да, қазақ тілі әлі төр­­ге оза қоймағаны ұлт намы­сын ойлаған халықтың қынжы­лы­сын туғызып отырғанын мо­йындауымыз керек. Бірақ өмірге жаңа ұрпақ келе жатыр, оның бойында ұлттық рух, ұлттық на­мыс жоқ дей алмаймыз. Керісін­ше, қазіргі жастар елінің бола­ша­ғы қазақ ұлтымен, оның мем­­­лекеттік тілімен тікелей бай­ланысты екенін жақсы түсінеді және сонымен қатар әлемдік үдерістің талабына сай көп тілді меңгерудің де өмір талабы екен­дігін жақсы біледі. Барлығы да уақыттың еншісінде, келешек ұрпақ ұлтының ұлы мұратын биік ұстайды деп сенейік. Елба­сының «Қазақстан — 2030» стра­тегиялық Жолдауында: «Жастар­ды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан да­мыған жеке тұлға ретінде тәр­биелеу аса қажет. Олар қазақ, орыс және ағылшын тілдерін бірдей жақсы меңгеретін болады. Олар осы арқылы және өзінің бейбіт әрі қарқынды дамыған, бүкіл әлемге танымал елінің па­триоты болады» деген болатын. Ал әлемдік дамудың талабына сай бәсекеге қабілетті ұлт бола­мыз десек, оның қатаң талап­та­рына да күш салуымыз қажет. Сондықтан көптілділікті заман­ның зәрулігінен туындаған қа­жет­тілік деп есептеп, оны игеру­ден қорықпауымыз керек.

Қазақстан Республикасының шетелдермен халық-аралық байланыстары күннен-күнге арта түсуде. Сол байланыстарды дамыту үшін шет тілін білетін мамандар қажет-ақ.

Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауындағы білім беру жүйесінде үш тілдің  — мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілін және әлемдік экономикаға үйлесімді кірігу тілі ретінде ағылшын тілін меңгерген, бәсекеге қабілетті маман даярлау міндетін атап көрсеткенін білеміз. Бұл дегеніміз оқу орындарына жаңа міндеттер, жаңа талап, жаңа мақсаттар қойып отыр дегенді түсіндіреді. Негізгі мақсаты – өмірден өз орнын таңдай алатын өзара қарым – қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, көптілді және көпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген  полимәдениетті жеке тұлға қалыптастыру. Тек қана жоғары оқу орындарында ғана емес, сонымен  бірге, мектептерде де көптілді білім беру үшін тілді терең меңгерген мұғалімдер дайындау жұмысы да дұрыс шешілуі тиіс. Бір жағынан мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейту бізде шешімін таппай жатқан мәселе. Ол ұлттық келісім  мен қазақстандық  патриотизмді нығайтудағы рөлін арттыру ең басты мәселелердің бірі. Орыс тілінің лингвистикалық белсенділігін сақтау және ағылшын тілін жаhандану экономикасындағы ғылыми – ақпарат алудағы желісін кеңейту  негізгі тақырыбына айналды.

Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару — біздің казіргі кездегі міндетіміз.

Қазіргі кездегі жаңа білім саласына қойылатын талап, жас маманның кәсіби білімділігін, біліктілігі мен дағдысын қойып отыр.

Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл, әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуда маңызды мәселе.

Білім беру жүйесінде оқушының бойында коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияның рөлі ерекше. Бұл технологияны қолдану оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін және жұмыс істеу шеберлігі мен қабілеттіліктерін арттырады. Бағдарламаны жақсы меңгеруге, өз жұмысын жоспарлауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді. Оқушының қазіргі заман талабына сай білім алуына, білім сапасына тікелей әсер ететіндер –  ақпараттық  құралдар.

Қазіргі кезде оқушыларға ағылшын тілін оқытудың әртүрлі деңгейлеріне сәйкес оқытудың жаңа технологияларын, ақпараттық және компьютерлік жүйелер арқылы ізденіс жұмыстарын жандандыра түсудің барлық мүмкіндіктері жасалған. Шетел тілін оқытуда лингафондық құрал-жабдықтар, аудио, видео кешені – оқушылардың ауызша және жазбаша  аударудағы білім жетілдіру, сөздік қорын қосымша жаңа сөздермен байыту, толықтыру, ой-өрісін дамыту мақсатында қолданылады. Сондай-ақ оқыту процесінде мультимедия бағдарламасының көмегімен, ғаламтордан алынған әлемдік жағдайлар, педагогикалық технологиялардың  түрлі әдіс – тәсілдері, комуникативтік бағыттағы оқыту элементтері кең қолданылады. Тілге байланысты оқу процесінде жүйелі жетілдіру жұмыстары жүргізіліп отырады, атап айтсақ ашық сабақтар, пікір-сайыстар, семинар, конференциялар, практикалық сабақтар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, өзара сабаққа қатынасып талдау, оқушылардың зерттеу жұмысымен айналысулары, сонымен қатар студенттердің жеке ізденіс жұмыстарына басшылық ету.

Қазақстанның болашағы көптілді білім берумен қатар 12 жылдық білім беру саласында осы мақсатты жүзеге асыру  мәселесі болып саналады. Сондай-ақ  12 жылдық білім беру үлгісіне ауысу мұғалімнен инновациялық, шығармашылық тұрғыдан ойлауды талап етеді. Кәсіби педагогикалық шеберлікті, шынайылықты талап ететін қазіргі заманда ұстаздың әрбір ісін, жоспарын мұқият зерделеуін қажетсінеді. Яғни жаңаша білім беруде  оқытушыларға қойылатын талаптар. Сондықтан көптілді білім берудің мақсаты:

—         әлем бірлестігінің жағдайында бәсекеге түсе алатын көптілді тұлғаны дамыту.

Міндеттері:

—         әр оқушының жеке қабілеттерін көптілді дамытуды қамтамасыздандыратын жағдай жасау;

—         әртүрлі деңгейдегі мәселелерді шешуге бағытталған оқушылардың жобалары.

Күтілетін нәтиже: Көптілді меңгерген, өзін-өзі әлеуметтік  және кәсіби билеуге, өздігінен дамуға, өздігінен жетілуге қабілетті тұлға. Бүгінде елімізде ағылшын тілді мамандарды даярлау ісіне ерекше мән берілуде. Алайда, бізде қазақ және орыс тілдерін игеру сияқты ағылшын тілін үйрену, сондай-ақ осы тілде сабақ беруде көптеген кемшіліктер бар. Оның салдарын барлығымыз сезініп отырмыз. Көптілді білім беру жүйесі аясында білім саласындағы оқу-әдістемелік құралдар қайта қарастырылады. Себебі осы саладағы ағылшын тілін оқыту жұмысы әлемдік талапқа сай емес. Осыған байланысты келешекте осы мәселені шешу үшін нақты іс-шаралар өткізілу керек. Сондықтан жоғары білім беруді жаңартудың негізгі құжаттарында ең негізгі мақсат  білікті маман даярлау деп көрсетілген болатын. Ол жауапкершілігі мол, өз мамандығы бойынша халықаралық стандарт деңгейінде тиімді іс-әрекетке қабілетті болуы, кәсіби деңгейінің өсуіне ынталы болуы, әлеуметтік және кәсіби бейімділігі жоғары, үш тілді: мемлекеттік тілді-қазақ тілін, ұлтаралық қатынас құралы ретінде орыс тілін, дүниежүзілік экономикалық кеңістікке кірігу тілі ретінде ағылшын тілін еркін меңгерген тұлға болуы тиіс. Бұл міндетті шешудің маңыздылығы Қазақстанның жаhандану жағдайында ұлттық білім жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ұмтылысымен анықталады. Оның жүзеге асырылуына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасы септігін тигізді деп айтар едім. Қазақстандықтардың үш тілді еркін меңгеруі туралы идеяны тәжірибе жүзінде іске асыру бүгінде отандық мектептен маманның шығармашылық өзін-өзі жетілдіру саласын дамытуға, мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдің барлық саласында қызмет етуін қамтамасыз етуге, оның ұлтаралық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығыйту факторы ретіндегі рөлін арттыруға, орыс тілінің лингвистік белсенділігін сақтауға және ағылшын тілін ғылыми ақпарат пен жаhандану экономикасына сәтті кірігу тілі ретінде енгізу бағытталған көптілді білім беруді енгізуді талап етеді. Бұл мәселенің бүгінде мемлекеттік деңгейде талқыланып, білім реформалары аясында қарастырылып отырғандығы қуантады.

Қазіргі таңда оқушыларға компьютермен, интернетпен,интербелсенді тақтамен сабақ өткізу толығымен жолға қойылып отыр. Көптеген мұғалімдер осы уақытқа дейін техникалық құралдармен сабақ өтіп, оның қаншалықты тиімді екенін дәлелдеді.

Компьютермен сабақ өткізу арқылы оның қолданылуын үйрене отырып телесабақтарды тың, жаңа деңгейде өткізуге, оқытушы  мен оқушының қарым-қатынасының педагогикалық және методикалық тұрғыдан сараланып алынған алуан түрлі қызмет түрлерінің қолданылуы жүзеге асады. Компьютерді қолдану барысында өздерін қызықтыратын әр түрлі мәселелерді шешуге болады және талқылайды. Компьютермен бала жазады, оқиды, түрлі тестер орындайды. Техникалық құралдарды пайдаланудың ең тиімді жағы уақытты ұтасың, дәл, тиянақты оқу-материалдарын алдын-ала дайындап, оқушыға беріп отырсаң өзінен-өзі жасауға тырысады, қызығады, жасамай, үлгермей отырған оқушы болмайды, себебі оның алдында бәрі дайын тұр. Сонымен қатар мұғалім қазіргі мектептегі ақпараттық құралдарды жетік меңгеру, Power Point, Active Studio бағдарламаларымен жұмыс істеп қана қоймай үнемі интернет жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістерді өзінің кәсіби шеберлігіне қолдана білу, білім кеңістігін кеңейту, ашу бағытындағы өзгерістер мен әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге талпыну керек. Соңғы кезде уақыт көрсетіп отырғандай, мұғаліммен салыстырғанда оқушыда көп ақпарат болатыны кейінгі көрсетілген тәжірибелер дәлелдеп отыр. Сондықтан әрбір мұғалім өз қызметіне ақпараттық  технологияны пайдалана білуі кажет. Бұл мәселе білім беруді ақпаратттындырудың қажетті шартына айналып отыр.

Қазіргі кезде адамның кәсіби шеберлігіне, білім өрісіне, зиялылық және танымдылық деңгейіне өмірдің өзі биік талаптар қойып отыр.

Бүгінгі күні көкейкесті болып отырған білімнің құзырлылық ұстанымын жүзеге асыру құралы ретінде педагогикалық технологиялар мен белсенді оқыту әдістерінің алар орны ерекше. Әрекетке негізделген технологиялық оқыту танымдық белсенділігі жоғары, өмірде әртүрлі мәселелерінен хабардар, кез келген тапсырманы орындауға қабілетті, қолынан іс келетін (құзырлы) азаматтарды қалыптастырады

Қорыта айтатын болсақ,  көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру  тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейде көтерілуіміз керек. Бұл оқушылардың халықаралық жобаларға қатысуын кеңейту, шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстарын нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет. Н.Ә.Назарбаев өзінің  Қазақстан  халқына  жолдаған  Үндеуінде: «Біздің  болашағымыз  білікті  де,  білімді  жастардың  қолында»- деп  атап  көрсетсе, сол  жастарды  мектеп  табалдырығынан  бастап дайындауға көш алдында  болайық.

  

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Қ.Р «Тілдер туралы» Заңы
  2. Қ.Р «Білім туралы» Заңы
  3. 12 жылдық білім. ғылыми-әдістемелік, ақпараттық-сараптамалық журнал, №3  2008ж
  4. 12 жылдық көшуге арналған білімді дамыту бағдарламасы.
  5. Мектептегі шет тілі. Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал. №4 (22), 2006
  6. Мектептегі шет тілі. Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал. №2(44), 2010

 
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *