Сәтбаев қаласының «Абай атындағы
№ 4 мектеп-лицейі» КММ
орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің
мұғалімі Муканова Эльвира Мараткызы
Сыныбы: 5 «А»
Сабақтың тақырыбы: Көктемгі демалыс. ЕтістікСабақтың мақсаты:
Етістіктер туралы білімдерін нақтылай отрып отырып, оқушылардың сөздік қорларын молайту,ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
Сабақтың міндеті :
- 1.Етістікті түсіндіру;
- Диалогтік әдісті қолдану,
- 3.Ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын модульдер: «Сын тұрғысынан ойлау», «оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер», «Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», «Оқытуда басқару және көшбасшылық»,«Оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалану», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»
Стратегиялық іс -әрекеттер: Диалогтік оқыту, миға шабуыл, кері байланыс, бағалау, АВС сұхбат , «Алма ағашы» стратегиясы,Бір айналым сөйлесу»«Жұптас-ойлан-бөліс»стратегиясы,«Блиц турнир».
Бөлімі | Бөлімнің мазмұны | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушы іс —әрекеті | Ресурстар |
Кіріспе | Психологиялық ахуал.
Ұйымдастыру кезеңі. Тұлғааралық байланысты орнату. |
Оқушылармен амандасып, түгендеу. .Оқушыларды екі қатарға тұрғызып, «Амандасу» тренингін өткізу, шағын топтарға бөлу. Спикерлерді оқушылармен ақылдаса отырып, сайлау.
Бұл қай кезде болады? Өлеңін оқу,сабақтың тақырыбын ашу. |
Оқушылар бір- біріне қарама-қарсы тұрып, сәттілік тілейді. Көктем гүлдері (бәйшешек, қызғалдақ, бақбақ, меруертгүл) суреттері арқылы топқа бөлемін. Суреттер арқылы сабақтың тақырыбын ашады. (Миға шабуыл) | Қима қағаздар |
Тұсаукесер
|
Қызығушылықты ояту | Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.Етістік туралы туралы түсінік беру.Тақтаға сын есімдер жазылады. | Сабақтың тақырыбымен мақсатымен танысады.Етістік туралы мәлімет алады
Оқушылар берілген етістіктермен сөйлемдер құрады.Жұптық жұмыс |
интерактивті такта |
Негізгі бөлім | Мағынаны тану
Сергіту сәті: Қара жорға биі
«Менің жанымның үні»
|
Глоссарий:
таза ауа-чистый воздух табиғат-природа бүршік-почка бүр-бутон шу-шум пайдалы-полезно сайрағанәні-песня 1тапсырма Жаңа сөздерді қолданып «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы бойынша мәтін құрастыру. Музыка қойылады,баяу ырғақта мәтін оқылады 1тапсырма Мәтінді оқып, сын есімдерді тауып, жазу «АВС» стратегиясынқолдану.
2-тапсырма «Жұптас-ойлан-бөліс» стратегиясы бойынша «Көктемгі демалыс» тақырыбына диалог құрастыру
3-тапсырма «Көктемгі демалысты қалай өткіздім?» ментальді карта жасау
|
Жаңа сөзерді интербелсенді тақтадан бір рет оқиды да,тақта жабылады. Келесі тақтада сөздердің аудармалары ауыстырылып қойылады соны оқушылар дәптерлеріне дұрыс аудармасын таып жазады. Жазып болған соң тақтаға қарап тексереді.
Жаңа сөздерді қолданып, топтағы әр оқушы тақырыпқа байланысты бір сөйлемнен жалғастырып,логикалық байланысқан мәтін құрады.
Мәтінді оқып, етістіктерге сұрақ қою арқылы тауып, жазады. Бірінші топ екінші топка сұрақ қояды ,екінші топ жауап береді, үшінші топ жазып алып отырып диалог құрастырады , төртінші топ бақылап бағалайды.
Оқушылар жұптасады, ойлана отырып диалог құрастырады
Оқушылар өздерінің көктемгі демалыста қалай демалғандарын, қайда барғандары, немен айналысқандары туралы кластер құрайды.
|
Қалам ,дәптер мәтін,сөздік
Постер ,маркер
|
Қорытынды | Ой толғаныс
|
Тақырыпқа байланысты «Блиц турнир» жүргізу: 1. Көктем айлары қандай? 2. Көктемде қандай мерекелер болады? 3. Көктемде ауа райы қандай болады? 4. Адамдар қалай киінеді? 5. Табиғатта қандай өзгерістер болады? Сол тапсырмаларға жауап береді. |
||
|
Рефлексия
Бағалау Үйге тапсырма беру |
«Алма ағашы» стратегиясын қолдану. «Бүгінгі сабақтан алған әсерім»
Оқушыларды әр тапсырмадан кейін өз өздерін бағдаршам арқылы бағалау. Ережені жаттау,күз мезгілінің құрып келу
|
Оқушы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашатын бір сөйлем жазады. | смайликтер |