Сәтбаев қаласының «Абай атындағы
№ 4 мектеп-лицейі» КММ
орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің
мұғалімі Муканова Эльвира Мараткызы
Сыныбы: 5 «А»
Сабақтың тақырыбы: Жазғы демалыс. Етістікті қайталау
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың дұрыс сөйлеу,сауатты жазу дағдыларын дамыту, етістік туралы түсінікті кеңейту.
Сабақтың міндеті:
- Мәнерлеп оқуға үйрету.
- Байланыстырып сөйлеуін дамыту.
- Ынтымақтсатыққа тәрбиелеу
Қолданылатын модульдер: «Сын тұрғысынан ойлау», «оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер», «Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», «Оқытуда басқару және көшбасшылық»,«Оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалану», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»
Стратегиялық іс -әрекеттер: Диалогтік оқыту, миға шабуыл,«Болжау» стратегиясы, кері байланыс, «Мағынаны тану»стратегиясы,«Жұптас-ізден-талқыла» стратегиясы , бағалау, Де Бононың «Алты қалпақ» стратегиясы
Бөлімі | Бөлімнің мазмұны | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушы іс —әрекеті | Ресурстар | |
Кіріспе | Психологиялық ахуал.
Ұйымдастыру кезеңі. Тұлғааралық байланысты орнату. Үй тапсырмасын тексеру |
Оқушылармен амандасып, түгендеу. .Оқушыларды екі қатарға тұрғызып, «Мен жұлдызбын» тренингін өткізу, шағын топтарға бөлу. Спикерлерді оқушылармен ақылдаса отырып, сайлау.
|
Оқушылар екі қатарға тұрады.Екі қатардың ортасынан өзіне ұнайтын танымал адамдардың кейіпінде қол бұлғап ,амандасып өтеді. Жазғы демалыс орындары арқылы топқа бөлінеді. | Қима қағаздар | |
Тұсаукесер
|
Қызығушылықты ояту | Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.Етістікті туралы білімдерімізді толықтыру. | Сабақтың тақырыбымен мақсатымен танысады.Етістіктерді еске түсіреді.
Оқушылар берілген етістікт сөйлемдер құрады.Жұптық жұмыс |
Флипчарт,маркер интерактивті такта | |
Негізгі бөлім | Мағынаны тану
Сергіту сәті: «Танец утят»
|
Глоссарий:
ыстық-жарко демалу-отдыхать әртүрлі-разное керемет — удивительная пора күнгекүю — загорать
1 тапсырма Жаңа сөздерді қолданып «Болжау» стратегиясы бойынша мәтін құрастыру.
2 тапсырма
Мәтінді оқып, бос орынға тиісті етістіктерді жазу «Мағынаны тану» стратегиясынқолдану.
3-тапсырма «Кім жылдам?»Етістіктерді жіктеу
2-тапсырма «Жұптас-ізден-талқыла» стратегиясы бойынша «Жазғы демалыс орындары» тақырыбында АКТ қолдана отырып ізденеді.
|
Жаңа сөзерді интербелсенді тақтадан бір рет оқиды да,тақта жабылады. Жазып болған соң тақтаға қарап тексереді.
Жаңа сөздерді қолданып, топтағы әр оқушы тақырыпқа байланысты бір сөйлемнен жалғастырып, бүгінгі сабағымыздың мәтінін құрады. Оқушылар өз құрған мәтіндерін , «Жазғы демалыс» мәтінімен салыстырып, сәйкестіктерді іздейді, ұқсастықтарды табады. Мәтінді оқып, етістіктерге сұрақ қою арқылы тауып, жазады.
Әр топ оқушылары алма, жина, тер, шомыл етістіктерін жіктеу.
Оқушылар жұптасады, ізденеді, талқылайды
|
Қалам ,дәптер мәтін,сөздік
Постер ,маркер
|
|
Қорытынды | Ой толғаныс
|
Де Бононың «Алты қалпақ» стратегиясы арқылы
|
Оқушылар әр қалпақтың ережесі бойынша өз ойларын ортаға салады. | ||
|
Рефлексия
Үйге тапсырма беру |
«Бүгінгі сабақтың соңында қандай сезімде болдыңыздар?» стратегиясын қолдану.
Оқушыларды әр тапсырмадан кейін үш түрлі таяқшалар арқылы бағалау Етістікті қайталау, «Жазғы демалысты қалай өткіземін?» әңгіме құрып келу
|
Оқушы бүгінгі сабақтың соңында қандай сезімде болғанын анықтайды. | смайликтер |