Қарағанды облысы. Жезқазған қаласы
№1 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Жандилдаева Жұмагүл Төлепбайқызы
Оқыту жүйесіндегі заманауи технологияларды пайдаланудың маңызы
Қазақстан Республикасының Президенті 2012 жылғы Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бақыты» атты Жолдауында халқымыздық әлеуметтік жағдайын өркениетті елдердің деңгейіне жеткізу үшін және еліміз экономикасының жоғарғы сатыға көтеру үшін, көптеген мәселелермен қатар «Оқыту жүйесіне заманауи әдістемелер мен технологияларды ендіру керек» екендігін атап көрсетті.Осыған орай «Өрлеу»біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы ұйымдастырған Жалпы білім беретін мектептері педагогтары үшін екінші деңгейдегі біліктілік арттырудың үш айлық курс тыңдаушысы ретінде өз ойымды бөлісуді жөн көрдім.
«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» – деп Сократ айтқандай.Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі деп санадым.