Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Аққуларды атпаңдар

Аққуларды атпаңдар

аккуПавлодар облысы,Екібастұз қаласы №10жалпы орта білім беретін мектеп
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімдері Б.С.Марданова
Сабақтың тақырыбы: Аққуларды атпаңдар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды тақырып төңрегінде байланысты әңгімелей білуге, сөз тіркестер, сөйлемдерді құрастырып, сауатты жазуға үйрету. Етістіктің райларын қайталау.
Дамытушылық: тақырып арқылы оқушылырдың танымдық қабілеттерін, ой-өрісін, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, ізденіспен жұмыс істеуге жұмылдырып, шығармашылық белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: аққулар туралы мәтінді оқи отырып, аянышты сезімдерін ояту, табиғатқа жанашырлықпен қарап, оны сақтауға, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекіліктері:интербелсенді тақта, үнтаспа
Сабақтың әдіс-тәсілдері:ой шақыру, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойландыру, әңгімелеу,тірек сызба құру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) сәлемдесу
ә) оқушыларды сабаққа қалыптастыру.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Оқушылар үйге берілген Баянауыл ұлттық саябағы туралы тақырыпты есіне түсіру.
Оқушылардың дайындаған мәліметтерін тексеру.
—         Баянауыл ұлттық мемлекеттік табиғи паркі қай жылы құрылған? (1985 жылы  құрылған)
—         Саябақ аумағы атқаратын қызметіне қарай қандай белдемдеріне бөлінген? (қорықтық, қорықшалық және демалыс белдемдеріне бөлінген).
—          Жер бедері неден тұрады? (жекелеген жақпар тасты тау шоқыларынан тұрады)
—         . Баянауыл тауларының етегінде нелер көп? (көптеген бұлақтар, суы мөлдір көлдер -Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр бар).
—         Өсімдіктердің қандай және неше түрлері бар? (400-ден астам түрі — қарағай, қайың, қандыағаш, таңқурай, мойыл, долана, т.б.)
—         Сүтқоректілердің, құстардың, балықтың қанша түрлері бар?
(сүткөректілердің 40-тан аса түрлері (арқар, елік, қасқыр, түлкі, сілеусін, борсық, тиін, т.б.) , құстардың 50-ден астам түрлері (аққу, қаз, үйрек, құр, шіл, бүркіт, т.б.) ұялайды. Арқар, бүркіт, сұңқылдақ аққу Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Балықтың 8 түрі (шортан, сазан, оңғақ, алабұға, т.б. бар).
     Кіріспе.  Интербелсенді тақтада аққулар туралы бейнефильм көрсетіледі.
Бұл бейнефильм не туралы?
Аққулар туралы не білесіңдер? (аққулар махаббат символы деп айтады, өйткені олар бір-бірінсіз өмір сүре алмайды..)

Аққулар…
Аңыз көп қой олар жайлы,
Көзіңмен көргеніңдей бола алмайды.
Тек қана тыныштықта ұйықтайды олар,
Шошыса, екінші рет оралмайды.
                                Мұқағали Мақатаев
— Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болмақ?
—   Қандай мақсат қоямыз? (Балалардың жауабы)
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сөздік жұмысы. Оқылым. Айтылым. Жазылым.
үйір-үйір болып ұшады— летят косяком
қатты қаңқылдап –сильно гогоча
үркітетін-пугающий
ерекше дауысын-особенный голос
мерт болған сыңарын-погибшая пара
оралуын қойған жоқ – не переставал возвращаться
1-2 сөз немесе сөз тіркесімен сөйлем құрастыру.
1.1.         Мәтінмен жұмыс. Оқылым.Айтылым.Тілдесім.

Мәтінді оқу, мазмұнын орысша-қазақша айту.
Мәтін бойынша сұхбаттасу, сұрақтар дайындау.
—  …
— Аққулар ауыл сыртындағы кішкене көлге аялдап, демалатын.
— …
— Балалар алыстан аққуларға нан лақтырды.
— …
— Үріккен құстар аспанға көтерілді,жағада оқ тиген құс қана қалды.
— …
— Оны естігенде көзге жас алды.
— …
— Бір жылдан соң әлгі көлге жалғыз аққу оралды.
— …
— Адамдар оның келетінін біледі, оны күтеді.

 
1.2. 1-тапсырма. Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне қарай талдаңдар.Жазылым.
Аққулар су бетінде жүзіп, қанаттарын тазалап, қатты қаңқылдап жүрді.
Үріккен құстар аспанға көтерілді, жағада оқ тиген құс қана қалды.
Бір жылдан соң әлгі көлге жалғыз аққу оралды.
Аққу мылтық дауысын ұмытпаған, алайда жыл сайын оралуын қойған жоқ.
1.3 Сергіту сәті
2-тапсырма. Берілген етістіктерді бұйрық, шартты, қалау түлеріне айналдырып жазыңдар, бір етістікті айналдырған түрінде жіктеңдер.
        демалу, лақтыру, күту,оралу.

Бұйрық рай

Қалау рай

Шартты рай

Сол бір аққу махаббатын қайта күтеді
Ү. Сабақты бекіту. Сызба бойынша өз пікірлеріңді айтыңдар?
   
Аққулар қайда ұшып келді?
  
Үлкендер балаларды неліктен көлге жібермеді?

 Аққулар ұшуға дайындалып жатқанда қандай оқиға болды?

 Аққуларды неліктен атуға болмайды?

 ҮІ. Сабақты қорытындылау.  ҮІІ. Үйге тапсырма беру.  Өлеңді жаттап келу.

Мәтіннің мазмұныны айту.

 Әнді мәнерлеп оқып, жаттаңдар.

Жалғыз аққу

Айлы түннің аясына мұңлы сезім таралды

Шалқар көлдің жағасында жаралы бір із қалды

Қайырмасы:

Жалғыз аққу көл бетінде жүзіп келеді

Көз жасымен тұнық көлді тебірентеді

Күйге салып мұңын айтып табиғатының

Сол бір аққу махаббатын қайта күтеді

Мұңға толы жүрегімен жалғыздықты жырлайды

Үміт оты жалындаумен пәк сезімі қинайды

Қайырмасы:

Жалғыз аққу көл бетінде жүзіп келеді

Көз жасымен тұнық көлді тебірентеді

Күйге салып мұңын айтып табиғатына

скачать

 

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *