Қарағанды облысы Жезқазған қаласы № 4орыс
орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Тақырыбы: Тәрбие көзі — салт-дәстүр
(«Тапқыр достар» танымдық ойыны)
Мақсаты:
1. Ұлттық салт- дәстүр туралы алған білімдерін, білгендерін тереңдету арқылы халық даналығын ұрпақ санасына сіңіру.
2. Білімді болуға, адамгершілікке, шапшаңдыққа , намысты, жігерлі болуға тәрбиелеу.
3. Ұлттық тәрбие туралы естерінде қалдыру. Сөйлеу, ойлау қабілеттерін
дамыту, тәрбиенің ерекшелігін үйрету. Қызығушылығын арттыру.
Түрі: электронды ойын
Әдісі: сұрақ- жауап, сайыс, топтық жарыс
Көрнекілігі: компьтер, тасымалдағыш құрылғы, слайдтар, әріптер
жазылған қиықшалар, эмблемалар
Пән аралық байланыс: әдеп, тарих, әдебиет
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру
ІІ. Кіріспе
Топты таныстыру
Тойбастар
ІІІ. Негізгі бөлім
1. Дыбыстар сөйлейді «Сөз тапқанға …. »
2. Ойлан тап «Тапқыр болсаң …»
3. Ұяшық сұрақтары «Жүйрік болсаң …»
4. Қолқа салу «Ойлы болсаң …»
5. Сөзді жұмбақта «Шебер болсаң …»
ІҮ. Қорытынды
1. Сүйінші
2. Бата беру І. Қазақтың салт- дәстүрінде көп мән — мағына бар. « Мейірімділікті анадан үйрен, әдептілікті данадан үйрен» дегендей, көп әдепті де, тәртіпті де, тәрбиені де қазақтың салтынан үйренуге болады. Себебі, салт-дәстүр тұнып тұрған тәрбие. Бүгінгі ойынымыздың негізгі тақырыбы сол әдет-ғұрып, салт-дәстүрге байланысты болады. Ойын барысында ойыншыларымыз сол
тұрғыдан білімдерін, білгендерін көрсетеді.
ІІ. Әділ қазылармен таныстыру:
«Тапқыр болсаң, тауып көр», «Жүйрік болсаң, шауып көр», «Ойлы болсаң, озып көр» -деп кезекті ойыншыларға береміз.
v Топтың аты «Тұмар»
Тұмар — молдаларға оқытып ,ұшбұрыштап матаға немесе теріге тігіп кішкентай баланың мойнына тағып қоятын нәрсе. Бұл пәле-жаладан, тіл, көзден, ауру-сырқаудан сақтайды деген ұғымнан туған.
Сол заттың атауын ырым етіп біз өзіміздің топтың атына қойдық.
v Топтың аты «Тұлым»
Тұлым – баланың кішкентай кезінде шашын өсірмей екі шекесіне екі шоқ шаш
қояды. Мұны «тұлым» деп атайды. Тұлым көбінесе қыз балаға қойылады және
ол сәбиге лайықты ғұрып. Біз өз тобымызды сол әдет-ғұрып атауымен атауды
жөн көрдік
Тойбастар «Тұмар» тобынан ұлттық би орындалады.
ІІІ. Негізгі бөлім
1. Дыбыстар сөйлейді: Алдымен дыбыстарды таңдап алады. Оқушылар
өздеріне тиісті дыбыстан басталатын сөзбен жауап беру керек. Ол нақты және тапқырлықпен берілген жауап болу керек
Д: 1. Киіз үйдің көлемі қандай?
2. Қате кетсе не істейсің?
3. Досыңның мінезі қандай?
4. Тіл үйрену қиын ба?
5. Болашақта кім боласың?
Ә: 1. Алфавит неге ауысты?
2. Киіз басушы кімдер?
3. Өз бетінше қазақша үйрене
ала ма?
4. Әнді кімнен үйренесің?
5. Зергерлердің жасаған
бұйымдары?
С: 1. Қайда тұрасың?
2. Қалай күлесің?
3. Туған жеріңді қалай сүйесің?
4. Сен жақсы көретін
мамандық?
5. Досың қазақша біле ме?
Т: 1. Қазақша кітап оқисың ба?
2. Ән айтасың ба?
3. Қалай сөйлейсің?
4. Ұлттық киімдер білесің бе?
5. Адамға алдымен не керек?
Ү: 1. Жақсы оқисың ба?
2. Музыка тыңдайсың ба?
3. Білімді кім береді?
4. Қыз балаға не береді?
5. Жаңалықты қайдан
тыңдайсың?
Р: 1. Аспаздың жұмысы ұнай ма?
2. Сен қате жазасың ба?
3. Жаңа жылды қайда
тойлайсың?
4. Анаңа не тілейсің?
5. Кітаптарыңды қалай
ұстайсың?
2.Ойлан тап. «Шілдехана» сөзі екі топқа беріледі. Екі топ белгіленген
уақыт ішінде сөздер құрап шығару керек. Нәтижесінде мағынасына, сөз санына қарай ұпай беріледі.
3. Ұяшық сұрақтарына жауап беру. Тор көздерді таңдауы бойынша ашып, ондағы сұрақтарға жауап береді.
1. Мал сүйегін пайдаланып ойналатын ұлттық ойын түрлерін ата.
2. Қойшылар ойлап тапқан ұлттық ойын?
3. Үйленген ұлға ата-анасы не береді?
4. Қазақ халқының үйлену тойында қандай ән айтылады?
5. Баладүниеге келгенде болатын той?
6. Әшекей бұйымдар жасайтын адамдарды кім деп атайды?
7. Ұлттық діни мейрам қалай аталады?
8. Бала алғаш рет қадам басқанда жасалатын рәсім?
9. Ата-ана, әке- шешенің үйін қазақ халқында қалай атайды?
10. Келін түсіру тойында келінді жаңа туыстарымен таныстыру үшін болатын салт не?
4. Қолқа салу— екі топ бір -біріне үйден дайындап әкелген сұрақтарын
қояды? Сұрақ қою реті кезекпен болады. (3-5 сұрақ)
5.Сөзді жұмбақта» ойыны. Бұл кезеңде екі топ жүргізушіден сөздер
алып, атын атамай , тек түсіндіру керек. Жауабын көрермен шешкенде, келесі сөзді түсіндіруге болады.
Алынған сөздер: бесік, айран, қымыз, бауырсақ, нағашы, немере, киіз үй
ІҮ. Қорытынды
1. Сүйінші. Әділқазылар ұпай санын әр ойын бойынша айтып, жалпы нәтижесін хабарлайды. Жоғарғы ұпай саны – 10, ең кіші ұпай саны – 5. Марапаттау.
2. Бата беру
Б А Т А
Еліңнің елеулісі бол!
Халқыңның қалаулысы бол!
Ақылыңа көркің сай,
Ата-анаңның самғар құсы бол!
Иә, жаратқан жар болып,
Сендерді бәле-жаладан сақтасын!
Елің сені мақтасын!
Терең білім, терең ой ,
Сеннен алшақ жатпасын!
ӘУМИН
Сөз соңы: Дәстүрімізді дәріптеп, салтымызды сақтап жүре беріңіздер!
Рахмет! Сау болыңыздар!