Басы » Математика » Математикалық ассорти (Презентация)

Математикалық ассорти (Презентация)

матемСабақтың тақырыбы: Математикалық ассорти 

Сайыстың барысы:   1.Топтардың таныстыруы.

2. Топ мүшелерінің сайысы:

а.Бәйге сайысы(логикалық тапсырмалар)

ә.Ойымды жалғастыр(мақал-мәтелдер)

б.Біліктілік сайысы

в.Жұмбақтар шешейік

г.Өнерліге өріс көп (өнер сайысы)

д. Ширату (сөзжұбақ шешу)

1-жүргізуші:

Мінекей, залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Кешіккендерді тоспаймыз,

Ғылымдардың ғылымы –

Математика жайында

Кешімізді бастаймыз.

2-жүргізуші:

Жиналған ылғи дарындар.

Жүректе от,көздерінде жалын бар.

Қатысушы өрендерді.Қол соғып қарсы алыңдар.

1-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар,оқушылар бүгінгі «Математикалық ассорти» атты кешімізді бастаймыз.

2-жүргізуші:

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер,-деп  бүгінгі кешіміздің

Қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

1.

2.

3.

 

 Үлгілі тәртіп, жақсы оқу,

Алға қойған мақсаты.

Әрқашан да мектепте,

Шығып жүрген жақсы аты» — дей келе

І тур бойынша топтар өздерін таныстырып өтсін.

1-жүргізуші:

«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін-математика»деп М.В.Ломоносов айтқандай,ендігі кезекті қызықты есептерге береміз

 

ІІ тур .Бәйге сайысы(логикалық тапсырмалар)

1. Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Торғайлардың қаншасы қалды?      (10 торғай қалды, ал  қалғаны ұшып кетті)

2. Қосарланып жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 12 км жол жүрді. Осы уақыттың  ішінде бір ат қанша жол жүрген? (12)

3. Бөлмеде төрт мысық отыр. Әр мысықтың алдында үш мысық отыр.Бөлмеде барлығы неше мысық отыр. (4)

4. Түйе, бота маң басқан

Төр аяғын тең басқан

Бие бар құлын емізген

Қос ешкі туған егізден

Үш қозы мен екі қой

Бәрі қанша ойлап қой.

Жауабы:17 ( ішіндегі сандарын санаймыз.)

 

5.Дүкеннен мен сабын алдым

Оның және қабын алдым

Екі дәптер бір қарындаш

Тіс ысқышты тағы алдым

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды қолда бәрі? (7)

6. Сапырып-сапырып Сарманға бер,

Құйып-құйып Құрманға бер,

Есіктегі екеуге бер,

Төрдегі төртеуге бер,

Өзің іш те,маған бер.»-деген екен.Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз бекер болар.Бұл үй толы кісі,әрі бізден екі есе артық екен,кетейік,»-деп кетіп қалыпты.

Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты.Сонда үйде неше адам,неше ұры? (Жауабы:10 адам,5 ұры)

2-жүргізуші:

Ал балалар балалар .

Мақал-мәтел айтайық.

Асулардан асайық.

Білім шыңына біз жетейік.

Кедергіні жеңейік.

III тур Ойымды жалғастыр(мақал-мәтелдер)

І топ «Үшбұрыш» тобына:

1. Жеті жұрттың тілің біл, (жеті түрлі білім біл).

2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)

3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)

4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)

5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)

ІІ топ «Квадрат» тобына:

1. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)

2. Отызтістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)

3. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)

4. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)

5. 2 жақсы қас болмас, (2 жаман дос болмас)

ІІІ топ «Трапеция» тобына:

1. 7 атасын білмеген (жетесіз),

2. Бір тал кессең, (он тал ек).

3. Алтау ала болса ауыздағы кетеді, (төртеу түгел болса төбедегі келеді).

4. 5 саусақ жұмылса (жұдырық болады).

5. 30 тістен шыққан сөз (30 рулы елге тарайды).

Таза мінсізі  асыл тас,

Су түбінде  жатады.

Таза  мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас,

Жел толқытса шығады.

Ой түбінде жатқан сөз

Шер толқытса шығады»- дей келе келесі турымызды бастаймыз.

 

ІV тур Біліктілік сайысы(координаталық жазықтықта кескіндер салу)

V тур Жұмбақтар шешейік

1.Айқасқан 2 таяқ, тұрады жоқты сұрап   (Х)

Шекер жейтін аққұтан

Бір қазыққа байланды

Аузына тістеп шекерін

Ол қазықты айналды.( циркуль)

Қандай санның атының жазылуында қанша әріп

болса, соншалық цифр бар? (жүз-100)

Егіз тұған қос жүйрік,

Жарыса шауып терлейді.

Бірін-бірі көрмейді,

Бір мәреге келмейді.     ( Паралель түзулер )

Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай.

Айтындаршы бұл қандай сан (Натурал сан )

 

Жан-жағына қарамай.

12 бұтағы бар алып емен,

52 шыбық тарап, өсіп өнген.

Шыбық сайын 7-ден жапырағы

Бар ма еді, сондай ағаш көзің көрген.   ( Жыл,12ай,52апта,7күн )

                                                     

 

VI тур Өнерліге өріс көп (өнер сайысы)

«Бұл кезеңнің сұрағы,

Сайыскерлерге  ұнайды.

Көп шаршының  орнында,

Қандай әріптер тұрады.

Ойланайық азырақ,

Уақытты да үнемдеп.

Кім жазады кәнеки?,

Жауабын мен білем деп»- дей келе келесі турымызды бастаймыз.

VІI тур. Ширату

Әр топқа жеке сөзжұмбақ беріледі.

І топ «Үшбұрыш» тобына:

қ ұ р а м а
п а й ы з
м а т е м а т и к а
ш е ң б е р
м е т р
х о р д а
т а қ
т а б и ғ и
а к с и о м а
р а д и у с

1. Екіден артық бөлгіші бар сандар.

2. Санның 100 ден 1 бөлігі.

3. Барлық ғылымдардың патшасы.

4. Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиынын қалай атайды .

5. Ұзындық өлшемі.

6. Шеңбердің екі нүктесін қосатын қосынды.

7. 2 бөлінбейтін сандар.

8. Натурал санның мағанасы.

9. Дәлелденбейтін ұғым.

10. Шеңбер бойындағы кез келген нүктелерін центрмен қосатын кесінді.

ІІ топ «Квадрат» тобына:

т р а п е ц и я
с ә у л е
ф и г у р а
т е ң д е у
р о м б
ғ а с ы р
с а ғ а т

1. Тек қарама – қары екі қабырғасы параллель болатын төрт бұрыш.

2. Бір нүктеден шығатын түзу.

3. Бейне, кескін.

4. Құрамында белгісізі бар теңдік.

5. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш қалай аталады.

6. Ең үлкен уақыт өлшем бірлігі.

7. Уақыт бірлігі.

ІІІ топ «Трапеция» тобы:

 

ж а й
п а р а л л е л ь
п е р и м е т р
П и ф а г о р
д и а м е т р
п е р п е н д и к у л я р
т а қ
ш и р е к
к е с і н д і
ж а з ы ң қ ы

1. 1 –ге және өзіне бөлінетін сандар.

2.Қиылыспайтын түзу.

3. төртбұрышиың қабырғаларының, ұзындықтарының қосындысы.

4. Ғұлама ғалым.

5. Ең үлкен хорда.

6. Тікбұрыш жасап қиылысатын екі түзу.

7.2 бөлінбейтін сан.

8. Бүтінді төртке бөлгендегі бір үлесі.

9. Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігі.

10. 180о-тең  бұрыш.

 

— Бүгінгі кеш талай шабыт шындады
Кеш қызығын талай адам тыңдады,
Тәрбиелер тәлімі мол, әсерлі
Болса егер көңіл жақын таңдады.
— Олар жайлы төреші
Көрермендер өздерің
Ақ-қарасын айырып
Куә болды көздерің,-деп сөз кезегін төрелік етіп отырған әділ-қазылар алқаларына берейік.
Қорытынды.
— Көңіл бөліп бұл кешке
Келгендерге көп рахмет
Шын сезінген көрерменге
Мың рахмет, мың рахмет!

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *