Тақырып Кешірімділік көңіл кеңдігі
Мұғалiм: Ғазез Жансая Серікқызы
Құндылық: Қиянат жасамау Қасиеттері: Ешкімге қиянат жасамау, өз ісіне есеп беру,
мейірімділік, адамгершілік.
Сабақ мақсаты: Кешірімді болу адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейте отырып, қиянат жасамау құндылығын ұғындыру.
Міндеттері: 1.Қиянат жасамау мәнін түсіндіре отырып, кешірімділікпен қарауға үйрету; 2. Мейірімділік, адамгершілік, кешіре білу, өз ісіне есеп беру қасиеттерін дамыту. 3. Ешкімге қиянат жасамауға тәрбиелеу.
|
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
слайд,өлеңнің аудиодискісі. |
Сабақ барысы:
Нұрға бөлену Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз… Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.
№10 А.Бейсебайдың «Кешірімнің күші» мәтінін оқып, мазмұнын айту. 43 бет
Сұрақтар:
|
Сабақ барысын талдау: |
«Жазғырмас бұрын, әрқашан кешіруді ойластыру керек» (Лихтенберг) (оқушылар талдап болғасын 2 рет қыздарға айтқызу 2рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге 4рет айтып шығады) |
|
Ашу дұшпан Бір үлкен елдің президентінің Бек атты адал және сенімді қызметшісі болыпты. Ол өзінің міндеттірін жақсы атқарыпты. Бір күні Бек өзінің қожайынының үстелін ретке келтіріп жатқанда, бір бума қағаздың ішінен автоқалам құлап түседі. Бек оны көтерген кезде, қаламның ұшы сынып қалғанын көреді. Осы кезде бөлмеге қлжайын кіріп, не болғанын көреді. Қалам оған досының сыйлығы ретінде өте қымбат болатын, сондықтан президент қатты ашуланып, қызметшіге енді оның жұмыстан босағандығын айтады. Бірақ қожайынын қатты жақсы көретіндіктен, одан кеткісі келмейді. Ол қожайынының аяғына жығылып, оны кешіруін өтінді. Бірақ қожайын айтқанынан қайтпайды, ашулы кейіппен ол қызметшінің бөлмеден кетуін талап етеді. Түнде президент осы оқиғаны есіне түсіреді де, ойланып қалады: «Бектің қателігі неде еді? Қаламның ұшы мен оны ашық, қағаздардың арасына тастап кеткендіктен сынды. Шындығында, Бек кінәлі емес, ол әрқашан шыншыл әрі маған берілген адам еді. Мен онымен өте дөрекі сөйлестім». Осындай өкінішті ойлар мен опық жеу оны қатты мазасыздандырғандықтан, ол ұйықтай алмады. Таң атқан соң, президент бірден Бекті алып келуге жібереді. Ол келген кезде, қожайын оған: -Бек, сен мені кешір. Мен кеше дұрыс істемедім, сенімен дөрекі сөйлестім. Бұрынғыдай жұмысыңды жалғастыра бер,-дейді. Бұл сөздер қызметшіге қатты әсер етеді. Ол өзінің қожайынын одан қатты бағалап, жақсы көреді. Кейінірек ақылды президент осы мысалды басқаларға ылғи айтып отыратын болды, оларды біреуге ашу білдіріп, жазаламай тұрып, ойланып алуға шақыратын. «Ашу қабаған ит сияқты,» дейтін ол. – Оны іште қамап ұстау керек, әйтпесе ол ешбір кінәсі жоқ адамды қауып алуы мүмкін. Сонымен қатар біз кез-келген адам қателесетінін, бірақ оны кешіру құдайшылық екенін ұмытпауымыз керек». Сұрақтар:
|
|
Фильмнен үзінді көру, ойларын айту. «Әке мен бала»
Сұрақтар:
(Балалар шығармашылығы)
1-ші топқа ……………………….. болмасын, ……………………….. қолдасын. ………………………… қарасақ, ……………………….. болашақ. 2-ші топқа …………………………… қиянат, …………………………. ұялат. ………………………….. жүрейік, …………………………. білейік.
(Өз шығармашылығымнан айтып беру)
Арамызда өкпе, реніш болмасын, Әрқашанда әділдікті қолдасын. Адамдарға түсінікпен қарасақ, Сонда ғана, гүлдейді біздің болашақ.
Жасамайық адамзатқа қиянат, Осының бәрін санаңызға ұялат. Ізгіліктің жолында біз жүрейік, Бірін естен шығармайық, білейік.
|
|
Мейірімді болайықшы бауырлар Сөзі: Серік Қалиев Әні:Құрмаш Маханов
Көктем етіп көркейтсе де маңайын, Көріп жүрміз өкпешілдің талайын, Өшігуді қояйықшы өзгеге, Кешірімді болайықшы, ағайын!
Көк нөсерін көл етсе де жауындар, Көк пен жерді сел етсе де дауылдар, Пейілдерді пенделікпен тарылтпай, Мейірімді болайықшы, бауырлар!
Болашаққа қол ұстасып барайық, Ақиқаттың ауылын іздеп табайық, Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз, Кішіпейіл болайықшы, халайық!
Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп, Сонда дағы бөлінумен шаршап ек, Өзімізге қалайтұғын нәрсені, Тілейікші өзгеге де болса деп.
Ұлттың қамын жүректермен ұғынып, Жұрттың жүгін көтерейік жұмылып, Қаратайық Құбылаға жүздерді, Таратайық адамзатқа жылылық!
|
|
№11. Б.Момышұлы, С.Мұратбековтің мәтіндерін оқып, салыстырып, айырмашылығын айту. 45 бет. Дәптермен жұмыс №10. 1, 2-ші тапсырмаларды орындау.
|
|
Баяу музыка қосылады. — Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады. |