Мұғалжар ауданы
Шеңгелши ауылы
Қазақ ССР-ның 30 жылдығы атындағы негізгі мектебі
Мектепалды даярлық топ тәрбиешісі
Кетебаева Гулден Саматовна
Сабақтың тақырыбы: 7 саны
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды 7 санымен таныстыру.
Білімділік: 1-ден 7- ге дейінгі сандар қатарын ретімен тура және кері санау дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: балалардың ақыл-ой белсенділігін арттыру. Логикалық ойлау қабілетін дамыту. Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ауызша, жазбаша есептеу дығдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекшілдікке, ұқыптылыққа шапшаң ойлап есептей білуге дағдыландыра отырып, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру сәті:
Жүректен жүрекке:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жақырайды күніміз,
Жарқырайды түніміз.
Қайырлы таң балалар!
Қайырлы таң апайлар!
Қайырлы таң қонақтар!
II. Өткен сабақты еске түсіру.
- Ø 6 ға дейін тура, кері санау.
- Әр оқушы берілген фигуралар ішінен бір фигураны таңдап, фигураларды бояуға батыру арқылы, ақ қағазға бірдей 6 фигура салу.
- Ø Әр топтың оқушылары таяқшалар арасынан 6 таяқшаны санау арқылы бөліп алу.
- «Шырша және шырша ойыншықтары» ойыны
Ойын шарты: Әр оқушыға кеспе қағаздары таратылады. Кеспе қағаздағы берілген сандар бойынша, қораптағы шырша ойыншықтарын алып, шыршаға ілу керек.
III. Жаңа материалдың мазмұны.
Балалар, қазір қандай мезгіл?
— Қандай ай?
— Апта деген ағайдың 7 бірдей ұлы бар (Дүйсенбі, Сейсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі)
— Бүгін аптаның қай күні?
— Ал осы күн атаулары туралы санамақ білесіңдер ме? Қане бәріміз қосылып айтып көрелік.
Апта деген ағайдың 7 бірдей ұлы бар
Біріншісі – Дүйсенбі
Екіншісі – Сейсенбі
Бейсенбі – Бейсенбі
Жұма деген –бесінші ұл
Алтыншы ұл ол- Сенбі
Жетінші ұл ол- Жексенбі
Балалар қандай санды көп айттық ?
Олай болса бүгінгі сабағымыз 7 саны.
«7» саны баяғы заманнан бері халқымыздың ұғымында киелі сандардың бірі ретінде қалыптасқан, халықтардың салт-дәстүрлері мен дүниетанымызда өзіндік ерекше орын алып, әсерін тигізумен келе жатыр. Жеті санына байланысты ұғымдар жетерлік: Жеті шелппек, Жеті қақ көк, Жеті жұт,Жеті күн, Жеті ата,Жеті жоқ, Жеті қазына. «Жеті» қазақ халқының ұғымында қалыптасқан киелі сан екен.
«Адасқан сандар» ойыны. Мақсаты: Ретімен орнына қою. Есте сақтау қабілетін күшейту.
(2;1;7;3;5;4;0;)
«Жасырын санды тап» ойыны
Ойын шарты: берілген екі санның арасындағы, жетіспей тұрған санды, оқушы атауы тиіс. «1,3», «2,4», «3,5», «4,6», «5,7»
Сергіту сәті:
Кітаппен жұмыс:
7 санын ауада жаздырту. 7 санын жазуға уйрету
- Ø Цифрларды бастырып сыз. Неше құмырсқаның жүгі жоқ? (суретпен жұмыс)
- Ø 7 саның құрамын табу.
Қорытынды: Балаларды мадақтау.
[bws_related_posts]