Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Мағжан Жұмабаев «Толқын» өлең

Мағжан Жұмабаев «Толқын» өлең

магжанСолтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы
Медвежка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Шибучикова Айнагүл Дәулетбайқызы
Мағжан Жұмабаев  «Толқын» өлең
Сабақтың міндеттері:

Білімділік: ақынның өмір жолы мен шығармаларынан хабар бере отырып, «Толқын» өлеңінің көркемдік ерекшелігін таныту, білімді дамыта отырып, танымдық қабілетін арттыру.
Дамытушылық: Мәнерлеп оқу дағдысын дамыту, өз пікірін еркін жеткізуге дамыту, шәкірттерді өзіндік ізденіс, шығармашылық жұмыстарына баулу .
Тәрбиелік: М. Жұмабаев секілді өз тілін, елін, жерін сүйе білуге тәрбиелеу,ақын өмірін үлгі ете отырып, азаматтыққа шақыру, әдебиетті сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың мақсаты: М.Жұмабаевтың лирик ақын екеніне көз жеткізіп, «Толқын» өлеңінің тақырыбы мен идеясын, құрылысы мен тәрбиелік мәнін талдай білу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ,  шығармашылық – зерттеу сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, талдау, мазмұндау, жаңа технологияның  кейбір әдіс-тәсілдерін  қолдану.
Сабақтың көрнекілігі: ақын шығармалары, ақын жайлы ұлылардың сөздері, қосымша материалдар,  тірек сызба, слайдтар, электронды оқулық.
Сабақтың формалары: жеке баламен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, музыка, сурет.
Сабақтың эпиграфы: “Мағжан өлеңдері өкіндіреді, мұңайтады, жылатады, аятқызады, есіркетеді, жігер береді”
                                                                                      Жүсіпбек Аймауытов 
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу
Оқуға зейін аудару.
Оқу құралдарын реттеу.

  1. Психологиялық дайындық.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ.  Жаңа сабақты түсіндіру.

Кіріспе. Қасиетті қазақтың кең даласы талай ғұламаларды, жезтаңдай әншілерді, ақиық ақындарды, құдіретті күйшілерді, данышпан, ақылгөй билерді, шешендерді дүниеге әкелді. Мағжан десек артында қалған «Батыр Баян», «Қорқыт», «Жүсіпхан», «Түркістан», «Көкшетау», «Мен жастарға сенемін», «Мен кім?» сияқты шығармалары еске оралады.

Сөзжұмбақ.  «Толқын»

  1. «Сүйемін» өлеңі қандай лирикаға жатады?
  2. Ақынның тұңғыш өлеңдер жинағы?
  3. Ақын  білім алған  қала?
  4. М.Жұмабаев кім?
  5. М.Жұмабаев өлеңдері қай сарында жазылды?
  6. М.Жұмабаевтың поэмасы?

Өлеңді мәнерлеп оқу. ( үнтаспадан оқу, музыка)
Жалпы сыныпқа бейімдеу.
1.кезең.Білімділік.

 

Жалпы сыныптық тапсырма:
1. Өлеңді  жеке оқып, танысу
2. Өлеңді оқығандағы өз сезімің?
Өлең ұнады ма? Неліктен? Қалай әсер етті?
3. Ақын өлеңде қандай мәселені сөз етеді?

 

2 кезең. Ой қозғау. «Табиғат ана» Электронды оқулық

3 кезең. Шығармашылық жұмыс.  Жас  суретші «Толқын»  , Жас жазушы «Мағжан маған жақын», Жас ақын (Мағжанға арналған өлең жолдары)

4 кезең.  Сергіту сәті. «Теңіз толқындары»
Теңізбен толқиық бір,
Теңізбен толқиық екі,
Теңізбен толқиық үш,
Шоршып, шоршып алайық
Су түбіне батайық, сол күйіңде қатайық

 

5 кезең. Ақынның жан дауысы. Деректі фильм. «Тыңда, тағдыр»  Қоюшы режиссер : Марат Қоңыров, актер Дарын Болатханұлы.

ІҮ. Сабақты бекіту кезеңі.
Ой жинақтау.  «Кластер»
Мағжан кім?
прозашы                                                                            қоғам қайраткері
аудармашы           ұлт ақыны
ақын                                                           шебер аудармашы                                                 Абайдың ізбасары                       лирик                                                                                                                                                            кемеңгер               бес арыстың бірі

 

V.Сабақты қорытындылау.                                                                          Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.

  1. Сабақтан қандай әсер алдыңдар?
  2. Қай оқушының шығармашылық жұмысы ұнады?
  3. Бүгінгі егеменді елдің ұландары қандай болу керек?

 

            Мен не білемін Мен не білдім Мен не білгім келеді
     

VІ. Үйге тапсырма. «Толқын» өлеңін мәнерлеп оқу, “Мағжандай болу арманым” атты шығарма жазу.

VІІ. Бағалау. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *