Басы » Баяндамалар » ACTIVE STUDIO, флипчартпен оқыту технологиясымен оқыту – ағылшын сабағын меңгерудегі атқаратын ролі

ACTIVE STUDIO, флипчартпен оқыту технологиясымен оқыту – ағылшын сабағын меңгерудегі атқаратын ролі

0101

  • Январцев ОЖББМ – ның

ағылшын тілі пәні мұғалімі
Батыржан Дамир
ACTIVE STUDIO, флипчартпен оқыту технологиясымен оқыту – ағылшын сабағын меңгерудегі атқаратын ролі 
Үздік оқушылардың жұмысын бағалау мен оларға сыйақы төлеу жүйесіне өте мұқият зерделеген жөн. Сондай  — ақ  Жолдауда  «Тілдердің үштұғырлығы»  мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық  экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Жолдаудың әр сөзінің әрбір отбасы үшін әрбір Қазақстандық үшін мәнісі терең де, мазмұнды. Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет деп, — Жолдауда көрсетілгендей, қазіргі мектеп түлектерінен үлкен үміт күтетіні анық.  Қазіргі кезде оқимын, өз білімімді көтеремін деген дарынды,  қабілетті балаларға қайда да жол ашық. Елбасы Жолдауында:  «Біз ең лайықты деген жастардың білім алуларына жәрдем жасаймыз.» — дей келіп, білім гранттары мен кредиттерінің көлемін көбейтетінін айтып көрсетті. Біз үшін бұл үлкен жетістік, әрі баға жетпес көмек. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауы еліміздің қазіргі саяси – экономикалық жағдайын толық көрсетіп берген.  Жалпы, өмірдің көкейкесті мәселелерін көтерген Президент Жолдауынан біз еліміздің болашағын көрдік және оның жүзеге асатынына сендік. Жолдауда айтылған тапсырмаларды жүзеге асыруда, заман талабына сай иіктен көрініп еңбек ету  — азаматтық парызымыз.

Мектептегі жаңа басқарудың бір көрнекілігі ретінде оқу еңбегінің бір сатыға болса да көтерілуі болып табылады. оның негізгі мақсаттарына оқу барысын күшейту, оқу мотивациясын күшейту,  мәлімет базасын кеңейту жатады. Жаңа технологияны пайдалану бұл – оқу еңбегін күшейту, оқушылардың рефлексиялық қабілеттерін дамытуды арттыру, басқа да құрал – жабдықтар технологиясын қолданылады. Оқу процесін күшейтудің ең басты әдістері мыналар: комплексті оқыту, оқу міндеттерін дұрыс жоспарлау, тәрбиелеу және дамыту, оқушының белсенділігіне қарай тақырыптың анықтылығы, сабақ барысын тиімді жоспарлау, түрлі әдістер мен сабақ әдістерін пайдалану,  оқушыға дифференциалды бағыт, үй тапсырмасының қиындығын саралау жатады. Орта білім беретін мектептердің реформасы оқытушыға көптеген міндеттерді жүктейді. Олар: оқу – тәрбие процесінің жоғары болуы, басқа да пәндерді оқып үйрену және де ол шет тіліне де қатысты. Мектептерде шет тілін оқытуда мұғалімдерге сабақ барысында әртүрлі әдістер мен  сабақ түрлерін пайдалануда шек қойылмаған. Осы мәселеде барлық ұжымның соның ішінде мұғалімнің жұмыс істеуі маңызды болып келеді. Өз сабағының тиімді болуының кепілі ретінде мұғалім өзіне қажетті түрлермен әдістерді оқушының темпараментіне, ішкі түйсігіне, қалауына сай бағыттап алуы керек. Соған қарамастан ол әр оқушының өзіндік ерекшеліктері, оның қызығушылығын, қабілетін ескеруі қажет.Шет тілін оқыту барысында  әртүрлі әдісті пайдалана отырып, белгілі бір тапсырманың шешімі табылып отырады.   Қазіргі заманда оқыту технологиясы кең ауқымда дамуда. Барлық сатыда оқыту технологияларын салыстыра отырып, қазіргі заманда барлық жағдайда пайдалана алатын әдістмелік бағыттар ашылуда.

Жаңаша оқыту технгологиясы – оқыту процесін ұйымдастару, басқару және бақылау болып табылады. Жалпы жаңаша оқыту технологиясы мұғалім тарапынан

 

үлкен ізденімпаздықты, ұйымдастырушылықты талап етеді. Ең бастысы – мұғалім оқытуда қандай мақсат қоятыны, ондағы оқушының ролі және ол макқсатқа жету жолдар мен қорытындысы. К. Роджерстің пікірінше мұғалім:

  1. Оқушыға сенім көрсету;
  2. Оқушыға мақсаты мен міндетін белгілеуге көмектесу;
  3. Оқушының шет тілін оқуға деген қызығушылығына мән беру;
  4. Оқушы қииындыққа кездескенде кеңес беретін тұлғадай болу;
  5. Оқушының ұялмай өз пікірін айта алуға тәрбиелеу;

Әрбір оқушы сезімі мен көңіл толқуларын түсініп ыңғайлы жағдай жасау

қағидаларды басшылыққа алуы тиіс. Кіріспе бөлімінде тақырыпта түсіну модульдегі басты мәселені ажырату оқушылардың өзіне жүктеледі. Бұрыннан білетін грамматикалық ережелерді тереңдете оқыту оқушылардың қабілеттерін, ынтасын, ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға жағдай жасалады. Әр бағыттың түйіні әсіресі топпен жұмыс істеген кезде оқушылар бір-біріне көмектесіп, шыңға жетуге тырысып бар ынта, зейін, жігерлерін жұмсайды. Егер оқушылар жағымды эмоциялармен жұмыс істей алса, бұндай сабақтар мақсатына жетеді. Ағылшын тілін оқытуда соңғы кезде қолданылып жүрген бағдарламаның бірі  ACTIVE STUDIO, флипчартпен оқыту технологиясымен оқыту тиімді білім алудың негізі болып табылады. Оқушылардың қай сабақта белсенді екенін көре аласыздар? Қазіргі оқушылардың даму деңгейі жоғарылаған сайын мұғалімдердің еңбек ету жауапкершілігі артатыны белгілі. ACTIVE STUDIO РЕ бағдарламалық жабдықтамасы оқушылардң топтық, өзіні — өзі жұмыстануына және интерктивті материалдарды оқушылар санасына жеткізуге арналға бірден – бір құрал. ACTIVE STUDIO РЕ – ні қолдануда біз мынадай мүмкіндіктерге қол жеткіземіз:

  1. Сабақтарда оқушылардың сұранысына қарай қарапайым түрде қолдануға;
  2. Оқыту әдістерінің барлығын дерлік қамтуға;
  3. Сабақтастық пәндерді арнайы пәнмен сабақтастыруға;
  4. Суреттер арқылы оқушылардың визуальдық қабілеттерін дамытуға;
  5. Білім алуды өте қызықты етіп көрсетеді.

Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер барлық қажыр – жігерімізді жұмсап, еңсесін асқақтатқан жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. Біз экономикамыз бен мемлекетіміздің берік ірге тасын қаладық. Енді бүгін Қазақстанның алдағы дамуы, келешегі экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік тұрғыда жан  — жақты сараланып, түбегейлі жаңа кезеңге батыл қадам бастық.

Жолдауда білім сапасы туралы XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. «Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет.»- деп нақты айтып көрсетілген. Білім сапасын  әсіресе жас жеткіншектерді білім нәрімен сусындатып, өзгенің бақытын аялап, өзінің уақытын аямай еңбек етіп келе жатқан ұстаздар қауымы еңбегін бағалап,  Елбасының «Біз мұғалім мамандығының беделі мен абыройын қайтаруға міндеттіміз» деген әкелік қамқорлығына шексіз ризамыз. Сондай – ақ, Жолдауда «Қазақстан жоғары оқу орындарының міндеті – әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру», — деген жалпы ұстаздар қауымынан асқан жауапкершілікті талап етеді.

Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез – келген елінде қажетке

жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиістіміз.

Жоғары білім беру саласында дәл және инженерлік ғылымдарды басымдықпен дамыту – бұл дамуымыздың жаңа кезеңінің міндетті шарты. Жасөспірімдердің ұшқыр қиялын, ойын дәл ұғып, олардың дүниетанымын дамытып жүрген еңбегі ерен, білімі терең ұстаздар қауымы өзіне артылған үлкен сенім мен жауапкершілікті терең түсінетіні сөзсіз

(Жүктеңіз)

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *