Қызылорда қаласы
№15 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Әбдірасулова Гүлмира Жәнібекқызы
Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов «Қозыкүрең» әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
Білімі мен тәрбиесі ұштасқан, озық ойлы, көзқарасы мен пікірі орнықты, өз сөзін нақты дәлелмен жеткізе білетін саналы тұлға қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
1.Білімділік: Оқушыларға қазақтың көрнекті жазушысы әрі драматургі
Қ. Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім бере отырып, Қабдеш Жұмаділовтің «Қозыкүрең» әңгімесінің сюжетін меңгерту.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды ізгілікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу
Сабақтың көрнекілігі: Қабдеш Жұмаділовтің портреті, шығармалар жинағы,белсенді тақта.
Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет тарихы.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
Т. Молдағалиевтің өмірі жайлы мәлімет
« Бауырлар» өлеңін жатқа сұрау
Оқушылардың үй тапсырмасын айтқысы келетіндерінен сабақ сұрап, бағалау парақшасына белгі соғып қоямын. Парақша белсенді тақтадан көрініп тұрады.
ІІІ. Білім тексеру:
Сұрақ жауап:
Тұманбай Молдағалиевтің бұл өлеңі кімдерге арналады?
Т. Молдағалиев әлемнің әр түпкіріне шашырап кеткен қандас бауырларымызға нендей өтініш, тілек білдіріп отыр?
ІVЖаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1. Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығы туралы мәлімет беру.
Жазушы Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады», «Сарыжайлау», «Шарайна», «Сәйгүліктер» тәрізді әңгіме, хикаят жинақтары, «Көкейкесті», «Бақыт жолында», «Атамекен», «Соңғы көш» романдары жарық көрді.
Жазушы «Тағдыр» романы үшін Мемлекеттік сыйлыққа ие болған.
Халықтың дүниетанымын бейнелейтін, өмірлік тартыс сырын тап басып, дәл суреттейтін дарынды жазушы – тарихи шығармалардың да шебері.
Сендерге ұсынылып отырған «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі қарттың бала кезде табанынан топырғаның ыстығы өтіп, қасиеті сіңген туған жерін жат елде жүріп бір сәт те ұмыта алмауы шынайылығымен жаныңды толқытады. Оның туған жерге деген ұлы сағынышы, елге жету жолындағы қым-қуыт қиыншылықтарға төзе білуі ешкімді де бейтарап қалдырмайды.
«…Алпысыншы жылдардың орта шенінде жұртшылық назарын бірден елең еткізген – «Қаздар қайтып барады» әңгімесі еді. Осы әңгімедегі тау асып, тас басып, көп қиыншылықпен шекарадан өтіп келіп, өзінің атамекеніне жетіп жығылған Байтас шалдың тағдырына ой жібере отырып, Қабдештің айтар сыры мұнымен бітпейтінін, әдебиетімізге бір үлкен суреткердің өз тақырыбымен келе жатқанын шамалағанбыз. Көп ұзамай бұл болжам расқа шықты. Айналасы он шақты жылдың ішінде «Соңғы көш» дилогиясы мен «Тағдыр» романы дүниеге келді.
Қабдеш – тілге аса бай және әр сөздің сиқырлы бояуын жан-тәнімен нәзік сезінетін жазушы»
ӘкімТарази
2.Әңгімені байыптап оқып шығу.
3.Әңгімені бөлімдерге бөліп ат қою, жоспар құру.
VІ. Түсінік тексеру:
1. Сұрақтарға жауап беру.
Ағыбайлар қырғыз досы Төреқұл ауылына бару сапарына неге ерекше мән берді?
Ағыбай мен Төреқұл достығы қашан, қалай басталған?
Төреғұл Ағыбайларды қалай қарсы алды?
Әңгімедегі Саяқбай жылқышы қандай адам?
Саяқбайдың Қозыкүреңді аман алып қалу үшін жасаған әрекетін, жануарды арулап көмуін қалай түсінуге болады?
«Біздің арамыздағы достықты осы балалар жалғастыратын болсын» деген сөзді қалай түсінуге болады?
VІІ.Жаңа сабақты бекіту.
Ержанның қырғыз, қазақ халықтарына туыстығы туралы ойларын мәтіннен тауып оқу.
Қозыкүреңге байланысты Төреқұл әңгімесін мазмұндау.
Әңгімедегі Қозыкүреңнің өзін – өзі жаратып, дайындалуын тауып оқу.
Саяқбайдың Қозыкүреңге сүйіспеншілігін мазмұндау.
Әңгімеде портреттік суреттемелер бар ма? Мысал келтір.
Әңгімеден теңеу сөздерді табу.
VІІІ.Сабақты қорыту.
Оқушылардың өзара ой бөлісуіне уақыт беремін.
Бағалау:
Оқушыларды сабаққа қатысуы мен біліміне, тақырыпты меңгеруіне және сөйлеу тіліне қарап бағалаймын.
(Белсенді тақта арқылы ұпай сандарын оқушылар өздері де есептеп отырғандықтан бағалау өте әділ өтеді.)
Үй тапсырмасын беру:
1. Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы туралы оқып келу.
2. «Бәріміз де туыспыз» деген тақырыпта шағын шығарма жазу.
- [bws_related_posts]
Қабдеш Жұмаділовпен кездесу өткізсем деп едім калай ол кісімен танысуға болады. Сіздерде телефоны бар ма?
мына телефонға хабарласыңыздар. 87078109571